Серуенге талдау. Нұрғалиева Сабина Мырзабеккызы

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 705
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 10/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18575


Серуен толығымен бағдарлама мен балалардың жас ерекшелігіне сай жүргізілді. Ол 3 бөлектен құрылған. Бақылау объекті барлық жағынан көрініп тұрды. Балалар тәрбиешіге бірнеше сұрақтар қойып, барлығына қызығушылығын арттырып, бесене қатысты. Мен сұрақтарға жауап беріп, келесі жұмыстарға көшіп отырдым. Қимылды ойындарды жыл мезгілдеріне сәйкестендірдім. Ойынды бастамас бұрын жүргізуші санамак арқылы таңдадық. Ойынның шартымен толық танысып, тәрбиешінің қимылдарын мұқият қарап, естеріне сақтап алуға тырысты. Ойын бірнеше рет қайталанды, балалар еш жалыққан емес. Саймандарды мен көрнекіліктер эстетикалық жағынан таза болды. Еңбек әрекетінде қоқыстарды жинап, тазалады. Қолдарына күректер мен шелектер үлестіріліп, қызу әрекетпен айналысты. Жаксы, ұқыпты жасаған балаларды мадақтап куанттым. Жеке жұмыс ты барлық бөбектермен өткізуге тырыстым, қастарына келіп сайманды дұрыс ұстауға баулыдым. Шапшаң баламен ақырын қозғалатын баланы бірге қойдым. Өз еркімен ойнайтын ойындар калауларымен таңдалды. Ұлдар машинамен , ал қыздар топ болып ойнады. Ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды себетке салып , ұқыпты жинауды сұрадым. Балалар тәрбиешінің артынан саппен жүріп, киімдерді қағып, себетті алып топка кетті. Тәрбие.орг сайтынан Серуенге талдау. Нұрғалиева Сабина Мырзабеккызы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұрғалиева Сабина Мырзабеккызы

Қостанай қаласы 6-шы бөбекжай-бакшасы Мектепке дейінгі тәрбие

Пікірлер: 0

avatar