Суды қорғау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 271
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20837


Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:1.Судың адам өміріндегі маңызын айтып түсіндіру,
оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2.Дүниетанымын, ой өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер,мақал-мәтелдер, слайдтар, физикалық карта
бейнеклип.
Түрі:аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылыардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Қазақстанның өзендері мен көлдерін картадан көрсету
2.Өзендер мен көлдердің адам өміріндегі маңызын айту
3.Арал теңізі мен Балқаш көліне құятын қандай өзендер мен көлдерді білесің
Психологиялық дайындық
-Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды ата\жарық,су,ауа,тағам,жылу\
-Ендеше осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатырсақ керек болады/су\
-Судың қандай қасиеттері бар
-Судың қанша күйі бар
4 жол өлеңді хормен оқу
Су деген-тіршіліктің наны емес пе
Су деген-табйғаттың жаны емеспе
Су жоқжерде өмір жоқ,ол-ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емеспе

III. жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндірмесі
Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды.Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді.Адам денесінің жалпы салмағының жартысынан астамы судың үлесіне тиеді.Су егін егуге,өндіріске, күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болуда.Жер бетінің 2/3 астамын су алып жатыр.Бірақ оның 98% пайдалануға жарамайтын теңіз бен мұхиттың тұзды суы ...Сондықтан 00,1%–ын ғана пайдалана алады.Оның үстіне өндіріс орындарынан тұрмыс мұқтажын өтеуден шыққан сарқынды су,егістіктерден тыңайтқыштармен,улы заттармен уланған өзен,көл жер асты суларын ластайды.Осының бәрі су қоймаларындағы судықорғау қажеттігін туғызады. (сурет көрсету).<<Арал қасіреті>> туралы түсіндіру«сурет,бейнеклип көрсету»

Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп тізбектеп оқу.
Ой толғау

Мақал жалғастыру,жаңылтпаш айту.
Мақсаты:түсіп қалған сөзді тауып айту.
1.Таулы жер бұлақсыз болмас,
... жер құрақсыз болмас.(сулы)
2.От арық, ... семіз(су)
3.Сөздің басы-құлақ
... басы-бұлақ(судың)
4.Азған елде намыс жоқ,
...жерде қамыс жоқ(сусыз)

IV.Сергіту сәті

V.Жаңа сабақты бекіту
1.Адам суды қайда пайдаланады?
2.Суды ластаушы заттарды ата.
3.Табиғаттағы судың ластануы туралы білгеніңді айтып бер.
4.Суға қандай зиянды қалдықтар түседі,олар ағзаларға қалай әсер етеді?
5.«Арал қасіреті» дегенді қалай түсінесің?
6.Ауылымыздағы Ноғайты өзені туралы не білесің?
7.Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекет жасауы керек?

Топтық жұмыс
1-топ Су туралы мақал -мәтелдер айту
2-топ Су туралы тыйым сөздер
3-топ Судың пайдасы мен зияны

Сен білесің бе?
1.«Сусыз тіршілік жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек.Ғалымдардың бақылауы бойынша Мысалы:ит тамақсыз 30-40 күн,сусыз 3-4күн ғана шыдайды екен.
2.Су өсімдіктің негізгі бөлігін құрайды.Мысалы: қарбыздың 98%-ы,қиярдың 95%–ы,картоптың80%-ы судан тұрады.Адам ағзасының жартысынан астамы судан тұрады.
3.Адам терлеген кезде дене температурасы төмендейді.Тер адам денесінің температурасын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі.Қатты қызудан сақтайды.

VI.Үйге тапсырма

VII. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Суды қорғау Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есболова Назгүл

Пікірлер: 0

avatar