Су және оның қасиеті

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 202
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 13/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23086


Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Су және оның қасиеті»
Мақсаты: Балаларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы айтып, көрсетіп, түсіндіру.Балаларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.Суды үнемдеп пайдалануға және қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғауға үйрету.Ойын түрлері арқылы табиғатты қорғай білуге үйрете отырып, сөздік қорын дамыту.Экологиялық тәрбие беру.
Білімділігі: Балаларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру
Көрнекіліктер: карточкалар, суреттер, су құйылған ыдыстар.
Қостілділік компонент:
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу.
Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Жылулық шеңберге тұрайық.
Ал енді Бір – бірімізге қарап бір бірлеріне жылы тілектер айтыңдар.
Ұйымдастыру іс – әрекеті:
Топпен жұмыс:
Тәрбиеші:
Балалар, мен балабақшаға келе жатып жолда бір тамшыны кездестірдім, ол бізге қонаққа келе жатыр екен. Тамшы жалғыз емес, қасында кішкентай тамшылары бар екен, олар бізге жұмбақ жасырып алып келіпті. Біз жұмбақты шешейік па?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше жұмбақтарды мұқият тындаңдар
1- жұмбақ:
Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады.
(өзен)
2- жұмбақ:
Көзі жасты – жылауық, келе жатыр бір алып
(бұлт)
3-жұмбақ:
Тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
Тәрбиеші: Өзен, бұлт, жаңбыр осы сөздердің бәрін біріктіріп ойланып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, балалар?
Балалар: су
Тәрбиеші: Дұрыс су, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Су және оның қасиеттері»
Сұрақ – жауап:
Су адамға не үшін қажет?
Су жануарларға не үшін қажет?
Су өсімдікке не үшін қажет?
Ал су құрып кетсе не болады?
«Судың да сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетін маңдайын.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін зерттеушілер боламыз.
Зерттеуші деген, ол кез келген нәрсені зерттейтін адам.
Бүгін біз суды зерттейміз.
Зерттеу орталығы:
1-зерттеу: Су қандай?
Тәрбиеші: Балалар алдарындағы тұрған стакандарға қарандаршы не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Бір стақанда су бар,ал екінші стақанда түк жоқ.
Тәрбиеші: Балалар біз алдыменен судың қандай екенін біліп алайық, ол үшін алдарындағы суы бар стақандағы суды екінші стақанға ақырындап құйындар
Балалар: Бір стақаннан екінші стақанға суды құяды
Тәрбиеші: Балалар, су қандай қатты ма?
Балалар: жоқ,сұйық
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, су сұйық екен,суды біз қай жерден ала аламыз?
Балалар: Краннан,бұлақтан, өзеннен т.б.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар суды біз үйдегі краннан алып қолдана аламыз
Тәрбиеші: Балалар, біз бірінші зерттеуімізді аяқтадық, «Су қандай деген ?» сұраққа жауап бердік «Су сұйық зат» (Тақтаға суреттері ілінеді)
2 – зерттеу: Судың иісі бар ма?
Тәрбиеші: Балалар, алдарындағы суды иіскеп көріндерші судың иісі бар ма?
Балалар: Жоқ иісі жоқ
Тәрбиеші: Балалар, біз екінші зерттеуімізді аяқтадық, «Суда иіс бар ма?» деген сұраққа жауап бердік «Суда иіс жоқ»( Тақтаға суреттері ілінеді)
3 – зерттеу: Судық дәмі бар ма?
Тәрбиеші: Балалар, сендердің алдарында түтікшелер жатыр соларды алып суды ішіп көріндер
Балалар: Суды ішеді
Тәрбиеші: Судың дәмі бар ма?
Балалар: Дәмі жоқ
Тәрбиеші: Ал,ендеше екінші стақанда тұрған суды ішіп көріндер, дәмі бар ма?
Балалар: Бар
Тәрбиеші: Сендер не іштіңдер? Ненің дәмі екен?
Балалар: Шырын іштік, алманың дәмі
Тәрбиеші: Ал,суды ішкенде қандай дәм болды?
Балалар: Судың дәмі болған жоқ
Тәрбиеші: Балалар, біздің үшінші зерттеуміз аяқталды «Судың дәмі бар ма?»
деген сұраққа толық жауап бердік «Судың дәмі жоқ»( Тақтаға суреттері ілінеді)
4 – зерттеу: Судың пішіні бар ма?
Тәрбиеші: Балала, алдарындағы стақандағы судың пішіні қандай?
Балалар: Дөңгелек
Тәрбиеші: Дұрыс дөңгелек,ал енді суды басқа ыдысқа құйып көріңдерші пішіні қандай боды?
Балалар: Төртбұрыш болды
Тәрбиеші: Балалар, суда пішін болмайды, оны қандай ыдысқа құйсан сол ыдыстың пішінің қабылдайды. Міне балалар, біз төртінші зерттеуді аяқтадық «Судың пішіні бола ма?» деген сұраққа жауап бердік «Суда пішін жоқ» (Тақтаға суреттері ілінеді)
5 – зерттеу: Судың түсі бар ма?
Тәрбиеші: Балалар,судық түсін анықтау үшін,алдарындағы түрлі- түсті қағаз кесінділердің үстіне суы бар стақанды қойындар,қағаз кесіңділері көріне ма астынан?
Балалар: Ия көрінеді
Тәрбиеші: Енді балалар, екінші стақандағы сүтті алып түрлі – түсті қағаз кесіңділердің үстіне қойындар, қағаздар көріне ме?
Балалар: Жоқ көрінбейді
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар неліктен сүттін астынан кағаз кесіңделері көрінбеді?
Балалар: Өйткені сүттін түсі бар, ал судың түсі жоқ
Тәрбиеші: Балалар, біз бесінші зерттеуімізді аяқтадық «Судың түсі бар ма?» деген сұраққа жауап бердік «Судың түсі жоқ» (Тақтаға суреттері ілінеді)
Ойын: «Су жақсы, су жаман»
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Тәрбиеші үлтел үстіне карточкалар тастайды ,бірінші топтың балалары «Судың жақсы жағы» деген сұраққа жауап берулері керек, ал екінші топтың балалары «Судың жаман жағы» деген сұраққа жауап берулері керек. Масалы: Судың жақсы жағы -тамақ істеу, ыдыс жуу,жууну. Судын жаман жағы – суға батып кетуге болады,киімнің бәрі су болады т.б.
6 – зерттеу: Су - еріткіш
Тәрбиеші: Балалар, мына үстел үстіндегі үш ыдысқа назар аударайық.Бұл ыдыстарды не бар екенін білу үшін жұмбақтар шешейік,келісесіңдер ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше мұқият тыңдандар
1 – жұмбақ:
Қар дейін десем,
Қап-қатты.
Тас дейін десем,
Тәп-тәтті.
(Қант)

2 – жұмбақ:
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.
(Тұз)

3- жұмбақ:
«Сары, ал күн емес,
Құйылады, ал су емес,
Табада - көбiктендiредi,
Себеленедi және быжылдайды.
(сұйық май)
Тәрбиеші: Дұрыс балалар.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойласыңдар неліктен қант пен тұз судан қорқады?
Балалар: Өйткені олар суда еріп кетеді
Тәрбиеші: Тамаша,дұрыс айтасыңдар
Тәрбиеші: Енді біз сендермен бір тәжірибе жасап көрейік.Мына екі су құйылған ыдыстарға біреуіне қант,біреуіне тұз қосып көрейік.
Балалар: Балалар, ыдыстарға қант,тұз,қосады да араластырады.Қант пен тұз еріп кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, қант пен тұзға не болды?
Балалар: Олар суда еріп кетті
Тәрбиеші: Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар су қант пен тұзды ерітіп жіберді, ал сұйық майды еріте алама екен. Тағыда бір тәжірибе жасап көрейік. Суға май қосамыз. Не болды?
Балалар: Май еріген жоқ, ол судың бетінде қалқып жүр
Тәрбиеші: Балалар, біз қант,тұз, маймен тәжірибе жүргізе отырып судың қандай жаңа қасиетімен таныстық?
Балалар: Бір заттарды еріте алса ,бір заттарды еріте алмайды
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар
Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы май қосылған суды ішуге болады ма?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Ендеше май құйылған суымызды тазартайық, ол үшін біз оны сүзгі көмегімен тазартамыз. Сүзгіні жасаудың ең оңай жолы, ол алдымыздағы майлықтарды алып, таза ыдыстың үстіне қойып майлы суды ақырындап таза ыдысқа құйу керек.
Балалар: Өздігімен жұмыс жасайды
Тәрбиеші: Құйып болған балалар, өздерінңін ыдыстарына қарап көріңдер,су қандай болды?
Балалар: Су таза болды
Тәрбиеші: Балалар, майдың бәрі қайда қалды?
Балалар: Сүзгіде қалды
Тәрбиеші: Дұрыс балалар,жарайсыңдар. Сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, тас суға бата ма? Кім біледі?
Тәрбиеші: балалар, ендеше біз сендермен зерттеп көрейік тас пен ағашты қайсысы суға батады екен
7 – зерттеу: Екі ыдысқа су құыйп біреуіне тас, ал екіншісіне ағаш текше саламыз. Бірінші ыдыстағы тас батып кетті, ал текше судың бетіне қалқып шықты. Неліктен?
Балалар: Тас ауыр,ал текше жеңіл
Тәрбиеші: Балалар тас судан ауыр болғандықтан суға батып кетті,ал ағаш судан жеңіл сондықтан ол судын бетіне қалқып шықты.
Тәрбиеші: Балалар, бізге хат келіпті, бұл хатты бізге кемпірқосақ жазыпты. Хатты оқимыз ба?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше тындандар
«Құрметті балалар, мен сендердің суды зерттеп жатқандарыңды естідім. Жаңбырдан кейін күн сәулесі шығып, жаңбырдың ұсақ тамшыларынан кемпірқосақтың түстері пайда болады, ал сендер зерттеп жатқан су арқылы менің түстерімді жасап бере аласыңдар ма?»
Тәрбиеші: Кемпірқосақ жасай аламыз ба?
Балалар: Балалардың жауаптары
Тәрбиеші: Ендеше балалар, мен сендерге бір сиқыр көрсетейін. Сиқырды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия
8- зерттеу: Алдыменен түрлі түсті акварель бояуын, бокал, қылқалам,қант,5- кішкентай стакан, шприц және су дайындап аламыз. Содан соң 5 стаканды ортаға қойып 1- ші стақанға ештене салмаймыз, 2- ші стақанға жарты шәй қасық қант саламыз, 3 – ші стақанға бір шәй қасық қант саламыз, 4- ші стақанға бір жарым шәй қасық қант саламыз,5- ші стақанға екі шәй қасық қант саламыз. Әр стақанға қанттың үстінен бірдей су құямыз да, қылқаламмен араластырамыз.Қант ерігеннен соң әр стақанға түрлі түсті акварель бояуын қосамыз. Мысалы: 1-ші стақан – қызыл түс,екінші стақан – жасыл түс, 3 – ші стақан – сары түс, 4- ші стақан – көк түс, 5- ші стақан – күлгін түс.
Енді бірінші стақандағы түрлі түсті судан бастап шприцпен алып үлкен бокалға ақырын құямыз,барлық стақандағы суды кезекпен боқалға құйыу керек. Бокалға құыйлған түрлі түсті су кемпірқосақтың жолақшаларындай түрлі түсті болып сиқырлы суға айналады.
Тәрбиеші: Балалар, тамшылар бізбен қоштаспақшы, олар сендерге өте риза болды сендер су туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.Сендерге сыйлықтар тастап кетті
Балалар: Тамшылармен қоштасады
Қорытынды:
Балалар, сендер су деген сөзді естігенде көз алдарына не елестетесіңдер?
Су не үшін қажет? Сусыз өмір бар ма?
Тәрбиеші: Балалар,мына түрлі – түсті бүктелген қағаздарды сендерге тамшылар тастап кетті, ол не екенін көргілерін келеді ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше балалар, қағаздарыңдағы қағаздарды мына суға тастаңдар,не болатының көрейік.

Рефлекстік - түзетуші
Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса күнге шуақтарын жапсырамыз, ұнамаса бұлтқа тамшылар жапсырамыз. Ал енді сабақ сендерге несімен ұнады? Несімен ұнамады?
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Су тіршілік көзі
Нені игереді: Судың адамға, жануарларға, табиғатқа не үшін қажет. Суды қадірлеу керек Тәрбие.орг сайтынан Су және оның қасиеті Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баданова Фарида Танирбергеновна

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы "Еркетай" сәбилер - балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar