Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сауықтыру іс шарасы "Дені саудың-жаны сау"
  • 18.05.2016
  • 2286 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19042

Дені саудың - жаны сау
(спорттық - ойын сауық)

Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Берілген жан - жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, , жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, Дене мүшелеріне массаж жасату. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар: гимнастикалық төсеніштер, түрлі - түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, гимнастикалық доптар, ақ қағаз, фломастер

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» атты мерекелік іс шараға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың - жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді. Шеңбер құрып тұра қалады.


ЖЫЛУЛЫҚ ШЕҢБЕРІ
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жылынган жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық

Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!
- Ал балалар қолдарынды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру
Жүру түрлерін аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, қаздарша, жай жүру, жүгіру.
Жүріп келе жатып 3 қатарға бөліну.

1). Басқа
Тік тұру, қол желкеде, басты 1 - ші оңға, 2 - ші бастапқы қалыпқа келу, 3 - ші солға,
2) Тілге
1. Ауызды ашып, тілді шығару.
3). Мойынға
Тік тұрып, қол белде, мойынды оңнан солға қарай айналдыру.(4 рет)
4). Қолға
Тік тұру, қол төменде, аяқ қосулы.
1. Қолды алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Қайта алға созу.
5). Отыру, аяқты қосу.
Қол тізе үстінде.
1. Қолды аяқ ұшына тигізу.
2. Қайтадан тигізу.
6) Демалу жаттығуы.

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Жүргізуші: - Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
Балалар: - Денсаулыққа.

Жүргізуші: - Дені сау адам - бақытты адам.
- олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
- Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.

Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Доп.
Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. Дені саудың- жаны сау.

Тәрбиеші:. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек. Ал сендер күн тәртібін сақтайсындар ма?
Гимнастика биі ( қыздар биі)



Ал енді біз көм қимыл-қозғалыстар жасадық
Енді Партаға отырып жайғасайық алдарымызда не көріп тұрсыңдар?
Қағаз және фломастер
Ал енді мына плакатта дене шынықтыру құралдарының суреттері салынған бірақ 1-2 құрал ғана бар екен. Қалғандары қайда екен? Ал ендеше сендер балалар Дене шынықтыру сабағында Бекболат ағаймен қандай дене шынықтыру құралдарын қолданасындар? Соның суретін саламыз. Әрқайсымыз бір –бір суреттен салып мына бос орынға суретімізді жапсырамыз.
Ал енді сурет салуды бастаймыз.
Балалар суреттерді салып сол плакатқа іліп қояды.

Ал енді жалпы дамыту жаттығу: «Жалқаубек» аэробикасы
1. Б.қ. «Дымбілмес» Аяқты алшақ қойып, қолдарды белге ұстап, екі иықты кезек кезек көтеріп, түсіру.
2. Б.қ. Ат болу. Екі аяқты кезек-кезек алға созып иілу.
3. Б.қ. «Велосипед». Жатып, аяқтарын қимылдату.
4. Б.қ. «Сағат». Орнымыздан тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа созып жаттығулар жасау.
Спорт - біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт - біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған - дей отыра
Табанды шынықтыру массажы:
Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек.
Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.

Ал енді сонғы «Жүректен –жүрекке» деген жылулық шеңберін ата-аналармен өткізсек дейміз. Ата-аналарымызды ортаға шақырамыз
Ал енді ата-аналарымыз балаларына деген ең жақсы тілектерін айтып жүректерін тарту етеді.
(ата-аналар тілектері)

Балалар берілген жүректерін ортамыздағы жап-жасыл болып тұрған ағашымызға іліп қояды. Ал осы ағашымыз осы жүректерімізді мәңгі жылытып тұрады. Ал ағашымыз осылай ары-қарай гүлдене берсін.

- Жарайсыңдар балалар!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, апайлар бүгінгі сауықтыру іс-шарамыз аяқталды. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын! Тәрбие.орг сайтынан Сауықтыру іс шарасы "Дені саудың-жаны сау" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курмангалиева Сымбат Токтаровна

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Аққу ауылы "Айналайын" балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Сымбат_Курмангалиева
Көрсетілім: 2286 | Жүктеулер: 13
Барлық пікірлер: 0
avatar