«Құстар біздің досымыз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 480
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22836


БҚО, Орал қаласы, «№42 «Алтын сақа» бөбекжайы, Тәрбиеші: Умралиева К.Қ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным,Әлеумет,Коммуникация, Денсаулық, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Білімділік: балаларға құстар туралы білім беру, құстардың пайдасына тоқталу,
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.Жауапкершілік сезімін ояту.
Тәрбиелік:Адамгершілікке тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Алдын – ала орындалатын жұмыс: құстарды, көктем мезгілін бақылау, «құстарға қамқорлық» тақырыбында суретті көрме ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру,көрсету,ойын
Қолданылатын көрнекі құралдар: теледидар, құстардың дауысы бар үнтаспа, дидактикалық ойынға қажетті құралдар, құстардың суреті.
Құрал – жабдықтар: Үлестірмелі материалдар, суреттер
Үштілділік: Құстар-птицы- bird
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Сәлем саған жер – Ана
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман-есен болайық
Бейбітшілік қалайық
Енді балалар өзімізбен амандасып алайық
Здравствуйте, ручки: хлоп-хлоп-хлоп
Здравствуйте,ножки: топ-топ-топ
Здравствуйте,ушки: ух-ух-ух
Здравствуйте,щечки: плюх-плюх
Здравствуйте,губки: чмок-чмок-чмок
Здравствуйте,зубки: щелк-щелк-щелк
Здравствуйте,мой носик:бип-бип-бип
Ендеше назарымызды теледидарға аударайық.(Көктем туралы суреттер көрсету)
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемнің айларын атайықшы.
Көктемнің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Д/О: «Мекенін тап»

Шеңбер болып тұрып қимылдарын жасайды

Көктем
Наурыз,сәуір,мамыр
Ерекшеліктерін атайды
Ұйымдастырушылық ізденіс Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату.
Балалар бұл ненің дыбысы болды екен?
Ия,құстардың дыбысы әртүрлі болады. Олар түрлеріне қарай әр түрлі сайрайды.Құстардың да ата-аналары болады. Қауіп төнген кезде аналары шырылдап балапандарына ескертеді.
-Құстар туралы сендер не білесіңдер?

Құстардың суретін көрсету (қарылғаш, тоқылдақ,сауысқан, бүркіт )
Балалар тағыда назарымызды теледидарға аударайық. Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Қарылғаштың ерекшеліктерін айтайықшы

Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендердің құстар туралы айтып жатқандарынды естіп келдім. Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңдаңыздар.
Автор: Ертеде бір бұлбүлдың балапаны болыпты.Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:
-Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неге алып құстардай ірі болмайсыңдар?- деп ата-анасының мазасын алады. Оны естіген ата бұлбұл:
-Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна бола алмайсың,шырағым.Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға,- деп өсиет айтады.
Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзініңқандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді. Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.Сөйтіп қарғаға кездеседі.
-Қарға: мен қарғамын,қарғамын көп қой менің арманым.Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан
-Бұлбұл : өзі қап-қара, даусы қандай жаман еді.Ұнамайды маған
-Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған, қонақжаймын аңқылдаған.
- Бұлбұл : Қалай дауыстайды?Даусы нашар екен.
-Торғай: Бұлбұлжан келе ғой. Мен торғаймын, торғаймын. Ағаштарды қорғаймын.
- Бұлбұл : Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы
-Бүркіт: Мен бүркітпін,бүркітпін, құстың бәрін үркіттім, ха-ха-ха
- Бұлбұл : қорқыныштысын-ай,үлкенін-ай
-Қарылғаш: Келе ғой бұлбұл. Қарылғашпын қалықтаған,Ұшудан ешбір жалықпаған.
- Бұлбұл :Қандай әдемі құс еді,бірақ құйрығы неге айыр?ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі. Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді.Бірақ жүрегіне жақын үн, жанына жайлы ұя таба алмайды.Шаршап шалдығып өз ұясына оралады. Балапанын көріп қуанған атабұлбұл құбылтып ән салады.Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып,ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:
Туған жерім- қымбат мекен
Өскен ұям ыстық екен.
Бұлбұл үні- өз тіліме,
Ешбір әуен жетпейді екен,-деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды.Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызығып тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбқлдың даңқы бүкіл әлемге жайылды.
Балала
р ертегі ханшайымымен бірге бой сергітіп алайық. Ағылшынша сергіту сәті.
Құстар ұяға келіп қонды.Ұядан басын шығарды, жан-жағына қарады.Құс ұшқысы келді ұшалмады. Ол қанатың жаттықтырды. Алақанымызды өзімізге қаратып, 1,2,3-,3,2,1. Қолымызды айқастырамызБас бармағымызды қысып ұстап аламыз.
Сергіту сәті:
Ұшып келіп ұясына қонады.
Д/О: «Не артық?»
Шарты: суреттің ішінен артық суретті қоршау.
Шығармашылық
1 топ. Құстардың ұясын құмға салу.
2топ. Дайын құстың суретін гуашьпен бояп, біржұмыспен үш сурет шығару. құстардың

Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды

Қарылғаш.Дастан: бауыры ақ, қалған жері қара,қанаты сүйір, құйрығы айыр.Ұясын саз балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.Адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.
Тоқылдақ.Наргиза: түсі-шұбар.Торғайдан ірі өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды. Ағашты тесіп құрттарды теріп жейді.Бұл құсты «орман дәрігері» деп атайды.
Сауысқан.Азиз:Түсі қара ала көлемі торғайдан ірі ұзын құйрықты құс.Ұясын ағаштың басына бұтақ, шірпілерден жасайды. Басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді.Қыстап қалатын құс. Жылтыр,әшекей заттарға әуес ұясынан алтын сақинаны, жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.
Бүркіт. Ерасыл: Түсі қоңыр ірі жыртқыш құс.Ұясын биік жартастарға салады.Бұтақтардан тоқып салады.Құстар, қоян,түлкі, тышқанмен қоректенеді.

-сәлеметсіз бе?

Балалар рөлдерге бөлініп ертегіні сахыналайды

Құстар қанат қағады,
Көкке самғап ұшады
Барлық құстар қосылып
Шиқ-шиқ деп ән салады.

Рефлекциялық түзетушілік Балалар ертегіде қандай құстар кездесті?

Ал сендер құстар туралы, көктем туралы тақпақ білесіңдер ме? Сыйлық беру. Қарға, қарылғаш, сауысқан, бүркіт, торғай

Күтілетін нәтиже:
Біледі: құстар түрлері туралы, құстардың пайдасын,

Түсінеді: көктем жайында және құстар туралы ертегі мағынасын
Қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын бөлісуді Тәрбие.орг сайтынан «Құстар біздің досымыз» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умралиева К.Қ

Пікірлер: 0

avatar