"Сипаты бойынша таны"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 651
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22537


ІІ сәбилер тобындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


[r][b]Баратова Бақтигул Буранбаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
[/b][/r]

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
Сипаты бойынша таны (дидактикалық ойын)
Мақсаты:Балалардың тілдерін жаттықтырып, сипаты бойынша тануға үйрету.
Міндеті:Ойлау қабілетін дамыту,әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:
Оқу, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: Жануарлардың суреттері, жануарлардың суретінің қиылған бөлшектері.
Қызмет кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең:

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты.
Жайнайды даламыз,
Жайнайды қаламыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң апайлар!
Ізденуші-ұйымдастырушылық кезең:
Ой, балалар мынау не қалта? Кімдікі сендердікіме? Қызық екен, кәне енше ашып көрейк, не екен бұл?
Бір суреттің қиылған кескіндері.
Ендеше бұл суреттерді құрастырайық, сонда ол не екенін көреміз.
Міне бастайық.
Балалар мына шыққан суретке қараңдаршы
Балалар тәрбиешінің тапсырмаларын тыңдап, орындайды.
Балалар мынау білесіңдерме не?
Бұл «аю»
Керемет, балалар міне ол не екен.
Қандай керемет біз сендермен аю жасадық .
Сергіту сәті:
Дөнгелектеп тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп
Шаныраққа киіліп
Кигіз үйді құрамыз.
Рефлексиялық-түзетуші кезең:
Балалар біз не тауып алдық?
Қалта тауып алдық
Оның ішінде не болды?
Суреттің қиындылары.
Не құрастырдық?
Аюдың бейнесін құрастырдық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Суретті дұрыс жинай алуы
Игереді: Жануарлар қайда мекен ететіні
Меңгереді: Суреттерді құрастырып, солтүстік және оңтүстік мекен ететін жануарлар туралы әңгімелеу. Тәрбие.орг сайтынан "Сипаты бойынша таны" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баратова Бақтигул Буранбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar