Степ аэробикасы бізбен бірге

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 273
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22950


Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балаларға степпен орындалатын жаттығуларды үйрету. Степте орындалатын жаттығулар денсаулыққа өте пайдалы екендігін түсіндіре отырып салауатты өмір салтын дамыту. Топ болып ұйымшылдықпен әрекет етуге тәрбиелеу. Ептілікке, мұқияттылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Құрал-жабдықтар: степ платформалар, шығыршықтар, доптар, және т.б.
Өткізілетін орын: дене шынықтыру залы.
Сабақтың барысы: Әуенмен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар, көңіл күйлерің қалай.
Балалар: Сәлеметсіз бе, жақсы.
Жүргізуші: Олай болса балалар «Степ аэробикасы бізбен бірге» атты спорттық мерекемізді бастаймыз. Балалар, білесіздер ме степ аэробика біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Ол 1- ден адам ағзасындағы қан тамырларының дұрыс қызмет етуін қадағалайды, адамның жүрек қан тамырларының дұрыс соғуына ықпал етеді. Буын ауруларының алдын алады. Әр уақыт спортпен айналысып жүрсек ауырмаймыз. Солай ма балалар?
Балалар: ия.
Негізгі бөлім:
1- Алақандарды ысқылап жәй жүріс.
2- Қолды алға қарай созып алақандарды ашып жауып жүру.
3- Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
4- Екі қолды артқа қойып аяқтың өкшесімен жүру.
5- Қолды екі жанына созып аяқтың сыртқы қырымен жүру.
6- Тізені көтеріп шынтаққа тигізіп жүру.
7- Жәй жүгіру.
8- Степ платформалардың үстінен аттап жүгіру.
9- Дем қалпына келтіріп жүру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1- басты оңға, солға бұру. 4-5 рет
2- Қол белде, иықты жоғары төмен түсіру. 4-5 рет
3- Қол төмен түсірулі иықты жоғары төмен қимылдату. 4-5 рет
4- Оңға солға жартылай отырып қолды алға созу. 5-6 рет
5- Степке міну сонымен қатар екі қолды кезегімен жоғары көтеріп түсіру. 4-5 рет
6- Стептің бұрышынан бір аяқпен қадам басып міну, екінші аяқ артта, қолды жоғары көтеріп шапалақ соғу. 4-5 рет
7- Жәй жүріс степке міну, алдыға түсіп айналып оң жағымен орнына келіп тұру, сол жағымен де дәл солай қайталау. 4рет
8- Оң, сол аяқты кезегімен степке қою, сонымен қатар алға итеріліп екі қолды екі жанына созу. 4рет
9- Еңкейіп степті қолмен тіреу, тізені бүгіп отырып тұру, тұрып қолды жоғары көтеру. 2 рет.
10-Степке міну сонымен қатар екі қолды кезегімен жоғары көтеріп түсіру. 4-5 рет
11-Стептің бұрышынан бір аяқпен қадам басып міну, екінші аяқ артта, қолды жоғары көтеріп шапалақ соғу. 4-5 рет
12- Жәй жүріс степке міну, алдыға түсіп айналып оң жағымен орнына келіп тұру, сол жағымен де дәл солай қайталау. 1 рет
13- Оң аяқ алға созу, б.қ.ор, сол аяққа қайталау. 4-5 рет
14- степке отыру. Аяқты кезек –кезек алға созу, б.қ. ор. 5-6 рет
15- аяқтың арасын ашып отыру қолды созып оң аяққа иілу. Сол аяққа иілу. 4р
16- аяқты тізеден бүгіп жинау, алға созу мен қатар екі қолды жоғары көтеру. 2рет.
17- Степке міну сонымен қатар екі қолды кезегімен жоғары көтеріп түсіру. 4- рет
18-Стептің бұрышынан бір аяқпен қадам басып міну, екінші аяқ артта, қолды жоғары көтеріп шапалақ соғу. 4- рет
19- Степке оң аяқпен міну сол аяқты тізеден бүгу. Қолды екі жанына созу. 4-р
20- Жәй жүріс степке міну, алдыға түсіп айналып оң жағымен орнына келіп тұру, сол жағымен де дәл солай қайталау. 4рет
21- степте тұрып терең тыныс алу.
Негізгі қимыл-қозғалыс:
1. Қатар тұрған степ үстімен аяқтың ұшымен жүріп өту.
2. Степ үстімен еңбектеу.
3. Степ үстіне қолын қойып еңкейіп екі жанына секіру.
Эстафеталық ойын:
1- сайыс: «Кім жылдам?» .
Шарты: Стептің арасымен айналып белгіленген жерге дейінқолындағы жалаушамен барып қайта келу.
2- сайыс: «Кім епті?»
Шарты: Басына дөңгелек ойыншықты қойып степ арасымен белгіленген жерден айналып келу.
3-сайыс: «Паравоз»
Шарты: Бірінші бала жүгіреді, белгіленген жерден айналып келіп қалған балларды дәл солай кезегімен ізіне тіркеу керек. Қай команда бірінші тіркеліп мәреге жетсе сол жеңімпаз атанады.
Қорытынды.
Жүргізуші: Қалай балалар степ аэробикамен жаттыққан ұнадыма?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Біз қандай жаттығулар орындадық және қандай құралдар пайдаландық.
(Балалардың жауабы).
Жүргізуші: Ал ойындар ұнады ма?
Балалар: Ия. Өте көңілді болды.
Жүргізуші: Олай болса балалар осы әдемі көңіл-күймен бүгінгі спорттық мерекмізді аяқтаймыз. Үнемі осылай спортпен шұғылданып жүріңдер. Денсаулықтарың мықты азамат болып өсесіңдер. Баршаңызға рахмет, келесі кездескенше қош сау болыңдар.
Балалар қоштасып әуенмен залдан шығып кетеді.

[email=tarbie.org@mail.ru]

[/email] Тәрбие.орг сайтынан Степ аэробикасы бізбен бірге Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтбаева Альфия Шерипбаевна

Маңғыстау обл Мунайлы ауд Манғыстау 4 елді мекен "№8"Алтын сақа"балабақшасы" дене шынықтыру

Пікірлер: 0

avatar