Сиқырлы бағдаршам

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 739
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 23/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19103


Сиқырлы бағдаршам
В.Рахова,”Мерей” жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі.
Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
Мақсаты:Айналадағы заттардың аттарын дұрыс атауға,көше тәртібін сақтау белгілерін түсіндіру,көшеде қалай өзін дұрыс ұстай білуін түсіндіру.
Коррекциялық мақсаты:Асықпай анық,айқын сөйлеуге тәрбиелеу,біріңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай,көлемі,түсіне байланысты ажырата білуге,”1 ” саны мен “5” дейін ретімен санауға,әртүрлі іс-әрекетте,бейнелеу өнерінде,құрастыруда,керкті заттарды дұрыс қолдана білуге үйрену.
Жаңа сөздер:бағдаршам,көліктер.
Керекті құралдар:бағдаршам,жол белгілері,көркем суреттер.
Тәрбиеші:бізге келген қонақтармен амандасайық.
Балалар:Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы,қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?
Балалар:Дөңгелектер.
Тәрбиеші:Бұл дөңгелектер жәй дөңгелек емес,сиқырлы дөңгелектер.
-Ал енді балалар,сиқырлы дөңгелектердің сырын шешейік.
Қазір сендер мына дөңгелектерге шарикті лақтырасыңдар,қай дөңгелекке тисе,сол дөңгелекті ашып көреміз.
Балалар дөңгелене тұрып шарикті лақтырады.Тәрбиеші барып дөңгелекті ашып ішіндегі тапсырманы оқиды.Тапсырма тіл дамыту сабағына арналған.Мына суреттегі қала көрінісін әңгімелеп беріңдер.Тәрбиеші дөңгелек қағазды алдын ала дайындап қойған тақтадағы тік бұрыштың тігінен қойған суретіне жапсырады.
Тәрбиеші:Қанша қабатты үйлерді көріп тұрсыңдар?Мына жерде не болып жатыр?
Балалар тәрбиешінің көмегімен барлық көріністерді әңгімелейді.
Тәрбиеші:Қандай көліктерді көріп тұрсыңдар?
Балалар:Такси,автобус,жүк таситын көлік,өрт сөндіргіш көлік.
Тәрбиеші:Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Балалар:Суда жұзетін көліктер,темір жолмен көліктер,аспанда ұшатын,жерде жүретін көліктер.
Тәрбиеші көліктерін суреттерін көрсетіп:Енді,балалар,біз жерде жүретін адамдарды таситын көліктер туралы айтайық.
Ойын ойнайық,ойынның тәртібі былай:
-Мен суреттерді араластырып қоямын,сендер маған суреттегі көліктерді бөліп жинайсыңдар.
Тәрбиеші:Манас,сен адамдар таситын көліктерді топтастыр,Алихан жүк таситын көліктерді жина,Жансая,жеңіл көліктерді топтастырып жинап көрсет.
Балалар көліктерді жинап көрсетеді.Әр бала өзі жинаған көліктерін санайды.
Тәрбиеші:Ал,балалар тағы шарикті лақтырайық.Балалар шарикті лақтырады,шарик сары дөңгелекке тиеді,ондағы сұрақ бірден беске дейін санау және көліктермен санды сәйкестендіру.Балалар шамаларына қарай көліктерді сәйкестіріп қояды.
-Енді қандай дөңгелек қалды,соған шарикті лақтырайық.(Тәрбиеші дөңгелекті апарып жапсырып,ішіндегі сұрақты оқиды).
Мен сендерге бір жұмбақ айтайын:
Қызылда тұрады,
Сарыда дайындалады,
Жасылда жүреді.
Балалар:Бағдаршамға ұқсайды.
Тәрбиеші:Кім бағдаршам туралы тақпақ біледі?
Тәрбиеші:Балалар сендер жол ережелерін білесіңдер ме?
Жолдан бағдаршам арқылы өте аласыңдар ма?
Балалар:Иә.
Тәрбиеші:мен сендерге жол ережелерін түсіндірейін.Бағдаршамның үш шамы бар,қызыл жанғанда жүрмейсіңдер,сары жанғанда дайындаласыңдар,жасыл жанғанда жүресіңдер.Манас,сен жүргізуші бол,ал қалғанымыз жаяу жүрушілер боламыз.
Бүгін біз бағдаршаммен,жолда жүретін машиналармен,жолда жүру ережелерімен таныстық,барлықтарың жақсы жауап бердіңдер,жарайсыңдар.Ал енді сол бағдаршамды ермексазбен жасаймыз.
Оқу іс-әрекетті қорытындылау.
Жолда жүру ережелері мен көліктердің түрлерін біледі.
Бағдаршамды не үшін керек екенін меңгерді. Тәрбие.орг сайтынан Сиқырлы бағдаршам Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахова Венера Қатарбайқызы

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы,"Мерей" жеке меншік балабақшасы "Мерей" жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar