Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Сс дыбысы әне әрпі"
  • 26.01.2017
  • 139 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21314

Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы
күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі : Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру. С сдыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
Тәрбиелік: Оталықтарға бөлініп жұмыстануға үйрету. Дамыту ойындарын пайдалану арқылы еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, С с дыбысының баспа түрі, текшелер,түрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,орталықтарға бөлу
Пәнаралық байланыс: жапсыру,құрастыру,сөйлеуді дамыту
Қостілділік компонент: бақа-лягушка,балапан-цыпленок,бұзау-теленок т.б.
Іс -әрекет кезңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І.Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Балалар:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Салеметсіздерме
Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түю не керек,
Күліп-ойнап жүрейік.
Көңіл-күйлерін сұрау (смайликтер арқылы)
ІІ. «Ой шақыру»стратегиясы. Өтілген тақырыпты еске түсіру.
Орталықтарға бөлу.
Шығармашылық орталығы
Өнер орталығы
Дамыту орталығы
«Жасырылған суреттер» Орталықтар бойынша тапсырмалар орындалады.
Балалар суреттерді іздеп тауып алады да
Өнер орталығы
сол сөзді буынға бөледі,
Шығармашылық орталығы
сөйлем құрастырып айтады,
Дамыту орталығы
б дыбысының сөздегі орнын анықтайды.
Орысша баламасын айтады. Шаттық шеңберін орындайды.

Балалар сабаққа дайындалып отырады.




Балалар белсенділік танытады.

Ұйымдастыру -ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Ортақ тапсырма
Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»
Қыздар құлағына тағады
Қыздар қолына тағады
Уақытты көрсетеді
Сиырдан не алынады
Сызуға арналған құрал
Мектепте не оқимыз
Кітаптарды қайда саламыз
Кірді немен жуамыз
-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы және әрпімен танысамыз Сақинаны,сағызды,
Сарымсақты,сәбізді
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз орақ тәрізді? (С)
Ой толғаныс. Жұмбақ шешу.
1) Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш)
2) Сыр –сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат)
3) Түсі суық ызғарлы
Айыр тілді,өзі улы. (жылан)
-Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?
-С-С-С-С
-Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?
-Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.
-Ең алдымен дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.
-Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында) кездеседі. Мысалы: маса, автобус, құс,
Тәрбиеші балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді.
Әліппе-дәптермен жұмыс
1) Сөзге дыбыстық талдау жасау Өнер орталығы.
Ойын: «Мен қандай дыбыспын?» (Жапсырмалау).
Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Дыбысқа сәйкес дөңгелектерді жапсыру.
С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін түсіндіру.
Дамыту орталығы «Сәйкестендір»
Мақсаты:
С дыбысын сәйкес суреттермен қосу барысында ойлау белсенділіктерін арттыру
Шығармашылық орталығы
«Штрихтау»
Мақсаты: қол моторикасын дамыту
Сергіту жаттығуларын жасату
«Аяқпенен топ-топ» әні
Ортақ тапсырма
1) жазу
2) сызба бойынша буынға бөлу
«Балық аулу» ойыны
сөздерді оқиды
Оқы: са, сана. сақ, со, сона, сал, дос.
Балалар енді осы С с дыбысын дәптерлеріңде көргілерің келе ме?
-Оны көру үшін дыбыс неге айналу керек?
-Әріпке қалай айналдырамыз?

Ойын: «Көңіл бөлейік»
Мақсаты: жаңа әріптің баспа, жазба таңбасын таныту, есте сақтауын жетілдіру. Бірнеше таяқшаның көмегімен С әрпін құрастыру.
С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада жазу.
ә) С с әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) С с әрпін әліппе-дәптерге жаздыру.
Енді бұл әріпті өз үйшігіне енгізейік
«Үйшікке енгізу»

— Сырға.
— Сақина.
— Сағат.
— Сүт.
— Сызғыш.
— Сабақ.
— Сөмке.
– Сабын

-С с





-Жылан
-ССССС




-дыбысты естиміз, айтамыз
-жазамыз, көреміз, айтамыз

-Дауыссыз дыбыс

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, ойларын айтады.





Балалар үлгіге қарап жазады.






-Балалар қимылмен оындайды.

Балалар көк түсті үйшікке с әрпін жазады
Рефлексивті-түзетушілік
ІҮ.Сабақты қорытындылау.
Үш орталық та текшелерден сөз құрайды және сол сөздің суреттерін құрастырады Орысша баламасын айтады.
Дамыту орталығы
Өнер орталығы.
Шығармашылық орталығы
ҮІ. Оқушыларды мадақтау
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
-Балалар белсенділік танытады.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: С с дыбысы, әрпі мен танысады
Қандай түсініктерді игерді: С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады. Тәрбие.орг сайтынан "Сс дыбысы әне әрпі" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ильясова Бақыт Халесқызы

БҚО Зеленов ауданы Янайкин ауылы БатуринЖОББ мектебі мектепалды даярлық тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 139 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar