Сиқырлы дыбыстар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 312
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21573


Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13балабақша тәрбиешісі
Даутова Нүргүл Бақбергенқызы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сиқырлы дыбыстар.
Мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу, «с» дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру, суреттер арқылы «с» дыбысына қатысты сөздерді үйрету. Сөздік қорын молайту.
Сөздік жұмыс: Сандық, сағат, сырға, сақина.
Билингвальды сыңары: сундук, часы, серьги, кольцо.
Заттық дамыту ортасы: аталуында «с» дыбысы кездесетін әртүрлі суреттер, бояу.
Әрекеттер кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік Шаттық шеңбері
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Мен сендерге қызықты әңгіме айтайын. Мынау сиқырлы ұшқыш кілем. Осы кілемге барлығымыз жайғасып отырайық. Кілем аспанға көтеріліп ұшқан кезде құлап қалмау үшін қолымызды қатты ұстап көзімізді жұмайық. Сапарымыз қызықты болу үшін мен сендерге «Дыбыстар болған екен» деген ертегіні айтып берейін.
-Баяғыда бір үйшікте көп дыбыстар өмір сүріпті. Ол үйшік кәдімгі ауыз екен.
-Кәнекей, бәріміз ауызымызды ашып көрсетейікші.
Жұмбақ.
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
-Қане, ерінімізді жауып көрсетейікші.
Жұмбақ.
Қатар-қартар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.

-Осы үйшіктің ішінде дыбыстардың кіріп шығуын басқарып отыратын тіл өмір сүріпті.
-Қанекей бәріміз тілімізді көрсетейікші. Жарайсыңдар!
Тіл туралы мақал- мәтел білесіңдер ме?
Ащы да тіл, тәтті де тіл.
Жұмсақ та тіл, қатты да тіл.

Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
-Тіл кейбір дыбыстарды емін- еркін өткізіп жібереді екен.
-Балалар дыбыстар туралы ертегіні айтып отырғанда Дыбыстар еліне жетіп қалыппыз. Кілемнен жайлап түсіп бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Қолына допты алады,
Допты жолға қояды.
-Балалар, дыбыстардың екіге бөлінетінін білеміз, кане кім айтады?
-Дұрыс айтасыңдар, дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
-Бүгін біз оқу қызметінде жаңа дыбыспен танысамыз. Алдымен мен сендерге бір әңгіме оқып берейін.
-Бірде Самат су жағасында келе жатып тастың арасында жорғалап бара жатқан жыланды көреді. Самат шошып кетеді. Жылан Саматқа қарай айбаттанып «сссс» деп дыбыс шығарды.
-Балалар, жылан қалай дыбыстайды?
-Бүгін біз «с» дыбысымен танысамыз. Қане бәріміз «с» дыбысын бірге айтып қайталайықшы.

-Қалай ойлайсыңдар «с» дыбысы қандай дыбыс қатарына жатады?
-Дұрыс айтасыңдар. Балалар біз дыбысты құлағымызбен естейміз, ауызымызбен айтамыз. Ал әріпті көреміз, оқимыз және жазамыз.
«С» әріпін ауады жазып көрсету.
Ойын: «Сөз тізбегі»
Шарты: «С», «ш» дыбыстарынан басталатын суреттерді екі қатарға қою.
Қане қатар тұрайық,
Санамақты санайық.
Онға дейін мүдірмей,
Тура, кері санайық.
-Балалар, кім онға дейін тура және кері санап береді.
-Жарайсыңдар, мүдірмей санайды екенсіңдер.
Жұмбақ.
Сырт-сырт соғады,
Уақыттар озады.
-Енді балалар осы алдырыңдағы сағатты өздерің ұнататын бояумен бояңдар.
Оқу қызметін қорытындылау.
-Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-«С» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Балаларды мақтап, мадақтау. Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын қайталайды.

Қос қолдарымен жүрек тұсынан жылу алып бір-біріне жылу сыйлайды.

-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.

-Күн жылына бастайды. Жер бетіндегі қарлар, мұздар ериді. Ағаштар бүр жарып, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек гүлдейді.

Балалар кілемшеге келіп отырады.

Көздерін жұмып, ертегіні мұқият тыңдайды.

Балалар ауыздарын ашып көрсетеді.

-Жауабы- ерін.

Еріндерін жауып көрсетеді.

-Тіл мен тіс.

Балалар тілдерін ауыз қуысынан шығарып көрсетеді.

Мақал- мәтелді қайталайды.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс арқылы бойларын сергітеді.

-Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

-Ссссс, ссссс.

Балалар тәрбиешімен бірге дыбысты айтып қайталайды.

-«С» дыбысы дауыссыз дыбыс қатарына жатады.

«С» дыбысын ауада жазып үйренеді.

Ойын шартын түсініп ойнайды.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды.

-Жауабы –сағат.
балалар өздерінің таңдаған түстарімен сағатты бояайды.

-«С» дыбысымен таныстық.
-Дауыссыз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Меңгереді: «с» дыбысын дұрыс айтады.
Жасай алады: қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Тәрбие.орг сайтынан Сиқырлы дыбыстар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Даутова Нүргүл Бақбергенқызы

Пікірлер: 0

avatar