Тәрбиешілерге арналған тренинг "Мен кереметпін"

  • Жүктеулер: 34
  • Көрсетілім: 2175
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19623


«Мен кереметпін»
Мақсаты: Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру және топтасып жұмыс істеуді дамыту.
Қатысушылар: тәрбиешілер.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Көрнекілігі: тақта,үнтаспа
Барысы: І. Танысу
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті әріптестер!

. а) Бүгінгі біздің тренингіміз бірнеше бөлімнен тұрады.І –бөлімі-танысу- Біз тапсырмалар мен жаттығуларды бірге жасау үшін жиналып отырғандықтан ең алдымен өзара түсінігімізді таныстықтан бастайық. (визиткалар таратылады)
ә) тренинг барысында өзіңізді қалай атағанын қалайсыз,солай жазыңыз (атыңызды немесе атыңызды әкеңіздің атымен қосып,апай т.б.) Енді өзіңізді таныстырыңыз,өзіңіз қалаған қалыпта (иіліп,т.б.)
б) рахмет,біз бір-бірімізге алғашқы қадамды жасадық.
Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп керемет болғымыз келеді. Ал енді «керемет» дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы керемет сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік.Енді барлығымыз «Керемет» сөзіне ұқсас бір-бір сөзден айтып көрейік: идеал,үлгілі,өте жақсы,тамаша т.б.
Жүргізуші: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «керемет» сөзіне анықтама бар: бұл «үздік,өте жақсы,ғажайып,тамаша » деген мағынаны береді.Енді осы өте жақсы қасиеттерді өз бойымыздан іздеп көрейік,керемет болмаса да бойымызда таң қаларлық, елді елең еткізерлік мінез болуы мүмкін.
Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп керемет болғымыз келеді. Ал енді «керемет» дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы керемет сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік.Енді барлығымыз «Керемет» сөзіне ұқсас бір-бір сөзден айтып көрейік: идеал,үлгілі,өте жақсы,тамаша т.б.
«Көңілді музыка» ойыны
Мақсаты: бойдағы шаршаудан,стресстен арылу.
Шарты: шеңбер бойымен тұрып,бір-бірінің иықтарына қолдарын қояды.Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп,иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері қайталанып отырады.
Жүргізуші: Рахмет,бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын. Тренингіміздің келесі бөліміне өтеміз. Бірінші бөлімде біз «керемет» сөзінің мағынасын айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін керемет деген ұғымды балалардың көзімен (оқушылардың) түсінуге тырысып көреміз.
Ол үшін екі топқа бөлінеміз: 1-топ: бастауыш сынып оқушылары (Балдырған тобы), 2-топ:жоғары сынып оқушылары (Балауса тобы).Жайлы,жақсы отырып алыңыздар,екі қолдарыңызды тізеге қойып,орындыққа арқаларыңызды тигізіп жайланып отырып,көз алдарыңызға бастауыш және жоғары сыныптағы керемет педагогтарыңыздың жақсы қасиеттерін естеріңізге түсіріңіздер.
Қорытынды: «Балдырған» тобының пікірі: педагог мейірімді,әділ,әдемі,көңілді болуы керек.
«Балауса» тобының пікірі: педагог өз мамандығының кәсіби шебері,қатаң,қазіргі талапқа сай,жаңашыл болуы керек.
Жүргізуші:Ал енді сіздер қазіргі кейіптеріңізге еніп,тәжірибелі,керемет педагог болуға тырысыңыз.Екі топ біріге отырып бастауыш сыныптағы және жоғарығы сыныптағы ұстаздарыңыздың естеріңізге түскен жақсы қасиеттерін талқылап көрелік.
Тақтаға жазамыз.Біздің есімізге түскен тамаша педагогқа тән жақсы сапалар: әділ,кәсіби шебер,мейірімді,жаңашыл т.б. біздің бойымыздан табылады деп ойлаймын, яғни біз біз – кереметпіз!
Релаксация: (Баяу музыка әуені ойналады.) Көзімізді жұмамыз.Денемізді бос ұстаймыз.Сіздер өзен жағасында отырсыздар,судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып,күн шуағы денеңізді жылытады.Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер,құм аяқтарыңызды күйдіріп барады.Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз.Өте жақсы дем алдық.Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм,жылы су, табиғат деген қандай тамаша!Кең дем аламыз,ақырын демімізді шығарамыз.Біздің басымыз артық ойлардан тазарды.Біз өзімізге күні бойғыға жетер жігер,қуат жинадық,біздің көңіліміз қуанышты.Біз осы өмірдегі ең бай,байсалды,білімді,керемет жандармыз!
Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз.Бір-бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз.Біз қандай бақыттымыз!,Қандай кереметпіз!
Біздің кездесуіміз аяқталып келе жатқан секілді.Бүгінгі жұмысымыздың нәтижесіне орала отырып, нағыз «керемет» педагогтардың мықты жақтарын еске түсіре отырып бір-бірімізге комплимент айтайық.
«Комплимент» ойыны
Мақсаты: қатысушылардың тіл табыса алуын,бір-бірін толық тануын дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез-келген жағымды комплимент айтады (Біздің тақырыпта мыс. «өте жаңашыл», «нағыз кәсіби педагог»т.б.),ал қалғандары ол комплименттің кімге арналғанын табады.Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады.Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді.
Жаттығу «Сыйлық»
Біреуге сыйлық беру немесе сыйлық алу деген тамаша емес пе?Олай болса «Сыйлық» деп аталатын ойын ұйымдастырайық.Әр топ өзге топқа қандай сыйлық бергілеріңіз келетінін ойластырып,сол сыйлықты ыммен,мимикамен түсіндіріңіздер,ал сіздер (қарсы топ) не сыйлық екенін тауып көріңіздер.
Сыйлықтарыңызға рахмет! Сіздер өте мырза екенсіздер.
Жаттығу «Менің көңіл – күйімнің түсі»
Біздің тренингіміздің қорытынды кезеңіне өтеміз.қорытындыламай тұрып осы жаттығу арқылы өзіміздің көңіл-күйіміздің қандай екенін анықтап алайық: бір-бірімізге допты бере отырып,бүгінгі біздің бірігіп жүргізген жұмысымыздан кейін сіздің көңіл-күйіңіз қандай түске сәйкес келетінін айтыңыз.
Қорытынды: ашық,жарық түстер қатысушылардың позитивті көтеріңкі көңіл күйде екенін көрсетеді.
Жүргізуші: Біздің сіздермен кездесуіміз аяқталды.Егер тақырыбызға келетін болсақ, «керемет» деген түсінік бір нәрсенің біткенін,аяқталғанын білдіреді (Мыс. керемет үй екен т.б.) Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ,біз әрдайым қозғалыстамыз. Көздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да өзге жаңалықтар ашылады, қазіргі дәуірде,яғни 21-ғасырда жаңалықтың шегі жоқ.Олай болса жаңашыл 21-ғасырдың Керемет педагогтары бола берейік!
Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін Тәрбие.орг сайтынан Тәрбиешілерге арналған тренинг "Мен кереметпін" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пазылова Айсұлу Оспановна

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы №11 "Балауса" балабақшасы педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar