Шынықсан шымыр боласың!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 872
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 10/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19972


«Шынықсаң -шымыр боларсың»
Мақсаты:
Балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту.
Көрнекі құралдары: Доп, кегли, құрсаулар, шар, құм салынған қапшық, себет көрнекілікке алынады.
Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.
(Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық,
Бірінен –бірі туады
Жоғалар сүйтіп адамдық
Еріншек таза жүре алмас,
Кір қолында жуа алмас.
Қарекет жоқ, ғалым жоқ
Өз бойынан ұялмас- деп

Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі «Шынықсаң –шымыр боларсың» -деп аталатын эстафеталық жарысымызды бастаймыз.
Әділқазылар алқасын сайлау
Балабақша әдіскері Омарова Р.Б
Балабақша дәрігері Қалымбетова О.Т
«Ботагөз» тобының тәрбиешісі Танеева А.Т

I. Жан-жақты дамыту жаттығулар
Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру,
Мұнан соң балалар шеңбер жасап тұрып негізгі жаттығуларды жасайды.
Негізгі жаттығулар
1.Басқа, иыққа, қолға, белге, тізеге, аяқтың басына.
2.Доппен жаттығу.
3.Секіру
4.Шеңбер жасап жай жүру
5.Екі қатарға бөліну

Жүргізуші: Келіңіздер,келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер,
Күш сынасар алыптар-дей отырып эстафеталық жарысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

1.Жалау алып жүгіру
2.Құм салынған қапшықты себетке лақтыру
3.Кім жылдам
4.Шар жару.
5.Қимылды ойын «Тышқан мен мысық»
Жүргізуші: Топты жарған түлектерміз
Жаралдық ақ тілектен біз.
Сұңқар-қанат,
Тұлпар-тұяқ түлектерміз,-деп Тұлпар» «Қыран», топтарымен таныс болыңыздар.
«Тұлпар» тобы «Қыран» тобы
Біз тұлпармыз Біз сұңқармыз
Желменен жарысқан Көкте самғаймыз
Төрт тұяғын тең басқан Қанатымыз талмай

1. Аманұлы Нүргелді
2. Есентай Медина
3. Мадияр Мирас
4. Сәлібек Айару
5. Үсен Айзере
6. Елғонды Іңкәр
7. Төрехан Нұрасыл
8. Жұмабек Заңғар

Жарыс соңында тыныс алу жаттығулары орындалады.
III.Тыныс алу жаттығуы
Жүгірдің де қарғыдың,
Жарадыңдар барлығың.
Шаршамаңдар дегенмен
Тыныстаңдар тереңнен

Қане, «Ү-п!» -деп айтайық
Демді ішке тартайық.
Енді «Ү-һ..» деп айтайық
Демді шығар қайтарып

Босаңсытып денеңді,
Бей жай күйге ен енді
Басты көтер тік ұста
Емін еркін тыныста.

Бәрекелді балалар
Бәрекелді алтындар.
Әділқазылар алқасы жарыс соңында «Тұлпар», «Қыран»тобының жинаған ұпай сандарын айтып марапатталды. Тәрбие.орг сайтынан Шынықсан шымыр боласың! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сагинаева Эльмира Жанабековна

ОҚО Созақ ауданы Таукент кенті "Таукент гүлдері" бөбекжай - балабақшасы МКҚК тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar