«Құстар біздің досымыз!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 556
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 17/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23093


Ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Бейсенбекова Оразгүл Тасбалтаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№8 "Ботакөз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру, сурет.
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Тақпақ айту арқылы балалардың тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Табиғатты аялай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Сахналық атрибуттар, құстардың суреттері, құстардың қорегі.
Оқу қызметі кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең:

-Балалармен сәлемдесіп, қанеки балалар бүгін біздің тобыымызға қонақтар келіп қалыпты, бәріміз шаттық шеңберге тұрып, келген қонақтармен амандасайық.

-Шеңбер болып тұрайық,
-Алақанды ашайық,
-Күннің нұрын алайық,
-Таза ауаны жұтайық,
-Жүрекке жылу силайық,
-Жинаған жылы шуақты қонақтарға шашайық!

- Балалар 1 жылда қанша мезгіл бар?
- 4 мезгіл, көктем, жаз, күз, қыс.
- Қазір қай мезгіл?
-көктем.
- Айларын ата?
-наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем жайлы тақпақ кім айтады?
Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді
Еркежан
Көктем келді күркіреп
Жаңбыр жаукды сіркіреп
Бәйшешектер дүркіреп
Шыға келді қыр түлеп
Елдана
Көктем күні шуақты
Көктем күні қуатты
Мал жағалап суатты
Сай саламен су ақты
Ақниет
Балалар назарыңызды үнтаспаға аударайықшы! Балалар бұл ненің дыбысы?
Судың аққан, желдің құстардың.
Ұйымдастыру іздену кезеңі:
- Ия балалар көктем мезгілі келгенде, біздің өлкемізге құстар да келеді екен. Бүгінгі іс-әрекетімізде құстар туралы әңгімелесеміз. Қазақстанда құстардың 500-ге жуық түрлері бар. Адамдар ежелден-ақ құстарға әуес болып, қызығушылық танытып қамқор болған. Жойылып бара жатқан аң құстарды қорғау үшін елімізде Қызыл кітапқа енгіздіріп,оны заңмен қорғаған. Құстардың 49 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Балалар құстардың түрлері нешеге бөлінетінін сендер білесіңдер ме?

-Екі топқа бөлінеді: дала және үй құстары болып.

Үй құстарын кім атайды?

-Дала құстарын кім айтады?
Қаз, үйрек, тауық, күркетауық.
-Қарлығаш, қараторғай, қарға, кептер, бүркіт, тоқылдақ, тырна

-Балалар сендер құстар туралы тағы не білесіңдер?
1-бала
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып адамдардың көңіл күйін көтереді. Дала құстарының түрі өте көп.
Мағжан
2-бала
Жыл құстары дегеніміз?
Салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келеді. Оларға тырна, қарлығаш, аққу жатады.
Ә.Айзере
3-бала
Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
Айша
4-бала
Үй құстарын адамдар қамқорлық жасап, үйде өсіреді. Олар бізге жұмыртқа береді. Жесен еті өте пайдалы.
Інжу

Тосын сәт: Қарлығаш ұшып келеді.
-Саламатсыңдар ма, балалар?
-Мен қарғамын. Осында ұшып келдім, мұнда көктем келіпт. Біз барлық құстар сендерге жылы жаққа ұшып келді. Осында ұя саламыз. Балалар сендер біз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

-Күміс қанат шағала
Ұшып жүрсің жағада
Қармағың жоқ ауың жоқ
Шабақ алдың бағана
Ә.Айзере
-Білгің келсе көп жайды
Бақылап жүр торғайды
Кіп-кішкентай торғайлар
Табиғатты қорғайды
Аяжан
-Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Дария
Тысқа шықсам аулаға
Басып қапты маңайды
Тал басына қарғалар
Тамашалай қарайды
Али
Ала қанат суысқан
Құртты көрсе жабысқан
Бір томардан, томарға
Секең-секең ауысқан
Құртты шоқып тауысқан
Санитар бұл сауысқан
Әлімжан
Күміс көмей жез таңдай
Дана әнші-бозторғай
Күні бойы жырласа
Әнін қайта созғандай
Балауса
Айыр құйрық ақ көңіл, адал құсым
Жеттің бе туған жерге аманбысың
Жем іздеп, дала кездің қия шалдың
Босағаға берік қылып ұя салдың
Інжу
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып, ұшып алайық
Сауысқан болып секіріп
Торғай болып қонайық

Балалар ертегіні рольге еніп ойнап шығады.

Қанеки балалар бойымызды бір серігіп алайық

Балалар қарғаға құстар жайлы ертегімізді сақыналап берейік!
Ертегі «Ерке бұлбұл»
Бұлбұл ата: Мағжан
Ана бұлбұл: Дария
Балапан бұлбұл: Ақмарал
Сауысқан: Дания
Торғай: Інжу
Бүркіт: Айша
Қарлығаш:Сабина
Балалар сендер шаршамаған боларсыңдар?
Олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр!
Дидактикалық ойын «Құстарды анықта!»
Шарты: Екі тақта белгіленеді, 1-ші тақтаға дала құстарын жинайды.
2-ші тақтаға үй құстарын жинап атын айтып береді.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, танымдық қабілетін арттырып, құстарды ажырата алуға үйрету.
-Балалар осы құстарға енді қамқорлық жасайықшы;
-Балалар жарайсыңдар!
Бір сергіп алайық!
Сергіту
-Жалғыз саусақ тіптіде
Ұстай алмас жіптіде
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орады
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ жол салсақ

Балалар мен сендерді үш топқа бөліп шығармашылық жұмыстар тапсырмалар бергім келіп тұр, жасаймыз ба?
Тәрбиеші бақылап бағыт бағдар беріп түсіндіреді.

Рефлексивті түзетуші кезең:
Қарлығаш: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер жасап берген ұяда балапандарымызды өсіреміз. Құстарға апарып берейін. Сау болыңыздар.
-Балалар бүгін біздің сабағымыз не жайында болды?
-Құстар қаншаға бөлінеді екен?
-Қонаққа бізге кім келді?
Балалар сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар рахмет сендерге!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құстар туралы білімдерінің болуы, оларды аялап, қамқор болуы.
Игереді:құстарға қамқорлық жасауды игереді. Тәрбие.орг сайтынан «Құстар біздің досымыз!» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенбекова Оразгүл Тасбалтаевна

ОҚО Шымкент қаласы №8 «Ботакөз» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar