Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сау бол, сау болыңыз!
  • 06.10.2016
  • 405 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19591

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
(үлкен топта)

Білім беру саласы: "Қатынас"
Бөлімі: "Сауат ашу"
Тақырыбы: "Сау бол! Сау болыңыз"
Мақсаты: өтілген тақырыпты қайталай отырып, жаңа тақырып бойынша мәлімет беру. Қоштасу үлгілерімен жан-жақты танысу. Үлкендермен және өздері шамалас балалармен амандасу үлгілерінің ерекшеліктерін үйрету. Адамгершілікке, сыйластыққа, еңбекқорлыққа жетелеу.
Алдын – ала жұмыс: суреттермен жұмыс жасау, екі тілді өлеңді оқу.
Сөздік жұмыс: сау бол, сау болыңыз, кездескенше.
Құрал - жабдықтар: отбасы мүшелерінің суреттері, видео таспа, театр ойыншықтары, аудио таспа, "Құпия шарлар" ойынына арналған ойыншықтар.
Полилингвальный компанент: сау бол - good bay - до свидания, сау болыңыз - good bay - до свидания, семья - отбасы - family, папа - әке - father, мама - mother - ана, дедушка - ата - grandfather, бабушка - әже - grandmother.

Мативациялық-қозғушылық
Полилингвальды компонент: сау бол- до свидания - good bay,сау болыңыз-до свидания - good bay, отбасы-семья- family, әке-папа- father, ана-мама- mother, ата - дедушка- grandfather, әже - бабушка - grandmother.

1. Презентациямен жұмыс жасау. "Бүгін сабақта"
а)Тыңдаймыз
б)Көреміз
в)Сөйлеміз
г)Ән айтамыз, би билейміз және ойнаймыз.
Өтілген тақырыптар бойынша суреттер көрсетіледі. (сәлем, сәлеметсіз бе, балабақша, топ, кілем, әже, әке, ана, ата, ұл, қыз, отбасы).
(Бүлдіршіндер берілген презентацияны тамашалайды және көрсетілген суреттер бойынша хормен сөздерді айтады.)

2. "Сәлем,сәлем кокомонг" әнін айту.
(Балалар хормен ән айтады.)

Ұйымдастырушылық-ізденістік
1.Театрландырылған көрініс арқылы өлеңді оқу.
Саша вышел в шумный двор,
Видит Саша во дворе,
Сидит стареньки ата .
Сәлеметсіз бе ата?
Поздоровался не спеша.
Сәлеметсің бе балам?
Ответил дедушка любя.
Қалың қалай, жақсыма?
Бәрі жақсы, тамаша!!!!
Ответил Саша қазақша.
Әкең қайда, анаң қайда?
Спросил дедушка тогда.
Әкем үйде, анам үйде,
Ал мен шықтым ойнауға.
Айналайын, ақылдым,
Бара ғой, достарыңмен ойнай ғой!
Сау болыңыз аташым!!!!
Сказал Саша и к друзьям
Побежал он поиграть!!!!

2.Қоштасу үлгілерімен таныстыру. (Сау бол! Сау болыңыз!). Қоштасудың ерекшеліктерін үйрету. Суреттермен қоштасу.

3. Видеомен жұмыс жасау. Балаларға видео хабарлама көрсетіледі.

4. "Сиқырлы шарлар" ойыны. Үлкен бассейнге шарлар толтырылады. Әр сиқырланған шарлардың ішіне сөздер жасырылған.
Балалар шарлардың ішінен сиқырлыларын тауып, олардың ішіндегі сөздерді аударады.

Рефлекстік-түзету
1.Бүлдіршіндердің не түсінгендерін тексеру үшін, жұмыс дәптерімен жұмыс жасалады. Жұмыс дәптерінде суреттер берілген. Бұл суреттерді балалар өзара қоштастырады.
(Суреттегі берілген кейіпкерлердің бір-бірімен қалай қоштасатындарын, сәйкестендіру арқылы орындайды.)

2.Балалардың сабақтан алған әсерлерін тексеру үшін, смайлдармен жұмыс жасау. (Доп және әр-түрлі көңіл күйдегі смайлдар ұсынылады, сабақ ұнады көңілді смайлдар, сабақ ұнамады көңілсіз смайлдар.).
2. Балалар сабақтан алған әсерлерін смайлдарды допқа жабыстыру арқылы білдіреді.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білу керек: сәлемдесу мен қоштасу үлгілерін, отбасы мүшелерінің атауларын, үлкенднрмен және өзі шамалас достарымен амандасу, қоштасу үлгілерінің айырмашылығын.
Болу керек: сөздік қорлары қазақша амандасу үлгілерімен толықтырыла түседі. Балалар қоштасу үлгілерінің айырмашылықтарын түсінеді.
Үйрену керек: күнделікті өмірде амандасу, қоштасу үлгілерін қолдану. Тәрбие.орг сайтынан Сау бол, сау болыңыз! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ченваева Зарина Қайратовна

ШҚО Зырян қаласы "Золотой ключик" балабақшасы қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 405 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar