Сиқырлы саусақтар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1030
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23670


"Шығармашылық" білім саласы бойынша өткізілген ашық оқу қызметінің технологиялық картасы


Конысбаева Балжан Нургалыкызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: Шығармашылық.
Оқу қызметі: Сурет
Тақырыбы: Сиқырлы саусақтар
Мақсаты: Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
Білімдік міндеттері: Алақанмен сурет салу техникасын үйрету.
Дамытушылық міндеттері: әр түрлі қисық сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелеушілік міндеттері: эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық.
Сабақта пайдаланған технология: Сын тұрғысынан ойлау, вен диаграмасы, тәй-тәй бағдарламасы.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайд, плакатта салынған суреттер.

Қызмет кезеңдері:
Ұйымдастырушылық қозғаушы:
Балалар ең алдымен орталыққа жиналайық. Бір уақытта топқа жүгіріп сайқымазақ кіреді, жүгіріп барып жердегі қағазды бұлғап тастайды, бір уақытта жылайды, мен сиқыр көрсетуге бара жатыр едім байқаусызда құлатып сендердің қағаздарыңды бұлғап алдым. Сайқымазақ сен жылама біз бүгін сурет сабағында осы алақан көмегімен сурет салуды үйренгелі жатыр едік. Салмас бұрын ең алдымен мына сыйқырлы тақтамызға қарап алайық. Бүгінгі сабақтағы суретті салу үшін: ақ қағаз, субояқ, қылқалам, қарақарындаш және сүлгі қажет. Енді мына суретке қараңдаршы (слайд бойынша алақанмен салынған суреттердің түрлерімен таныстыру). Енді бағанағы суретім неге ұқсадй мұқият қарайықшы еш нәрсеге ұқсамай тұр кен біз қазір бұл суретті керек жерлерін бояп сурет салып шығарамыз (бояп сайқымазақ бұлғаған суреттен көбелек сурет жасап шықтық).
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Енді келесі тақтаға қарайықшы мына жерде алақан, қолдың көмегімен салынған суретке қарайықшы (суреттермен таныстырып өту) енді бүгін біз осы суреттердің ішінде көбелек суретін салып үйренеміз. Сыйқырлы тақтадан көбелектін әр түрлі түрлерін көрсетіп тұру. Енді мен қызыл және көк түстер таратамын сендер өздеріне түстерді таңдап алып қызыл түстер сурет салу орталығына көк түстер бояу орталығына барап отырыңдар. Қызыл түстер орталығы көбелектің екі қолды кезектестірп басу арқылы салып уйренеді, ал көк орталақ басылып салынған дайын суретті сыйқылы тақтаға қарап өз ойларынан бояйды. Балалар енді орынымыздар тұрып бір сергіп алайық. Музыка ырғағымен бейнелеу өнері жаттығуын орындату.
Рефлексивті-түзетуші:
Енді сергіп алсақ орынымызды ауыстырып қызыл орталықтағылар көк орталыққа, көк орт. Қызыл орт. ауысып сабақты жалғастырымыз. Суретті дайындап болсақ орталыққа жиналайық. Шеңбер болып тұрайық. Балалар қазір қай балаға кімнің суреті ұнағанын және не себепті ұнағанын айтып өту. Балалар тағы сыйқырлы тақтамызға қарап біререйікші мына тақтада алақан көмегімен және қылқалам көмегімен салынған суреттер салынған кезек –кезек айтып орындарына орналастырайық. Балалар көңіл күйлерін қалай жақсы болса мына жерде күннің суреті берілген кәне алақанымызды сары түске бояп күннің шапағын салып шығайық. Балалар бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Мақтап –мадақтап сабақты қорытындылап аяқтау.
Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:
- жылы түстер арқылы көбелекті салуды.

Нені игереді:
- алақан көмегімен сурет салуды.
- өй ойларындағы сурет бейнесін қағаз бетіне салуды.

Нені біледі:
- Көбелек суретін салуды, осыған бояу түсін таңдап алуды.
- Сыйқырлы тақтамен жұмыс жасап сұрақтарға жауап беруді;
- Өз ойларын жеткізуді. Тәрбие.орг сайтынан Сиқырлы саусақтар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Конысбаева Балжан Нургалыкызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar