ҚҰСТАР КЕЛДІ ӨЛКЕГЕ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 440
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23012


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Каржауова Маржан Жандаровна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№53 "Ер-Асыл" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Білім бөлімі:Жаратылыстану. Жапсыру. Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Құстар келді өлкеге»
Мақсаты: - Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;
- соның ішінде көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың пайдасын түсіндіру. Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Керекті құралдар: Құстардың суреттері,қылқалам, желім,гуашь,ермексаз.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жаттау.
Қостілдік компонент: құстар- птицы, торғай-воробей, сауысқан-сорока.

Қызмет кезеңдері:
Мотивациялық қозғаушы қызмет:
Шаттық шеңбері.
Қайырлы күн, көк аспан,
Қайырлы күн,жер ана
Қайырлы күн, қонақтар
Қайырлы күн, достарым
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шеңберде тұрып қайталайды.

Іздену-ұйымдастырушы қызмет.
Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады.
-Балалар, бұл нелердің дыбысы?
-Бұл сайраған құстардың дыбыстары
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
(2-3 баладан сұрау)
-Көктемде күн жылынып, қар ериді.-Көктемде ағаштардан бүршік шығады.Көктемде жылы жақтан құстар ұшып келеді.Адамдар жеңіл киінеді.
-Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді?
-Менің анам көгершінім,-Менің анам қарлығашым,-Менің анам балапаным,--дейді.
Таңғажайып сәт.Қара торғай ұшып келеді
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Осында ұшып келдім., мұнда көктем келіпті. Біз, барлық құстар сендерге, жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз. Мен сендерге сонау жерден тапсырмалар келдім.
Қандай құстарды білесіңдер?
(2-3 баладан сұрау)
Мынау қандай құс?
(Бірнеше құстың суреттері бойынша балалар құстарды атайды).
-Қарға, көгершін, торғай, сауысқан.
-Құстарға біз қандай қамқор жасаймыз?
-Құстарға жем шашамыз, су береміз, адамадар жемсауыт жасап ,оны ағаш бұтақтарына іліп қоямыз.
Көрдіңдер ме, балалар жер шарын қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды.
Біздің ауламызда осы құстар ұшып жүреді.

Билингвалды компонент: ]құстар- птицы,торғай- ворбей, сауысқан-сорока.

Кім құстар, көктем туралы тақпақ біледі?

Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

Торғай, торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтекесі бұлтиып
Шиық,шиық десіп отырады.

Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мен жағалап суатты,
Сай саламен су ақты.

Көктем келді бүгін,
Күнім төктті нұрын,
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз
Көкке қолды созамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Қарлығаш боп ұшамыз,
1-2-3 жаттығуды жасаймыз.

Ендеше балалар торғайдың бейнесін жапсырмалауғада болады.ермек саздан да жасауға болады. Қараторғайға коп достар жасап берейікші.

Балалардың жұмысы

Ендеше жапсырма жұмысын жасайтын балалар, бірінші сопақша денесін алып кленкаға қоямыз,қылқаламды оң қолымызға алып желімге ақырын малып жағамыз, шүберекті алып алақанымызбен басамыз,қалған дене мүшелерін жапсырамыз.мақта таяқшаны бояуға ақырын малып аяқтарын саламыз, жемде саламыз.

Ал, енді ермексазды аламыз алақанымызға салып ұқалап домалақтаймыз басын, денесін сопақша қылып жасаймыз бір біріне жапсырамыз, тұмсығын құйрығын шымшып жасаймыз,оларға қамқор жасау керек жем жасаймыз.

Жапсырма жұмысын жасаған балалар жұмыстарын тақтаға іледі, ал мүсіндеу жұмысымен айналысқан балалар тоғайға әкеліп қояды.
-Жұмыстарын әдемі, таза болыпты.
Балалар қуанады, қараторғай балаларға тәтті заттарын беріп, ризашылығын білдіріп ұшып кетеді.

-Біз бүгінгі ҰОҚ не туралы айттық?

-Сауысқан, торғай,көгершін барлығы бәр сөзбен қалай аталады?
-Сендерге бүгінгі қызметіміз ұнады ма?

Күтілетін нәтиже:

Білуі: ● Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстары туралы мәліметті.
● Құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөнінде түсінеді.
Меңгеруі: ● Суреттердегі құстардың ерекшеліктеріне әңгіме құрастыра білу.
● «Құстар» деген сөздің мағынасын меңгереді.
Жасай алуы:● Берілген тапсырмаларды орындайды Тәрбие.орг сайтынан ҚҰСТАР КЕЛДІ ӨЛКЕГЕ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каржауова Маржан Жандаровна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №53 "Ер-Асыл" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar