Санта Клаусты ұстап алу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 349
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20929


Санта Клаусты ұстап алу.
Жүргізуші:
Құрметті ата – аналар, қонақтар келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық тілейміз. Отбасында бақытты, еңбекте жемісті болыңыздар! Еліміз тыныш,аспанымыз ашық болсын !
Жаңа жылда, жаңа бақыт, тыныштық,
Жаса, жаса, достық бірлік туыстық!
Құттықтайық, жаңа жылда өнермен.
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Ән: «Жаңа жыл!»
Тақпақтар:
Армысыңдар халайық
Бармысыңдар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық! Іңкәр

Жаңа жыл келді жаңа күн
Көгіне тағы шықты өрлеп Терезелерге қадалып
Сары аяз салған бітті өрнек. Адият

Жүргізуші: Балалар, меніңше, үлкен біреу келе жатқан сияқты, қане тығылып қалып, оны көрейік. (балалар тығылады)
Санта Клаус кіреді.
Санта Клаус: Эльфтар қайда, мен оларды көре алмай тұрмын. Жаңа жыл жақындап қалды , тездетуіміз керек.
Музыка әуенінде эльфтар кіреді.
Би: «Эльфтар биін билейді».
1 Эльф:Исламбек:Санта Клаус, эльфтар сіздің қарамағыңызда.
Сант Клаус: Күн батареясын қосыңдар!
2 Эльф: Данияр:(Айна сияқты шарды қосыңдар)Күн батареясы қосылды!
Санта Клаус: Солтүстік шұғыладағы ең басты генераторды қосыңдар.
3 Эльф:Муслим: Ең басты генератор қосылды!
Би: «Солтүстік шұғыла биін билейді » Валерия .София.Марина .Аида.Мерей Каусар.Назгүл
Санта Клаус: Тамаша! Ал енді сыйлықтарды артуға кірісейік.
Ойын ойнатылады: «Кім сыйлықты тез салады?»
Санта Клаус: Бүгін Жаңа жылдық түн бізге абай болу керек.
Эльфтар: Неге Санта?
Санта Клаус: Бүгін дәл сол түн, мұзды комета Ля Аяздың жүз жылда бір рет жерге қатты жақындайды , ол барлығын қатырып тастайды.

Тақпақтар:
Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ата келеді
Жаңа жылда сәбилерге
Сыйлық әкеп береді!
Кел, келе бер, келе бер,
Аяз атамыз! Аяз атамыз!
Көп болсын мерекелер,
Көп қызыққа батамыз! Диас

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса. Нұртөре.

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын. Искандер

Сымбат түрін сақтайды
Жолда, тауда тұрса да
Аязың да батпайды,
Мынау жасыл шыршаға
Безеніпті шырша да
Әр түрлі алқа таққандай
Көз тартатын ортада
Ойыншықтары көп қандай. Назгүл

Ән: «Біз сізді ұзақ күттік»
Ойын: «Шыршаны әшекейлеу» (ата анамен)
Кетеді. Сурет ауысады. Мұзды комета ғаламшарында Ля Аяз галаграманы жарқыратады. Аққалалар пайда болады.
Ля Аяз: (Оянады). Мен қалай көп ұйықтадым...
Аққалалар: Сіз 100 жыл ұйықтадыныз! (Олардың мұрындары қағаздан жасалынған).
Ля Аяз: Біздің қандай жоспарларымыз болып еді?
1 Аққала:Расул:Біз күнді жүйесін жаулап алып, қатырып тастамақшы болдық.
Ля Аяз: Неге екенін білмеймін менің көңіл – күйім болмай тұр. Тағы не?
3 Аққала:Дамир:Тағы да жерде Жаңа жыл!
Ля Аяз: Жаңа жыл!(қуанып )Ал сендер оның не екенің білесіңдерме?
2 Аққала:Інкар: Жүннен тоқылған шұлықты жеткізу керек пе?
3 Аққала:Дамир: Қыс, қалың бас киім мен қолғап кию керек пе?.
1 Аққала:Расул: Адам сенгісіз, біз бір қардан жасағанбызба?, Санта Клаусты ұстап алуымыз керек!
Ля Аяз: Осы жолы біз оны ұстаймыз!
2 Аққала: Інкар:Менің бір орынсыз сұрақ қойғым келіп тұр.
Аққалалар:Оданда үндеме!
2 Аққала:Інкар: Санта Клаусқа қояр қарсы қандай кінәміз бар?
Ля Аяз: Ал мен сендерге түсіңдірмедім бе? Санта мені ешқашан ойлаған емес, маған сыйлықтар берген емес, меннің Сантаға қарсы шағымға толы тізімім бар.
Аққалалар: Ал біз қалай ұстаймыз?
Ля Аяз: Ол балаларға сыйлық апара жатқанда, біз қатты лазер жарығымен құлатамыз.
Өлең айтып кетеді, басқа сурет ауысады.
Ойын : «Пимамен жарысу»
Жалпы жұппен би:
Санта Клаус: Сонымен сыйлықтар салынды, еліктерді әкеліңдер.
Санта Клаус: Қазір біз менің шанама бірінші болып тұратын күшті елікті таңдаймыз.
Эльфтар: Балалар бәрі:Қалай?
Санта Клаус: Жарыс өткіземіз, шанадағы сыйлықтарды кім бірінші болып әкеледі, сол болады. (6 елік екі-екіден жарысады сосын мықтыны таңдайды)
Ойын: Сыйлықты кім бірінші әкеледі?
Санта Клаус: Рудольф жарайсың сен ең жылдам екенсің, сондықтан сен шанамды басқарасың. Кане, еліктер сапқа тұрыңдар.
«Еліктер биін» билейді. Биден кейін Санта Клаус: сыйлықтар салынған шанаға отырып кетеді.
Жүргізуші: Балалар, Санта Клаусқа қауіп төніп тұрғанын алдын ала ескертуіміз керек.
Балалар: Ұялы телефонмен хабарласып көрейік.
Хабарласады: Дыбыс естіледі.
Жүргізуші: Санта Клаус сізге шабуыл жасамақшы.
Санта Клаус: (дауыс) Не болды? (шығады) Маған Ля Аяз шабуыл жасады! Ол қайда?
Ля Аяз Аққалаларымен шығады.
Ля Аяз: Ааа, қолға түстіңбе С.К, ақыры сені ұстадым ғой.
Жүргізуші: Балалар, Санта Клаусқа көметесуіміз керек. Ля Аяз Санта Клаусқа жақындай алмау үшін оны қоршап алайық..
Балалар Санта Клаус: қоршап алады.
Ля Аяз: Ха – ха – ха. Мен қазір сендердің барлықтарыңды қатырып тастаймын.(Бір уыс қар тастайды.)
Жүргізуші: Балалар, қарды алып Ля Аязға лақтырыңдар.
Ойын: «Қар лақтыру»
Санта Клаус: Тоқтаңдар ,балалар, қойындар!
Ля Аяз: Маған Санта Клаусты беріңдер. Менің оған қояр бірнеше шағымдарым бар.
Балалар: Қандай шағымдар?
Ля Аяз: Санта мені ешқашан ойлаған емес, маған Жаңа жылда сыйлықта сыйлаған емес.
Санта Клаус: Тоқта Ля Аяз, мен Жаңа жылда сен не қалағаныңды білемін, жақында мен шананың орындығының астында қалып қойған сыйлықты тауып алдым.(кетіп қалып, сыйлықты алып келеді).
Аққалалар: Сен бір ғана сыйлық үшін бізден бөлініп кетпекшімісің?
Ля Аяз: Тоқтаңдар,мен Сантадан әрқашан сыйлық алғым келген шығар...
1Аққала:Расул:Бастық, бәрі сонда сіз бір рет сыйлық алмағаныңыз үшін бе ?
2Аққала:Інкар:Сіз жауызсыз, жауызға тән қасиетте болуыңыз керек.
3Аққала:Дамир:Ал бұл тізіміңіз ше?
Ля Аяз: Тізім маңызды ғой, шынымды айтсам сол тізімнің ішінде «Сыйлық» деген бөлімі маңызды.
Санта Клаус: Саған сыйлық керек пе, әлде жоқпа?
Ля Аяз: Әрине, берсеңізші!(С.К қораптағы үлкен сыйлықты береді) Қазір ашып көрсем болама?
Бәрі: Әрине! (Ля.Аяз сыйлығын ашады ішінде аю)
Ля Аяз: Ой,тура мен қалағандай(жылайды)
Санта Клаус: аққалаларға) Менің сендерге де сыйлығым бар.
Аққалалар: Сыйлықпен бізді сатып алмайсың!... (артқа бұрылып, қайтадан тез кері бұрылады.) Ал онда не бар?
Санта Клаус: Оларға сәбіз береді.
Аққалар: Алақай енді біз демалатын болдық ( сәбізден мұрындарын қояды). Не айтарымызды білмейміз?
Ля Аяз: Бәріміздің атымыздан мен рахмет айтайын- Санта рахмет! Егер біз қателік жіберсек, бізді кешіріңіз!
Санта Клаус: Әрине, кешіремін, бірақ мына жерді жинастырайық, балалардың мерекесі ғой.
Аққалалар: Иә, жинастырайық!
Ойын: «Қарды жинау»
Ля Аяз: Санта, сізге тағыда рахмет! Бізге кету керек!
Санта Клаус: Жарайды келесі Жаңа жылда кездескенше!(Ля Аязға айтады)
Санта Клаус: Ля Аяз өзіне көңіл аударғысы келген ғой. Балалар маған көмектескендеріңе рахмет, енді көңіл көтерейік.
Ән: «Шырша жыры»
Тақпақтар:
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды. Арсен

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына. Абильмансур

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп Жәмиля

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды. Айнур

Жаңа жылға дайындалам тым ерте
Көңіліме сан қуаныш ұялап
Ата – анама болмасам да, тым ерке
Олар менің талабыма тиянақ. Марина

Санта Клаус: Балалар қандай көңілді мереке, зұлымдар сыйлық алды, ал кейіпкерлералған жоқ ,сондықтан( фанфар әуені) еліктер,Балаларға сыйлықтарды әкеліңдер!
Еліктер сыйлықтарды әкеледі, Санта Клаус сыйлықтарды таратады,қоштасып, шанасына отырып, еліктермен ұшып кетеді.
Жүргізуші: Балақайлар, сендерге бүгінгі Жаңа жылдық мерекеміз ұнадыма?
Балалар : Ия
Жүргізуші: Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Бүгінгі біздің мерекеміз аяқталды! Тәрбие.орг сайтынан Санта Клаусты ұстап алу Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касенбекова Жулдыз Сериковна

Пікірлер: 0

avatar