Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
С.Оспанов "Күн" жаттау
  • 17.03.2016
  • 2791 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18015

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: С.Оспанов «Күн» жаттау
Мақсаты: Тақпақты мәнерлеп жаттқа айта білуге үйрету.
Міндеті: а) күн туралы түсініктерін жетілдіру; есту мүшелері арқылы балаларды байқампаздыққа, уақыт мезгілін атауға үйрету.
ә) сөздік қорларын кеңейту. қиялын, саусақ маторикасын дамыту.
б) мейірімділіккке табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсәл: әңгімелеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, тірек-сызба, ойындар арқылы меңгерту.
Қажетті құралдар: Күн, суретті жұмбақ, ермексаз, күн суретті парақтар, күн шуақтары, тары, мезгіл суреттері, конверт т.б

Кезең Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивация

Ұйымдастыру
Кезеңі

Негізгі бөлім

Сергіту сәті

Тіл ұстарту.

Тақпақты мәнерлеп оқып беру

Сөздік жұмыс

Тақпақ жаттау

ІІ топ
Саусақ моторикасымен жұмыс

Ойын

Біз не үйрендік? Балалар, бүгін біз күнге қонаққа баратын болдық. Сендерді «Күн» қонаққа шақырып жатыр. Күнге қонаққа барамыз ба?
Балалар, қараңдаршы мына жерде конверт жатыр. Ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Көрдіңдер ме балалар, конверттің ішінде күннің шуақтары бар екен. Олар екі түсті.Ақ сары және тоқ сары. Кім ақ сары түсті алса ол өнер орталығына ал кім тоқ сары түсті алды олар театр бұрышына барып отырыңдар.
Өнер орталығындағы балалар «күннің көзінің достарын» мүсіндейді.
Балалар. Бүгінгі сабағымызда «Күн» туралы тақпақ жаттаймыз.
Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады
(Күн)
Бүгінгі күн қандай?
Күн қандай пішінге ұқсайды?
Күннің көзі жарқырап шыққан кезде табиғат құлпырып. гүлдер. шөптер құстар, жануарлар, адамдар өздерін қуанышты сезінеді.
Күн бізге, жерге жылуын, сәулесін шашып тұрады.
«Күн ұйықтайды»
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды,
Бұлт түнерді.
Күн ашылды.

Үн-үн-үн - Алтын күн!
Ақ-ақ-ақ - Шуақ.
Тар-тар-тар – шуақтар.
Тық-тық-тық – ыстық.
Алтын күн, шуақты және ыстық деген жай сөйлем шықты.

Мақсаты: Мағынасы кең сөздерді түсіндіру
Кең – үлен, шексіз алы деген мағынада болса, тұрағы – орны деген, шомылады, ойнайды дегендер – ауыспалы мағыналы сөздер.

Кең аспан ғой, Ай Күннің
Қашаннан –ақ тұрағы.
Кейде сол Күн Айгүлдің
Көзінде де тұрады.

Кейде кіріп бөлмеме,
Ол ойнайды айнада
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да.

Мақсаты: Саусақ маторикасын дамыту.
Балалар сендер мына қораптағы тарыдан саусақтарыңмен күннің көзі мен шуақтарын жасайсыңдар.

Мақсаты: Мезгіл кезеңдерін ретімен айта білуге үйрету.
«Ізде, табасың» ойыны.
Балалар, ойынға уақыт бейнеленген суреттер беріледі. Сендер Суретті мұқият қарап шығып, рет-ретімен қойып шығасыңдар.
«Күн» туралы тақпақ жаттадық. Күн - анамыз сияқты мейірімді екенін де білдік. Олай болса, жалпы табиғатқа ыстық ықыластарымызды білдірейік.
-Армысыз қайырымды Аспан-Ата!
-Армысыз мейірімді Жер – Ана!
-Армысыз, шұғылалы Алтын күн!


Иә, барамыз.

Балалар барып орындарына отырады.
Өнер орталығындағы балалар «күннің көзінің достарын» мүсіндеп отырады.

Балалар жұмбақты шешеді.

Жылы.
Дөңгелек. үлкен, сары.

Ұйықтағандай отырады.
Қолдарын созып орындарынан тұрады.
Гуілдеп ырғалады.
Тырс-тырс дыбыс шығарады.
Қабақтарын түйеді.
Күліп қуанады.
Үн-үн-үн - Алтын күн!
Ақ-ақ-ақ - Шуақ.
Тар-тар-тар – шуақтар.
Тық-тық-тық – ыстық.

Кең аспан ғой, Ай Күннің
Қашаннан –ақ тұрағы.
Кейде сол Күн Айгүлдің
Көзінде де тұрады.

Кейде кіріп бөлмеме,
Ол ойнайды айнада
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да.

Балалар қораптағы тарыдан күн мен оның шуақтарын жасады.

Балалар суретті мұқият қарап шығып мезгілдерді рет-ретімен қойып шықты.

«Күн» туралы тақпақ жаттадық. Ойын ойнап, күннің шуақтарын салдық. Мезгілдерді атап, ретімен қойдық.

-Армысыз қайырымды Аспан-Ата!
-Армысыз мейірімді Жер – Ана!
-Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Ақтоғай ауданы, "Айгөлек" балабақшасы

Ашық сабақ
Тақырыбы: С.Оспанов «Күн» жаттау.

Дайындаған:Құтыбаева А.Т.
ІІ сәбилер тобының тәрбиешісі




2015 оқу жылы

Күн

Кең аспан ғой, Ай Күннің
Қашаннан –ақ тұрағы.
Кейде сол Күн Айгүлдің
Көзінде де тұрады.

Кейде кіріп бөлмеме,
Ол ойнайды айнада
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да. Тәрбие.орг сайтынан С.Оспанов "Күн" жаттау Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құтыбаева Алия Төлегенқызы

СҚ Павлодар облысы. Ақтоғай ауданы "Айгөлек" балабақшасы Балабақша тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 2791 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar