«Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 334
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 20/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20601


Қостанай аудан әкімдігінің «Білім бөлімі» КМҚК «Гүлдер» балабақшасы

«Тәуелсіздікке -25жыл!»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың»
Ортаңғы «Балдырған» тобы

Тәрбиеші: Бохай Р

Затобол кенті 2016ж желтоқсан

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың»
Мақсаты: Балаларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру. Балалардың дүние танымын кеңейту. Отанды сүюге құрматтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тәуелсіздік туралы слайд
(Балалар безендірілген залға кіреді)

Күй ойнап тұрады: Жүйргізушілердің сөзі басталғанда күйдің дауысы ақырындалады
Жүргізуші:
Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығындай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы бірлігі!
Шалқи берсін, Әнұраны Қазақтың!
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып әнұранмен мерекеміздін бастаймыз.

Әнұран орындалады
Жүргізуші:
Қазақстан - егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуанш пен шаттыққа қадам басты біздің ел. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25-жыл мерей той құтты болсын!

Ән: «Он алтыншы желтоқсан» бүлдіршіндердің орындауында қабыл алыңыздар
Жүргізуші
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасқайып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рең еңбегі ешқашан ұмытылмас. Желтоқсан оқиғасының басты қаҺармандары Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев т.с қаҺармандарымызды еске алып, суреттеріне назар аударайық
Жүргізуші:
Тақпақтар
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жаныменен келген еркіндік
Сабира мен Лаззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасрет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік Санжар

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктері мәнгілік сақталады. Даяна

Ойын: «Қол тірес»
Қайрат, Ербол ағаларындай мықты балаларымыз қол сынасып көрсін

Жүргізуші: Президент туралы (тақтада суреті)
Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбіреді. Еліміз тәуелсіз алғанна бері міне 25- жыл өтіпті. Егемендік алғанна кейін әр елдің өз рәміздері болуы қажет. Біздің балалар осы рәміздер туралы өз түсініктерін сіздерге жеткізіп көрсін. Келешек жеткіншектеріміз дәріптеп жүрсін.
Ту туралы: Ұлан айтады
Елтаңба туралы: Дінмұхамед айтады
Жүргізуші:
Балалардың рәміздеріміз туралы тақпақтарына кезек берейік
Тақпақтар
Аяжан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Ұлан:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Дінмұхамед
Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп

Жеке ән: «Тәуелсіздігі елімнің»
Орындайтындар: Аяжан, Даяна, Катя, Айда
Жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, тәңірім біздің баққа жолықтыр!
Бүгін міне тәуелсіздік, ағайын
әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
Би: «Батырлар» ұлдардың орындауында
Жүргізуші:
Тәуелсіздік таңы атты. Тақпақтарға кезек берейік
Тәуелсіздік таңы атты
Барлық әлем жаңарып
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады Тамирлан

Тәуелсіздік таңы атты
Азаттықтың күні атты
Тәуелсіздік алған ел
Егеменді қазақ халқы Ы.Нұралы

Туған жерде толамыз
Ертең жігіт боламыз
Отан-ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз Диана
Жүргізуші: Еліміздің шекарасы берік болсын. Онда тұратын барлық ұлт өкілдері тату болсын!
Ән: «Достық әні»
Жүргізуші: Елімізде әр отбасының шаңырақтары шайқалмасын деген тілекпен
Ойын: «Шаңырақ көтеру»
Отан туралы тақпаққа кезек берейік
Тақпақтар
Отан-сенің ата-анаң
Отан –досың бауырың
Отан-Өлкең, Астанаң
Отан-аудан, ауылың Құрмет

Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елін, ер халқын,
Отан-өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ер даңқын Бақтияр

Отан осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл
«Отан» деп өс, жас қауым
Оны ардақтап сүйе біл Жүсіп

Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан тәніңмен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткеніңше қызыл тіл

Т-Білдіреді теңдікті
Ә-әдептілік, өрлікті
У-уайымсыз уақытты
Е-егемендік ерлікті
Л- дейді лағып, лепірме
С- сенімділік секілді ең
І-ілтипат пен ізет ғой
З-зиялылық тілек қой
Д-шақырады достыққа
І-ілгері жүр әр уақытта
К-дейді күн бол көктегі

Би: «Қарлығаш» қыздардың орындауында (Даяна, Аяжан, Катя, Айда, Айлина, Эвелина)

Жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын дей келе

Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бохай Р

Пікірлер: 0

avatar