Құстар біздің досымыз

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 132
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23439


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Құстарды сипаттау арқылы қысқаша әңгіме құрастырып айтуды үйрету.
Міндеттері: 1. Құстардың түрлерін ажырата білуге, оларды қалай, немен қоректенетіні, пайдасы туралы үйрету.
2. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
3. Құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғауға, тиіспеуге, аялауға, бағалауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: құстар, көкек, қарлығаш, тырна, бұлбұл, мекен-жайы.
Көптілдік компонент: құстар- птицы- Birds, көкек-кукушка, қарлығаш-ласточка.
Көрнекі құралдар: аудиожазба, суреттер, тапсырмалар, дидактикалық ойындар, маскалар
Әрекеттің кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Талаптандыру, дәлелдеу Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Амандықты тілеп біз,
Сау-саламат болайық!
-Құстардың дауыстаған аудиожазба қойылады.
- Балалар қазір біз орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа бармас бұрын көзімізді жұмамыз, мен сендерді сыйқырлап құстарға айналдырамын. Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды.
Балалар тыңдайды
Саяхатқа бару үшін көздерін жұмады.

Ұйымдастыру ізденіс

Рефлексия Біздер өзімізді құстар деп ойлаймыз да ағаш үстіне отырып тілдік жаттығулар жасаймыз:

1. тілді жазалау (пә- пә- пә)
2. тоқылдақ (д-д-д)
3. сағат

- Балалар орманда нелер тұрады?
- Орманда тұратын құстарды дала құстары деп атаймыз.
- Дала құстарын атайық
- Құстар жылы жақтан қай жыл мезгілінде ұшып келеді?
- Құстардың тағы бір түрі үй құсы деп атайды. Оларды үйде асырайды.
-Үй құстарын ата.
-Құстар немен қоректенеді?
-Құстардың айырмашылықтары мен ұқсастығын ата.

-Балалар, мында үй құстары мен дала құстары қосылып, өз ұяларын таба алмай жатыр, құстардың ұяларын тауып береміз бе?

Сергіту сәті:
Көктем келді, құс келді.
Күн шуағын төгеді.
Көкек келді ән айтып ку-ку-ку-
Тарсылдатты тоқылдақ тоқ- тоқ-
Торғайлар жүр қуанып чив- чив-
Отыр қарға ағашта қар-қар-қар.

-Енді балалар орманда адасып кетпес үшін арнайы тапсырмалар орындайық:
1. Құстарды топтастыр.
2. «Қызықты шеңбер»

3. «Өз үйін тап»


-Балалар, біз орманнан адаспай, берілген тапсырмалар орындап шықтық, кәне енді сендерге тауық пен көкек «Құстарды достығы» атты шағын ертегіні қойып береді. Құстар болып тілдік жаттығулар орындайды.
Пә-пә-пә
Д-д-д-д
Тілді оңға, солға
Құстар мен аңдар
Көкек, тоқылдақ, торғай т.б
Көктем

Тауық, әтеш,
жеммен
Ұшады, жем жейді, қанаттары бар, тұмсықтары бар.
Иә

Балалар үй құстары мен дала құстарын ажыратып, бөледі

Қимылдар арқылы сергіту жаттығуларын орындайды.

Дидактикалық тапсырмалар орындайды

Шеңбердегі суреттерді сәйкес қылдырып, айналдырып орнына қойады.

Берілген құстарды өз үйлерін тауып қыстырып қояды

Екі бала тауық пен көкектін рөліне еніп ертегіні ойнайды.

Қорытынды Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді.
Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтетін нәтиже :
Жаңғыртады: Құстар қайда мекен ететінін ажырата біледі.
Түсінеді: Құстар үй құстары мен дала құстары болып бөлінетінін.
Қолданады: Құстарды бір- бірлерінен ажыратып, олардың ерекшеліктерін атап, түсінеді. Тәрбие.орг сайтынан Құстар біздің досымыз Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Назымбекова Рымгуль Зайркеновна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 «Гнездышко» санаториялық бөбектер бақшасы КМҚК тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar