«Шалқан» ертегісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 131
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21596


Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Мақсаты: Балалардың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, сөйлемдегі сөздерді, сөздердегі дыбыстарды анық айту дағдыларын қалыптастыру. Балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу,достық пен сыйластыққа үйрету.
Көрнекіліктер:Адам мен аңдардың бет перделері, шалқан.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап көрініс. Сабақтың барысы:
Күтпеген сәт келеді Қуыршақ Әйгерім. Саламатсыңдар ма балалар. Балалар: Саламатсыз ба. Мен қуыршақ Әйгеріммін. Мен сендерге қонаққа келдім. -Балалар сендер ертегі білесіңдер ме? Қандай ертегі білесіңдер? -Мен сендерді ата мен әже ауылына ертегі тыңдауға алып кетуге келдім. Сендер менімен бірге барғыларын келе ме? Балалар:иә. Олай болса мына иога кілемшелерге отырып, көзімізді жұмып,ата мен әже ауылына барамыз. Музыка ойналады. Балалар біздер орман арқылы бара жатырмыз, тыныштық сақтаймыз бір-біріне кедергі жасамаймыз, сөйлеуге болмайды, біздер ата мен әжеге бара жатырмыз. Көзімізді ашамыз, біздер қайда келдік балалар? Балалар: Ата мен әже ауылына. Балалар сендер мына орындықтарға отырып тып тыныш ертегіні тамашалаңыз. Музыка жәй ойналады.
Ерте ерте ертеде Ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні атасы бақшасына шалқан егеді. Оны күнде суарып, шөбін жұлады. Сөйтіп шалқан өседі, өседі үлкен болып кетеді.
Бір күні атай шалқанды жерден суырып алмақ болады. Атасы тартады, тартады,тартадыжұлынбайды. Атасы әжейді шақырады,
Атасы: - Кемпірім, кемпірім келші маған шалқанды жұлуға көмектесші, - дейді.
Әжесі: Жарайды бара жатырмын.
Әжесі атайдан атасы шалқаннан ұстап тартады, тартады тартады тартады, тарта алмайды.Сонда әжесі немере қызын шақырады.
Әжесі Қызым,қызым кел бізге көмектесші.
Немересі: Жарайды әже бара жатырмын..
Немере қызы әжейден,әжесі атайдан,атасы шалқаннан ұстап тартады,тартады,тартадытарта алмайды. Немере қызы итін шақырады.
Немересі: - Күшігім, күшігім бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Ауп,ауп. бара жатырмын. Күшігі немере қыздан,немере қызы әжесінен,әжесі атайдан,атасы шалқаннан ұстап тартады,тартады,тартады,тартады, тарта алмайды.Күшігі мысығын шақырады.
Күшігі: Ауп,ауп - Мысығым, мысығым бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші .Мысық: мяу,мяу жарайды. Мысығы күшіктен,күшік немере қыздан, немере қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады,тартады,тартады, тартады тарта алмайды. Мысығы тышқанды шақырады.
Мысық: Мяу,мяу - Тышқан, тышқан бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші. Тышқан көмекке келеді. Тышқан: пи-пи-пи жарайды мен сендерге көмектесемін.Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немере қыздан, немересіәжесінен, әжей атайдан, атай шалқаннан. Барлығы бірігіп шалқанды ары тартады, бері тартады да шалқанды жұлып алады. Сосын әжесі шалқаннан ботқа пісіріп береді.
Балалар сіздерге ертегіні ұнады ма? Біз қандай ертегіні тамашаладық. Жарайсындар балалар, ал енді мен бәріміз бірге денелерімізді сергітіп алайық , мен балалар би билегенді жақсы көрем ,олай болса бәріміз флешмоб биін билейміз бе? Олай болса біздер орнымызға тұрамыз. ойын ойнағым Жарайсындар балалар.
Ал енді фланелеграф ойыны.
Біздер қандай ертегіні тамашаладық?
Атасы не егеді?
Атаға кім көмектеседі?
Әжесі кімді шақырады? Немере қызы кімді шақырады?
Сыйқырлы тақтамыз не айтады екен?

Жарайсындар балалар олай болса балабақшамызға қайтамыз. Сыйқырлы йога кілемшелерге отырып,ата мен әжеге сау бол деп айтамыз.
Сол кезде музыка ойналады. «Жазғы апамның ауылына барып едім қыдырып».
Көзімізді жұмып, біздер орман арқылы бара жатқанымызды ұмытып кетпендер, тыныштық сақтайық.
Жарайсындар балалар, сендер менімен бірге қайда бардыңдар? Мен сендерге сыйлығым бар, ол смайлик. Менім кететін уақытым болды сау болыңдар балалар, сау болыңдар балалар. Тәрбие.орг сайтынан «Шалқан» ертегісі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жайлыбаева Эльвира Савитовна

Пікірлер: 0

avatar