Сылдырлайды мөлдір су (ІІ сәбилер тобы)

  • Жүктеулер: 18
  • Көрсетілім: 2245
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 02/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19159


Тақырыбы: Сылдырлайды мөлдір су (ІІ сәбилер тобы)
Білім беру саласы: Қатынас, таным
Бөлімі: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Балалардың жеке бас гигиенасы, тазалық, саулық туралы білімдерін бекіту Тазалықтың пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды жинақылықа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Қостілдік компонент: сабын – мыло
Сүлгі – полотенце
су - вода
Қажетті құралдар: суы бар құмыра, орамал, тарақ, айна. Жұмсақ ойыншықтар: күшік, тышқан, мысық, торай, ширма
Алдын-ала жүргізген жұмыстар: Менжанованың «Сылдырлайды мөлдір су» өлең тақпағын оқып-жаттау, К. Чайковскийдің «Кірқоймас» өлеңінің үзінділерін оқып беру, салауатты өмір сүру туралы әңгімелер жүргізу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бізге қонаққа көп апалар келіпті, бәрдерімен амандасайық. «Ұйқымызды ашайық» деген ойын ұйымдастырылады (балаларды шеңбер бойымен тұрады, тәрбиеші ортаға тұрып, өлең - шумаған оқып, қимылдарын көрсетеді, балалар қайталайды)
Таңертең біз тұрамыз, (орындарында жүреді)
Керіліп-созыламыз (керіліп-созылады)
Басымызды сілкіп, (қолдарын артқа созып, бастарын оңға -солға сілкиді)
Орнымызда жүгіріп, (орындарында жүгіреді)
Ұйқымызды ашамыз.
Сабын суды аямай беті қолды жуамыз (беттерінің маңайын алақандарымен айналдырып әрекет жасайды)
Шашымызды тараған соң, (бастарын төбесіне самайына дейін сипайды)
Ұқыпты боп киініп, (жұдырықтарымен кеудесінен санына дейін екі рет сипап- түсіреді )
Ойнауға шығамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді орындықтарымызға отырамыз.
Шаштары үрпиген,кір қолдарына доп ұстап, топқа кірқожалақ кыз келеді
А. Бартоның «Доп» тақпағын оқиды
Тәрбиеші: Кызым, сен жуынғанға ұмытып кеттің бе?
Кір қожалақ қыз: Жуынған жоқпын, оның несі бар.
Тәрбиеші: Жануарлар қызды көріп, шошып кетті бастарын ұстап.
(пердеден кезек-кезек жануарлар шығып, қызға таңғалады)
Тәрбиеші: Қаз айтты
Қаз: Жуын, қарағым
Тәрбиеші: Үйрек тез айналды
Үйрек: Келмес саған қарағым.
Тәрбиеші: Мияулап мысық кекетті
Мысық: Кеп тұр сені жалағым.
Торай: Ұнайды, бұл маған.
Тәрбиеші : айтты шошкасы ғана даланың
Кір қожалақ қыз: Қойыңдаршы өзі. (қашқандай қимыл жасайды)
Тәрбиеші: Балалар, сендер де далаға кір болып шығасыңдар? Сартқа шығар алдында айнаға қарап үсті-бастарыңды дұрыстап шығу керек. Солай ма балалар?
Тәрбиеші: Қарашы өзіңе айнаға, сен дұрыс жуына да алматын шығарсың.
Кірқожалақ қыз: Жуына алмаймын.
Тәрбиеші: Балалар, қызды жуынуға үйретейік пе? Ол үшін бізге не керек ? (су, сабын, орамал)
Тәрбиеші топқа суы бар құмыраны, тегенені, сабын-орамалды кіргізіп қояды
Ендеші, біздің алдымызда қолжуғыш тұрғанын елестеңдер. Краннан су жіберер алдында не істейміз? (көйлектеріміздің, жейделеріміздің жеңдерін сулап алмау үшін жеңдерімізді түреміз)
- Дұрыс айттыңдар. Рахат, көрсетші қызымызға жеңімізді қалай түреміз. Ал сен қарап, Рахат сияқты істе. Жеңімізді түріп, қолымызды сабынмен жуу керек
- Жеңімізді түрдік, енді қолды қалай жуу керек екенін түсіндірейік, бір алақан бір алақанды жуады.
- Фариза, көрсетші.
(Тәрбиеші құмырадағы суды тегенеге ағызып, қызға жуынуға көмектеседі)
- Ең алдымен қолды сулап аламыз, содан соң сабындап, бір алақанды бір алақаңға үйкелейміз, сабынның көпіршіктерін жақсылап шайамыз.
- Қолды жуып болған соң не істеу керек.(қолды раковинаға сілку керек)
- Әсел, көрсетші қалай. Қолымызды құрғатып сүртеміз.
- Қызымыз да тап-таза болды. Енді шашын тарап берейік.
Кірқожалақ қыз: Рахмет сендерге, балалар! Мен енді қана ұқтым таза болып жүру қандай керемет және денсаулыққа пайдалы
Тәрбиеші : Сен соны ұққаныңа біз өте қуаныштымыз
Динамикалық пауза:
«Сылдырлайды мөлдір су»
Кірқожалақ қыз: Мынау недеген сандық, ішінде не бар екен?
(тәрбиеші сандықты ашып, қағаз парағын алып шығады)
Тәрбиеші: Не жазылғанын оқиын ба?
Орамалмен қол жуады.
Тарақпен сүртінеді.
Тіс щеткасымен сабындайды.
Сабынмен шашты тарайды.
- Балалар, мен түк ұқам жоқпын, біреу бәрін ауыстырып тастапты.
- Бірге ретке келтіруге тырысайық.
Тәрбиеші жеке бас гигиеналық заттарды сандықшадан шығарып көсетеді, балалар оларды қалай пайдалануын түсіндіреді.
(тазалық туралы тақпақ-өлеңдерін тыңдау)
Тәрбиеші: Осы заттар бізге таза, ұқыпты болуға көмектеседі. Балалар, бүгін біз жақсы бір іс жасадық, Кірқожалақ қызға таза болуға көмектестік.Өйткені сендер өздерің де таза болу үшін жеке бас гигиенаның ережелерін сақтайсыңдар. Енді мен білемін сендер басқаларға да көмек көрсете аласыңдар. Ал сандықтан шыққан гигиеналық заттарды қызға сыйлайық сыйлайық. Қыз балалрға рахметтерін айтып, тәтті Тәрбие.орг сайтынан Сылдырлайды мөлдір су (ІІ сәбилер тобы) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бабатаева Роза Кабировна

ШҚО Самар ауылы КМҚК "Дәншік" балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar