Ш әрпі және дыбысы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 499
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 15/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21027


ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып
Тәрбиеші: Актаева Жазира Мертаевна
Білім беру саласы:
«Коммуникация»
Оқу іс-әрекеті:
Сауат ашу және жазу негіздері
Күні:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:
«Ш» әрпі және дыбысы»
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Сөздегі дыбыстарды,олардың түрлерін дауысты, дауыссыз,жуан,жіңішке ажыратып дұрыс дыбыстау. Сөзді буынға бөлу,сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,жазу. Шығармашлық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- тындалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
- Сөздегі дыбыстарды,олардың түрлерін дауысты, дауыссыз ажыратады
- Ш дыбысы-дауыссыз дыбыс,ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
- суреттегі заттардың аттарын атай алады,сөздегі ш дыбысының орнын ажыратады.
Ресурстар
Әліппе-дәптер, шарлар,суреттер,АКТ

Жоспар
Іс- әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дұрыс әселі көңіл күй орнату
«Шуақ» жаттығуы
Қолымызды созайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрекке әкеп салайық
Жүректегі жылуды
Бір бірімізге сыйлайық!

Түрлі түсті шарлар арқылы топқа бөліну
Шаттық шеңберін құрып қайталап айтады
Өткенді еске түсіру.
Миға шабуыл стратегиясы
Шар лақтыру арқылы балаларға сұрақтар қояды.
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қандай дыбыстарға бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Сұрақтарға ауызша жауап береді
Негізгі бөлім
Жұмбақ: Зулап түсіп төменге
шыға алмас менсіз бөгенге.
Қане бәріміз шана деп айтайықшы. Жақсы балалар шана деген сөзде бізге қандай дыбыс таныс емес?
Ендеше бүгін біз «ш» дыбысымен танысамыз
Сөздерге дыбыстық талдау жасау: шана, аша, ағаш
- шана

шана – 4 дыбыстан тұрады, 2 дауысты,2 дауыссыз дыбысы бар.
Аша – 3 дыбыстан тұарды,2дауысты, 1 дауыссыз дыбысы бар.
Ағаш – 4 дыбыстан тұрады,2 дауысты,2 дауыссыз дыбысы бар.
Сергіту сәті
Тербелейді ағаштар
Алдымнан жел есейді
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Қимыл қозғалыспен орындайды
Дәптермен жұмыс
Ш әрпін жазу
- тақтада көрсету
- ауада жазу
- дәптерге жазу
Ш әрпін жазады
«Постер» стратегиясы
1-топ. «Ш» әрпі басында кезігетін заттардың суретін жабыстырасындар
2-топ. «Ш» әрпі ортасында кезігетін заттардың суретін жыбыстырасындар
3-топ. «Ш» әрпі аяғында кезігетін заттардың суретін жабыстырасындар
Топтар берілген тапсырмаларды орындайды
Қорытынды
1 топ – Вен диаграмма арқылы өткен сабақта танысқан «У» әрпі мен «Ш» әрпін салыстыру
2топ – Семантикалық картамен жұмыс арқылы буын,дыбыс,әріп ұғымдарын бекіту.
3топ «Ақылды доп» арқылы сұрақтарға жауап алу.
Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?Әріп туралы не білдіндер?
Сабақтан сендерге не ұнады? Не ұнаған жоқ?

Бағалау
Топтар өздерін бағалайды;басқа топтардың жұмысын бағалайды; өз-өздерін бағалайды.
Сигналды карточка Тәрбие.орг сайтынан Ш әрпі және дыбысы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Актаева Жазира Мертаевна

ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar