«Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні –мектепке дейінгі тәрбие ошағы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 277
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22548


Астана қаласы әкімдігінің
№63 «Әсем-Ай» балабақшасының«Алпамыс» «Ақбұлақ»
шағын орталығының әдіскері: Кабылова Румхан Балгабаевна.
«Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні –мектепке дейінгі тәрбие ошағы»
Қазақ елінің ғасырлары бойы аңсаған тәуелсіздікке міне 25 жыл, оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі балаларымыздың қолында. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып,олардың өнерлі де тәрбиелі болып бой түзеуіне балабақшаның маңызы зор. Балаларымыздың болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселені Астана қаласы әкімдігінің №63 «Әсем-Ай» балабақшасының «Алпамыс» «Ақбұлақ» шағын орталығының күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Балалардың физикалық, шығармашылық және интеллектуалдық дамуына ықпал ететін біздің орталық. Шағын орталықтың ұйымдастырушылық дамыту кеңістігі әр баланың өзіндік қабілеттерінің дамытуына, білім алуына жағдай жасалған. Шағын орталыққа 4 жастан -6 жас аралығында балалар қабылданады. Шағын орталық екі ауысыммен жұмыс жасайды, «Ортаңғы»- 4 топ, «Ересектер» -10 топ және «Мектепалды даярлау»-16 топ, психологиялық- түзету 2 тобы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылған. Шағын орталықта білікті мамандар жұмыс атқарады атап айтқанда : Баишева А.М. Арзыкулова Р.Ш. Зейнуллина.З К. Каукербекова Д.С.Нурмухамбетова С. Т.Нуриманова.А. К. Шалабаева М. А.Ильясова.А. М. Батанова.А. А. Уисинбекова А. Ж. Кунакбаева Г. Т. бұл аталған педагогтар баланың тәрбие алуына және білім алуына үлкен көңіл бөледі. Шағын орталық ойыншықтар мен құрал-жабдықтармен, оқу материалдарымен қамтылған. Жыл сайын орталық тәрбиешілері Астана қаласында қалалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында білімдерін көтеріп отырады. Әр педагог жыл бойында ашық оқу қызметін, мерекелік көрсетілімдер ата-аналардың қатысуымен өткізіп отырады. Орталық қызметкерлері қала балабақшаларына семинарларға барып, тәжірбие алмасады. Сондай – ақ шағын орталықта әр баланың денсаулығын және психологиялық күйді сақтандыру мақсатында шағын орталықта медбике және психолог мамандары балалармен тығыз қарым-қатынас жасап, жұмыс істейді. Орталықта медбикенің жабдықталған кабинеті және жабдықталған психолог кабинеті бар. Ертеңгіліктердің, тәрбиелік шаралардың орталықта жиі өткізіліп тұруы, балалардың өздерін қалай ұстауы, қалай тұруы, тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйретеді. Сонымен бірге орталықта оқу іс-әрекеті кезінде балалар бір-бірімен татулықты, сыйластық сезімдерге бөленеді. Шағын орталықтың басты мақсаты балаға тиісті дәрежедегі жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру болып табылады. Біздің шағын орталықта бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Қазіргі Білім беру саласы « Коммуникация» ұйымдастырылған оқу қызметіне «Драманың» қосылуы мектепке дейінгі балаланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде ерекше рол атқарады. Саханаландырған қойылым арқылы балалар нағыз театр өнеріндегідей– дауыс ырғағы, бет-әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы нақты бейнелерді қалыптас- тыруды үйренеді.Ертегілерді саханалауда балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Шагын орталықта тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді. Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады.Адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған дұрыс. Ойын негізінен балаларға денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады » -деді. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойын процессінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рол атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды. Мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі: Байшева Алтынай Максұтханқызының сауат ашу негіздеріне ақпаратты құрал ретінде кеспе әріптерді,текшелерді, әуенді кестені, сыйқырлы қаламды, үлестірмелі заттарды қолданады сонымен қатар мақал-мәтел, жұмбақтар ,жаңылтпаштар ,өлең шумақтарын жатқа айтқызады. Сөйлеу мәдениетін дамыту арқылы балалар ертегілер желісі бойынша қойылымдар қойып ,түрлі кейіпкерлер бейнесін, мінез-құлқын салып өз ойларын жеткізе алады, Мысалы «Жеті лақ», «Шалқан» т.б ертегілер. Балаларға ертегі оқып берген ұнайды . Олар көз алдарына елестету арқылы ойлау қабілеттері ,есте сақтау, зейін қою,тыңдау кейіпкерлердің жағымды жағымсыз жақтарын ажырата алады. Балаларға үлестірмелі материалдар беріпте қызықтыра біледі.Әр ұйымдастырылған оқу қызметінде сергіту сәттерін тақырыпқа сай болуына көп мән береді. Әліде көптеген жұмыстарды балалармен жасап,алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жетеді.
Арызкулова Роза Шырынбайқызы « Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде балаларға 1-20 дейінгі сандарды тура және кері санау ,санамақтар , аяқ іздері , геометриялық пішіндерді үлестірмелі дидактикалық материалдарды үнемі қолданады . Оқу қызметі балаларға қызықты болуы үшін ойын элементтерін араластырып , көбірек жарыс түрінде өткізеді. Бұнда балалардың әрбір дұрыс жауабына жұлдызшалар тарату арқылы қызықтырады. Біздің шағын орталығымызда ағылшын тілін ерте жастан оқытуда ең негізгі орыны фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдіс-тәсілдерді ойын ойнату арқылы белсенді жұмыстар жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау болып табылады, сондықтан, ағылшын тілін үйрету үшін осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалады. Ойындар арқылы балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балалар ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу қажет. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде балалар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және білім алу үшін арнайы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс істейді. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетің әрбір маманның міндеті: баланың, соның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін біліктілік қабілетін қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетімен эмоциялық ерікті жағының кемшіліктерін еңсеру, өз бетімен өмір сүруде, балаларды қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау, осы балаларды оқыту процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды пайдаланады .
Шағын орталықтағы әр маман баланы тәрбиелеуде бала мен педагогтың тығыз байланысы нәтижесінде баланы адамгершіліке тәрбиелей отырып,тіл байлығын ,сөздік қорын , ой-өрісітерін кеңейтеді, жеке тұлға болып, өздеріне сенімді, қабілетті ,әдепті, көрегенді, қайырымды болыуна, үлкендерді сыйлауға тәрбиелейді. Тәрбие.орг сайтынан «Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні –мектепке дейінгі тәрбие ошағы» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабылова Румхан Балгабаевна.

Пікірлер: 0

avatar