Спорттық сайыс !

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 260
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20944


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы
«Мөлдір» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
Жубаниязова Гулжайнар Саматовна

« Көңілді старт» (спорттық ойын-сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер!
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар» топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін: 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.
2. «Кім ұқыпты» ойыны.
3. «Түйілген орамал» ойыны.
4. «Күлімде, Күн» ойыны.
5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
— Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу.
– Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
-Өте тамаша балалар!
3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.
4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
5-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз.
-Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көрне беріңдер.
Осымен «Көңілді старт» атты спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Тәрбие.орг сайтынан Спорттық сайыс ! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жубаниязова Гулжайнар Саматовна

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Саға ауылы "Мөлдір" балабақшасы МКҚК тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar