Ш дыбысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 581
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 30/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21412


[c]Ересек топтарға арналған оқу қызметінің технологиялық картасы
Боранбекова Лаура Боранбекқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№60 "Тараз" балабақшасының тәрбиешісі
Білім саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Сауат ашу негіздері
Оқу қызметінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.
Оқу қызметінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Ш дыбысымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Оқу қызметінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.
Оқу қызметінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
I. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балаларға өткен оқу қызметінде танысқан дыбыстарын қайталатады.
- Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
II. Негізгі бөлім.
1. Ш дыбысымен таныстыру.
- Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?
2. Жұмбақ жасырады.
Мысалы:
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бөгенге.
(Шана)
Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
- Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

3. Сергіту сәтін өткізу.
Отырып-ақ орнымда, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егер де, Былай ескек есейін.
(Қимылмен көрсету).
Тіл ұстарту жаттығуы.
Шы-шы-шы Әкем менің аңшы.
5. Тақтамен жұмыс.
Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.

Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөз жұмбақ шешкізу.
6. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.
Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Тікен-тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
III. Қорытындылау.
- Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
- Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.
- Шана сөзінде қанша буын бар?
Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.
Соңы. Тәрбие.орг сайтынан Ш дыбысы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Боранбекова Лаура Боранбекқызы

ОҚО Шымкент қаласы №60 "Тараз" балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar