Сиқырлы сандар сыры

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 612
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20793


«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ



Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: Сиқырлы сандар сыры.
«Бота» орта тобы.

Тәрбиеші: Тазабекова Ш.Н

Семей 2016-2017ж
«Бота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған
ашық оқу қызметінің ұзақтығы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас».
Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ , көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Сиқырлы сандар сыры. ( Есептік санау 5-ке дейін шектеу)
Мақсаты:
Білімділік:Балаларды 1-ден, 5 - ке дейін санауға жаттықтыру,сандар туралы түсініктерін толықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Тура және кері санай білу қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар бере отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіc – тәсілдері: Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша саяхат жасау,сұрақ - жауап, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекілігі: Мақта қыз бен мысық ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер, таратпа материалдар
Билингвальный компонент: бір – один- one, екi – два- two, үш- три-three , төрт – четыре- four , бес – пять- five
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Таңғы шеңбер:
Қуанамын мен де,қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге.
Здравствуй, солнце золотое !
Здравствуй, матушка земля!
Здравствуйте мои друзья!
Гуд монинг май френдз.
Гуд монинг куайтз!
(енді орындарымызға барып отырайық) Жылулық шеңберге тұрады.

Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді.

Ұйымдастыру
шылық - ізденіс Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс - әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар сыры».
Балалар бүгін таңертең топқа хат келіпті . Хат кімнен болды екен? Қане, ашып оқиын. «Құрметті « Бота» тобының балалары ,бүгін Мақта қыздың туған күні соған сыйлық жасап қатығын қайтарып берейін деп едім, маған сендердің көмектерің керек.
с/н Мысық.
Тәрбиеші:-Балалар мысыққа көмектесейік пе? Ғажайып ертегілер әлеміне бармас бұрын ертегілерді есімізге түсіріп алайық. Слайд: « Ертегіні ата »
Тәрбиеші: Сиқырлы ұшақ - кілемге отырып мысыққа көмекке барайық. Мысық ғажайып ертегілер әлемінде тұрады екен.Барлығымыз ертегілер әлеміне барайық.
Ой балалар, біздің ұшақ- кілемімізді тышқандар тесіп тастапты, ұшақ-кілемді жөндеу керек болды.
Д\О: «Орнын тап»
Геометриялық пішіндердің орнын тауып орналастыру.
Тәрбиеші: Енді біздің ұшақ-кілеміміз ұшуға дайын, барлығымыз орындарымызға жайғасамыз.
Міне көзді ашып жұмғанша ертегілер әлеміне келіп те қалдық. Айнала қандай әсем. Ал біз қай ертегіге тап болдық екен?
( мысық кіреді)
Мысық: Сәлеметсіңдер ме балалар, хатты сендерге мен жаздым.
Тәрбиеші: Әрине мысық біз саған көмектесу үшін келдік,мысыққа сыйлық жасайық,мысық сен біздің балаларға қосыл.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын соны шешсеңдер, мысық кімге баратыны табылады.

Жұмбақ:
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Ол не? (сиыр)

1.- Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық.
Балалар мына ертегілер елінде жел соғып сиқырлы сандар адасып кетіпті. (13254)
1 - ден 5 - ке дейін сандарды тура және кері санау, үш тілде санау, тақпақтар

2.Тәрбиеші:- Мысық енді қайда барады екен?
Оны білу үшін келесі жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Жазда жатсаң,
Көлеңкесіне алады.
Қыста жақсаң,
Жаның рахат табады. ( ағаш)
- Ағаштың тапсырмасын тыңдайық.
-Алма ағашында қанша жасыл және қанша қызыл алма бар?
Ағашта қанша құс және қанша көбелек отыр? (3, 2)
Тыныс-дем жаттығуы .
3.Мысық енді кімге барады?
Қыздардың тапсырмасы:
«Сұрақ – жауап»
1. Бағдаршамның неше көзі бар?
2. Қолғапта неше саусақ бар
3. Адамда қанша көз бар?
5. Аспанда неше күн бар
6. Бір жылда неше мезгіл бар?

4.Қыздардан кейін мысық қайда барады?
Дүкеншінің тапсырмасы:
«Тез ойлап тап!»
Есеп: Менде 4 жұмыртқа болды, біреуін жарып алдым. Менде неше жұмыртқа қалды?
Ермек дүкеннен 3 алма алды, жолда 1 - ін жеді, Ермекте неше алма қалды?
Ағаш басында 2 торғай отыр еді оларға тағы екі торғай келіп қосылды.
Барлығы қанша торғай?

5.Мысық дүкеншіден кейін кімге барады?
Жұмбақ:
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.(тауық)

Тауықтың тапсырмасы:
-Балалар, мына үстелдің үстіндегі заттарға назар аударайықшы. Мұнда мынадай карточкалар бар, бұл карточкалар жай карточкалар емес, ішінде сандар бейнеленген карточкалар. Ал, мына ыдысқа дәндер салынған. Ендеше, осы заттарды пайдаланып, ойын ойнағыларың келе ме? Онда
әрқайсысың бір-бір карточкадан алып, қандай сан жазылса сонша бұршақ санап алыңдар.
6.Мысық тауықтан соң, неге барады?
Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар.
Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Қарны ток, қайғысы жоқ,
Мысық қуса жетпейді.
Тышқанның тапсырмасы:
«Сандарды сурет бойынша орналастыр»
сурет санына байланысты сандарды тауып сәйкестендіру.
- Балалар, мысық сендердің көмегімен Мақта қыздың барлық тапсырмаларын орындады. Енді сиыр қатығын мысыққа берді.
(мысық қатықты алып ,балаларға алғыс айтады,ризашылығы үшін балаларға сыйлық жасайды)
Тәрбиеші: Енді балалар ,біз ұшақ-кілемімізге отырып тобымызға қайтайық


Балалар қызығушылық білдіреді.

Сұраққа жауап береді.

Ертегілерді естеріне түсіреді.
«Бауырсақ», «Шалқан», «Мақта қыз бен мысық», «Алдар көсе», «Арыстан мен түлкі».

Балалар геометриялық пішіндердің орнын тауып орналастырулары керек.

Балалар орындарына жайғасады .

Мысықпен амандасады.

(сиыр)

сандар туралы тақпақтар

1 - ден 5 - ке дейін сандарды ретімен орналастырады,тура және кері санау, үш тілде санайды.

( ағаш)

Тапсырманы орындайды.

Тапсырманы орындайды.

Есептің жауабын табады.

-Балалар үстелдің үстіндегі тірелкелердің санына сәйкес дәндерді санап салады.

Балалар қатықты мысыққа ұсынады.

Рефлексивті - түзету. Сұрақ-жауап . Балалар бүгін біз іс - әрекетімізде қандай сандарды қайталадық?
Қандай геометриялық пішіндерді еске түсірдік?

Бізге қонаққа қандай ертегінің кейіпкері келді?
Біз мысыққа көмектесіп түгел тапсырманы орындадық па?

Кері байланыс.(өзін-өзі бағалау)
Іс - әрекетіміз аяқталды.
Сау болыныздар!
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс.(өзін-өзі бағалаулары)

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырата білу.

Түсінігі болу: сандар туралы ұғымы, түсінігінің болуы.

Орындай алу: Сандарды, геометриялық пішінді және түстерді ажыратады, тапсырманы орындай алуы Тәрбие.орг сайтынан Сиқырлы сандар сыры Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тазабекова Ш.Н

Пікірлер: 0

avatar