Шыршалар мен саңырауқұлақтар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2358
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18130


Білім беру саласы: Таным қатынас
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: “Шыршалар мен саңырауқұлақтар”
Мақсаты: Балалар назарын түстің әртүрлі заттарды бейнелеу үшін қолдануы мұмкін екеніне аудару: Түстері бойынша нысандарды алмастыруды уйрету, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шырша, саңырауқұлақ суреттері
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: Шырша
Билингвальды компанент: Шырша-елка
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қызығушылық

-Ұйымдастырушылық ізденістік

Рефлексиялық түзетушілік

Шаттық шеңбері.
Үлкен шеңбер құрайық
Күнге қолды созайық
Күлімдесін күнде
Күлімдейік бізде.

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болып тұр. Тобымызға қонаққа апайлар келіпті.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ.
Тікен, тікен тік пісте
Қысы жазы бір түсте
Ол не балалар?

Киген қалпағы аппақ
Өзіне шап-шақ
Ол не балалар?

1.Суретпен жұмыс.

-Балалар мына суретке қараңдаршы. Не көріп отырсыңдар?
-Ия балалар шыршы орманда өседі. Біз қандай мерекеде шыршаны пайдаланамыз.
-Ия балалар жаңа жыл мерекесінде шыршаны айналып ән саламыз.
Тәрбиеші:
Ортада сұлу шырша тұр
Бөленіп түрлі шыраққа
Айтыңдаршы балалар
Сендерге шырша ұнай ма?
-Балалар шыршаның түсі қандай?

Блингвальды компанент:
Шырша-елка

-Ал мына суретке қараңдаршы, бұл ненің суреті?
-Саңырауқұлақ ылғалды жерде өсетін қалпақ тәрізді қалқаны бар гүлдемейтін өсімдік.
-Балалар, саңырауқұлақ таулы орманды жерлерде өседі.
-Саңырауқұлақ қайда өседі екен?
Оның түрі өте көп.
-Саңырауқұлақтың түсі қандай?
Қалпағы неге ұқсайды?
Соның ішінде біз қызыл саңырауқұлақпен танысып отырмыз. Оның сабағы қандай екен?

Сергіту сәті.
Салтанатты шыршалар
Тура қалды бір қатар
Әрбір шырша артына
Қызыл саңырауқұлақ тұра қал.

Ғажайып сәт.
Саңырауқұлақ:
-Саламатсыңдар ма
балалар.
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Саңырауқұлақ біздің балалар сен жайында біліп танысып жатыр еді, келгенің жақсы болды ғой. Қайдан жүрсің?
Саңырауқұлақ:
-Мен жай жүрген жоқпын, мен досым шыршаның көптеген сабақтарын жоғалтып соны іздеп жүрмін. -Сендер көрдіңдер ме?
Тәрбиеші:
-Балалар саңырауқұлаққа шырша досының сабағын табуға көмектесесіңдер ме?
-Олай болса бәріміз бірге көмек берейік.
Жарайсыңдар, балалар шыршамыз керемет болды.
Тәрбиеші:
-Саңырауқұлақтын бізбен ойнағысы келіп тұр екен, ойнаймыз ба балалар?

«Түсін тап» Д.О.

Саңырауқұлақ:
-Ой,рахмет сендерге балалар,көңілім көтеріліп сендермен ойнадым және менің досымның сабағын тауып бердіңдер. Мен қайтайын.
-Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші:
-Саңырауқұлақ мына шыршаны өзіңе сыйға тартамыз.
Саңырауқұлақ:
-Рахмет балалар.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
-Балалар шырша қайда өседі?

-Түсі қандай?
-Саңырауқұлақ қайда өседі екен?
-Оның түсі қандай екен?
Жарайсыңдар, балалар!

Балалар шеңберге тұрып,қимылмен жасайды

-шырша

-саңырауқұлақ

-шырша

-жаңа жыл мерекесінде

-Ия

-Жасыл

-Саңырауқұлақтың

-Таулы, орманды жерлерде.

-Қызыл
-Дөңгелекке

-Сопақша

-Саламатсыз ба!

-Саңырауқұлақ

-Ия

Балалар қызыға ойнайды.

-Ия

-Сау болыңыз саңырауқұлақ.

-Ия
-Таулы аймақтарда,
орманда.
-жасыл

-Тауда. орманда
-қызыл

Күтілетін нәтижелер.
Жасайды: Логикалық қатармен түстері бойынша заттарды кезектестіріп қояды
Түсінеді: Саңырауқұлақтар мен шыршалар туралы түсті ұғады.
Қолданады: Түстің әртүрлі заттарды бейнелеу үшін қолданылатыны. Тәрбие.орг сайтынан Шыршалар мен саңырауқұлақтар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оңалбаева Ақнұр

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті «Таукент гүлдері» балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar