Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Құстар-біздің досымыз!
  • 15.02.2017
  • 119 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21791

Екінші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Сейткасымова Гульнара Бекзаковна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№60 "Тараз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: Таным.
Білім беру бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз».
Мақсаты: Құстар және оларды бір-бірімен қалай ажырату керектігін түсіндіру. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамтыу. Құстарды қорғауға, қамқор болуға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Құстардың суреті, слайд, желім, бидай дәндері, картон қағаз.
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
Билингвалдық компоненттер: Құс – птица, торғай – воробей, тауық – курица.
Ұйымдастырылған оқу қызметі кезеңдері

Қызығушылығын арттыру Балалар бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты. Қане, қонақтармен амандасайықшы.
-Сәлеметсіздер ме!
-Ал, енді шаттық шеңберін құрайықшы.
Балалар шеңбер құрып тұрады.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін
Балалар барлығын қимылмен орындап шығады.
-Ал, енді балалар орнымызға отырайықшы.
Балалар орындарына отырады.
Ізденпаздыққа қалыптастыру
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
3 ай бар.
-Ал, атап шығайықшы.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қыс мезгіліндегі қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Қар атысу. Аққала жасау, шанамен сырғанау ойындарын атап айтып шығады.
-Қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Балалар өз тақпақтарын айтып шығады.

Топқа Сотқарбек кіреді. Қолында рогаткасы бар. Құстарды атпақшы болады.
-Балалар, қараңдаршы кім келгенін?
Балалар Сотқарбекке назар аударады.
-Балалар, құстарды атуға болады ма?
Жоқ, құстарды атуға болмайды.
-Ия, құстарды атуға болмайды. Құстар туралы тыйым сөздерді айтып кетеміз.
-Кел, сен одан да біздің балалармен бірге отырып, құстарға қамқор болуды үйрен.
Сотқарбек балалармен бірге отырады.
-Балалар, бүгін сендермен құстардың қысқы тіршілігі туралы білетін боламыз. Құстар екіге бөлінеді: дала құстары және үй құстары болып.
Дала құстарының табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.
Үй құстарының етін, жұмыртқасын жейміз, жүнін пайдаланамыз. Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ал, кейбір құстар қыстап қалады. Қыстайтын құстар өз қоректерін өздері тауып жейді. Оларға біз жем салып, ұя салып қамқор болуымыз керек.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Сергіту сәті:

На қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар!
-Ал, енді балалар шығармашылық орталығына барайықшы!
Балалар шығармашылық орталығына барады.
-Балалар, алдымызда тұрған құстарға жем шашайықшы!
Балалар қолдарына жемді алады.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп кетеміз.
Балалар мұқият тыңдап отырады.
Жетекші-жөндеуші қызмет:
-Балалар, бүгін біз не туралы өттік?
Балалар құстар туралы өткендігін айтады.
-Бүгінгі оқу қызметі сендерге несімен ұнады?
Балалар өз ойларын айтады.
-Ал, енді балалар келген қонақтармен қоштасайық
-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртуы: Балалар қыстайтын құстарды ажырата білуі керек.
Түсінуі: Балалар құстарға қамқорлық жасау керектігін түсінеді.
Қолдануы: Балалар құстарды атауды білді. Тәрбие.орг сайтынан Құстар-біздің досымыз! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейткасымова Гульнара Бекзаковна

ОҚО Шымкент қаласы №60 "Тараз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: altynbekova-1975
Көрсетілім: 119 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar