Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Шалғын
  • 10.01.2017
  • 148 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20914

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы «Мөлдір» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Калиева Камшат Садыковна

Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Сенсорика
Тақырыбы:Шалғын.
Мақсаты:Үлкен -кіші ұғымын қалыптастыру,үлгідегідей орналастыру,ертегі кейіпкерін ажырату,қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Шалғын.
Көрнекілік: үлестірмелі материалдар (шөп),ат арба,газон.
Оқу іс-әректінің барысы:
Жылулық шеңбер: Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз , Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші:Балалар тақтадағы суретке қараңдаршы.Шалғындық алқап.Бұл шөптер.Шөпті малдар жиді.Шөптің түсі жасыл болады.Осы кезде ішке лақ кіреді.
Лақ: Сәлеметсіздер ме балалар?Менің анам шалғындық алқапқа шөп жинауға кеткен еді,маған есікті жауып отыруымды,үйден шықпауымды ескертіп кетті,бірақ мен анамның соңынан еріп шығып едім адасып кеттім. Менің анамды табуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:Балалар лақтың анасын табуға көмектесіміз бе?Ендеше ат арбаға отрып,шалғындық алқапқа барып,лақтың анасын іздейік.Балалар ат арбаға отырады.Шалғындық алқапта жүрген лақтың анасы ешкіні көреді.
Ешкі:О балалар амансыңдар ма?Қай жақтан келе жатырсыңдар?Осы кезде лақ анасын көріп табысады.Лақ өзінің адасып кеткенін,балалардың көмектескендерін айтады.Балалар манадан шаршаған шығарсыңдар,таза ауада көк шалғынның үстінде мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр,көңілдерің көтерейін.
Қимылды ойын: «Орнын тап»
Ойынның шарты: Балалардың қолындағы үлестірмелі материалды тақтадағы үлкен-кіші шөптерге орналастыру.
Ешкі: Жарайсыңдар балалар! Менің адасқан лағымды табыстырғандарыңа көп- көп рахмет.Біз шалғынымды арқалап уйімізге қайтайық.Сендер ақылды бала екенсіңдер.Сау болыңыздар.
Тәрбиеші: Балалар ат арбаға отырып тобымызға қайтатын уақыт келді. Балалар ат арбаға отырып топқа келеді.
Балалар кәнекей шарашаған боларсыңдар.Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Жап-жасыл алаңға, Барамыз біз ойнауға, Көңілді ойнайық, Шалғынды жинайық
Қорытынды:Балалар осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде біз лаққа көмектестік,шалғындық алқапта ешкімен бірге ойын ойнадық.Жарайсыңдар балалар!Сендер ақылдысыңдар.Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде аяқталды.Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Шалғын Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калиева Камшат Садыковна

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Саға ауылы "Мөлдір" балабақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 148 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar