Саяхатқа шығайықшы бәріміз!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 438
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22831


Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Саяхатқа шығайықшы бәріміз!
Мақсаты: балаларды тұру, кедір-бұдыр жолмен және гимнастикалық орындықпен жүруді үйрену;
Құрсаудан еңбектеп өтуге; көзбен өлшеуді және тепе-теңдікті ақтауға үйрету;
Белгі бойынша әрекет жасауды дамыту;
Өз бетінше орындауға және батыл болуға тәрбиелеу;
Көрнекілік: Слайд
Құрал-жабдықтар: кедір-бұдыр жол, гимнастикалық орындық, құрсау.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Құстардың дауыстары. Осы кезде қарлығаш ұшып келеді. Балалармен амандасады.
Қарлығаш: Балалар, мен сендерді орманға саяхатқа шақырамын. Ал мен сендер адасып кетпес үшін сендерге жол көрсетіп барамын. Жолға шықпас бұрын денемізді шынықтырып алайық.
Шыршамен жаттығу. (видеобейне шырша жаттығуы).
Қарлығаш: Жарайсындар балалар. Енді орманға бару үшін мен сендерді өзімнің сиқырлы қанатымен сиқырлаймын. Қазір сендер көздерінді жұмасыңдар мен аш дегенде көздеріңді ашасыңдар. ( Сиқырлау сәті).
Қарлығаш: балалар қараңдаршы біз орманға келдік, орманда бізді көптеген кедергілер күтіп тұр. Сол кедергілерден бәріміз бірге өтеміз бе?
Балалар: Иә.
Қарлығаш: балалар мынау біздің бірінші кедергіміз кедір-бұдыр жол, тасты жол, және шөпті жол. Қәнеки өтейікші балалар. Кедір-бұдыр жол, тасты жол, шөпті жол. Жарайсыңдар балалар тапсырманы жақсы орындадындар.
Қарлығаш: Балалар тыңдандаршы бұл ненің дауысы екен? (Балалардың жауабы) Дұрыс атасыңдар бұл судың дауысы. Біздің алдымызда өзен оны өту үшін біз ненің үстімен өтуіміз керек?
Балалар: Көпірдің үстімен.
Қарлығаш: Дұрыс айтасыңдар балалар! Қәнеки, балалар бірінші мен көпірдің үстімен өтейін, ал сендер мұқият қараңдар содан кейін сендер өтесіңдер.
(Көпірдің үстімен өту).
Қарлығаш: Жарайсыңдар балалар! Бәріміз көпірден жақсы өттік. Ал балалар саяхатымызды жалғастырайық. Балалар сендер не көріп тұрсыңдар? Бұл балалар аюдың үйі. Біздер сендермен осы үйден өту үшін енбектеп өтуіміз керек. (Доғалардың астынан енбектеп өту).
Қәне балалар саяхатымызды жалғастырайық! Балалар қараңдаршы қандай таза ауа, біз сендермен қайда келдік қалай ойлайсыңдар? Дұрыс балалар біздер сендермен баубақшаға келдік. Ал балалар қәнеки біздер сендермен баубақшаның таза ауамен дем алайық. ( Тыныс алу жаттығуы).
Балалар қарандаршы алма ағашынан алмалары түсіп қалыпты біздер оларды тез-тез себетімізге жинап алайық. (Балалар алмаларды себетке жинайды). Жарайсыңдар балалар, ал енді біздердің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді. Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы қанатымен сиқырлап балабақшаларына алып келемін, сол үшін сендер көздеріңді жумындар. (Сиқырлау сәті).
Қарлығаш: балалар мінеки біздер сендермен балабақшаға да келдік.
Қортындылау: Балалар біздер сендермен қайда бардық? (Орманға). Дұрыс айтасындар орманға, ал нелерден өттік? (көпірден, жолдардан). Дұрыс жолдардан ал не жинадық? (Алма). Жарайсыңдар алма жинадық сол алмаларды мен сендерге сыйлаймын, алмаларды жуып жеңдер. Қош сау болыңдар балалар!!!

№10 «Еркемай» балабақшасы

Тақырыбы: Саяхатқа шығайықшы бәріміз!
(АШЫҚ Ұ.О.І.)

Тәрбиеші: Тілепбаева Сәуле Жанзадақызы

Қаратоғай ауылы Тәрбие.орг сайтынан Саяхатқа шығайықшы бәріміз! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тілепбаева Сәуле Жанзадақызы

Пікірлер: 0

avatar