Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Сиқырланған күз мезгілі»
  • 24.04.2016
  • 514 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18809

№31 «Күншуақ» МДҰ



Ашық сабақ
«Сиқырланған күз мезгілі»

«Нұршуақ» ортаңғы топ


Дайындаған психолог: Умирбаева Г.С.
Өткізілген уақыты: 29.10.2015 ж

2015 -2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Сиқырланған күз мезгілі»
Мақсаты: Танымдылық психикалық процестерді қабылдау, есте сақтау, зейін, қиял, шығармашылық және логикалық, байланысты сөйлеуді, сөздік қорды, сезімталдық қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Балаларды белсенді әрекетке тарту.
Жабдықтар мен материалдар: Құмсалғыш ағаш қорап, «құм тақтайшасы» іші сырты ақ түске боялған, қораптың ішкі жағына шам орнатылған, оның үстінгі қабаты айнекпен жабдықталған, түрлі – түсті құрғақ құм (жапырақ, жемістер, саңырауқұлақтар) ойыншық – құм ханзадасы музыкалық сүйелдеме.
Сабақ барысы:
Құстар мен күнге қайырлы таң! Күлімдеген жүздерге қайырлы таң!
Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Мен өзімнің жылуымның бір бөлігін сендерге бергім келеді. Кәнекей, қол ұстасайық. Сендер менің жылуымды сездіңдер ме? (балалардың жауаптары)
Ал енді бір – бірімізге күлімдейік, сонда біздің көңіл – күйіміз одан сайын жақсара түседі.
Балалар, бүгін біз тек сөзбен емес, қимылмен де амандасайық.
Қол - қолмен. Мұрын - мұрынмен. Маңдай - маңдаймен. Шынтақ - шынтақпен.
Тізе - тіземен. Балалар бір – бірімен шеңберде тұрып амандасады.
Балалар матамен жабылған құм тақтайшасының айналасындағы орындықтарға шеңбер бойынша отырады.
Психолог: Бүгін маған Сиқырлы ғажайып құм елінен Құм ханзадасы хат жазып жіберген. Ол міне, мен қазір оны оқимын.
Психолог: жеделхатты оқиды. «Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! Тезірек, тезірек мені өздеріңе шақырыңдар! Құм ханзадасы.
Бұл қандай қызық жеделхат. Біз енді не істейміз? (Балалардың жауаптары).
Біз қазір Құм ханзадасын өзімізге шақырып болған жағдайдың бәрін өзінен біліп сұрап аламыз.
Сиқырлы ғажайып құм елінің салт жоралғысы.
Сиқырлы ғажайып құм еліне бару үшін құмсалғышты айнала тұрып, қол ұстасуымыз керек. Алақандарыңды төмен қаратып, құмсалғыштың үстіне қолдарыңды созыңдар. Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайталаңдар.
Біз кішкентай балдармыз.
Мейірім мен махаббат,
Тауып алар шамамыз.
Қатыгездік, зұлымды,
Жеңу үшін барамыз.
Бәрін білу, біле білсең, ол тым аз
Болу керек пысық әрі белсенді,
Ержүрек, күшті, мейірімді,
Сонымен бірге,
Болу керек зейінді!
Алақанымызды бағдарлап
Тауып алып мейіріммен мақабат
Құм ханзадасы кел енді,
Тұрмыз күтіп біз енді.
Музыка ойнайды. Психолог қолына қуыршақ құм ханзадасын қолға алады.
Көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, бізге кім келді? (Балалардың жауаптары).
Ал енді Сиқырлы ғажайып құм елінің ережесін қайталап айтып көрейік.
Бұл жерде ұрысып керісуге болмайды!
Құмды рұқсатсыз алып шашуға болмайды!
Достарымен ақылдасып,
Пікір айтып, жасасуға бірақ болады.

Алған істі мұхият
Шын көңілмен атқарамыз.
Тау, өзендер, теңіздер.
Өмір болсын айнала!
Ешкімді де ренжетпе,
Ештеңеде сен шашпа!
Бейбіт өмір бұл елде
Күліп ойна әр кезде.

Құм ханзадасының әңгімесі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орындықтарға отырыңдар. Менің жеделхатымды алғандарыңа өте қуаныштымын. Менің еліме не болғанын білмейсіңдер ғой. Бізге «Алтын күз» келді. Ағаштар өздерінің сән – салтанатты күйлеріне еніп, әсемденді. Оларда қаншама жемістер болды! Ал ормандарда саңырауқұлақтар сондай көп еді. Көрші ертегілер елінен бізге залым сиқыршы әйел келді. Осындай сұлулықты көріп, ашуланып, сиқырлап тастады да, кетіп қалды. Ол қалай жоғалды, солай ағаштардың жапрақтары түсіп, жемістері ұшып кетті, шөптер мен гүлдер, саңырауқұлақтар жоқ болып кетті. Біздің еліміздің барлық тұрғындары қайғыруда.
Маған тағы да ержүрек кішкентай сиқыршылардың көмектері керек. Менің еліме қайтадан ең әдемі, ең жақсы болуы үшін көмектесіңдерші.
Музыка баяулайды. Психолог «құм тақтайшасынан» матаны алып тастайды.
Құм ханзадасы: Қараңдар, ағаштарда, бірде – бір жапырақ, бірде – бір жеміс қалмаған, менің саңырауқұлақтарым қайда?!
Психолог: Құм ханзадасы, уайым шекпе. Біз саған көмектесеміз. Көмектесеміз ғой, балалар. (Балалардың жауаптары)
Ал енді айнек бетіне құрғақ құмды себелеп саусақтың көмегімен «Алтын күздің» суретін салып көрейік. Ауелі ағаштарды содан соң бұтақтарына жапырақтар мен жемістерді қайтаруымыз керек. Ағаштарды алмалармен және алмұрттармен безендіреді, ағаштардың астына саңырауқұлақтар салады.
Құм ханзадасы: Менің елім қандай әдемі болды? Оның бұрынғы күйлеріне қайта оралып, бұрынғысынан да әсем бола бастады. Балалар, менің елімді құтқарғандарыңа көп – көп рахмет.

Жұмыс аяқталғаннан кейін психолог балаларға қолдарын жуып, орындықтарға отыруды ұсынады.

«Әнмен ой сергіту» жаттығуы

Саусақ жаттығуы: «Саңырауқұлақ»

Саңырауқұлақ, расында
Естімей ме құлағың?
Бір қолыңмен саңырауқұлақтың қалпағын, екінші қолыңмен денесін келтір.
Шуласақ та қанша біз,
Меңірейіп тұрасың.
Екі қолыңның саусақтарымен партаны тықылдатып, шулап алуыңа болады.

«Күн мен гүл» жаттығуы

Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Қолдарыңды жақындатып, алақандарыңды гүлге ұқсатып аш.
Кешкісін күн батады,

Гүл ұйқыға жатады.
Қолдарыңмен жабылған гүлді жаса.

Ойын: «Жеміс - жидектер мен көкөністерге қол шапалақта»

Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайн. Қазір мен сендерге әр түрлі заттардың атын айтам егер сендер жеміс – жидектер мен көкөністерді айтқан кезде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Егер жеміс – жидектер мен көкөністерді айтпасам онда қолдарыңды шапалақтамайсыңдар.

Сабақ рефлексиясы:

• Менің сүйкімді сиқыршыларым, бүгін біздер кіммен кездестік?
• Оның еліне не болды?
• Біз оған көмектесе алдық па?
• Ол үшін біз не істедік?
• Қалай ойлайсыңдар, құм елінің тұрғындарының қазіргі көңіл – күйлері қандай?
• Біз сендермен ертегі жасадық. Қалай ойлайсыңдар, мейірімді ме әлде қатыгез бе?
• Сендер бүгін мейірімді жасаушылар болдыңдар.

• Менің көңіл – күйім өте жақсы, мен көп жаңалықтар білдім.
• Ал сендер не білдіңдер?
• Сендердің көңіл – күйлерің қандай?

Құм елінен шығу салт – жоралғысы.

Енді менің сүйкімділерім, қолдарыңды құмсалғыштың үстіне созып, шар домалатқандай қимыл жасаңдар. Енді оны жүрек тұстарыңа қойып, менің айтқанымды қайталаңдар.
«Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істі үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!» Сау болыңыздар! Келесіде кездескенше!. Тәрбие.орг сайтынан «Сиқырланған күз мезгілі» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умирбаева Г.С.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 514 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar