ТАҚЫРЫПТЫҚ-ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР

  • Жүктеулер: 34
  • Көрсетілім: 587
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 04/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23277


Шығармашылық білім беру саласы музыка бөлімінің ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің тақырыптық – перспективтік жоспар
Топ: Балауса(ортаңғы топ)
№ Тақырыбы Мақсаты C/с Мерзімі
Қыркүйек «Балабақша»
1

«Тату доспыз бәріміз» Балаларды достыққа,бірлікке,татулыққа шақыру.Көңілді әуен арқылы көңіл күйді көтеруге тарту. 2
2 «Балдырғандар әні» Балаларды Отанын,жерін сүюге баулу. Ән арқылы қуана білуге үйрету.Әнді көңілді, ынталы жеткізе білуге дағдыландыру. 2
3 «Біздің балабақшада» Музыка әуенімен балалардың ішкі сезімдерін ояту, сүйікті балабақшасы туралы ән арқылы айтқызып әнді жаттау, сөздерін нақты айтуға үйрету. 2
Қазан «Жомарт күз»

1 «Күз жомарт»
Музыканың динамикалық түрлерін ажырату, әртүрлі жанрлар (марш, вальс,полька) түсініктермен танысу.Би элементтерін музыканың бояуымен сезініп жасау.
2
2 «Күзгі орман» Музыканы түсініп ,дыбыстың жоғарылығын, тембрін,динамикалық есту қабілетін дамыту. Әртүрлі жанрлар (марш,полька, вальс) түсініктерін қалыптастыру. 2
3 « Күз байлығы» Музыкадағы бейнелерді ажыратуға үйрету. Әннің ширақ,серге, сабырлы сипатын ажырата білуге үйрету. 2


Қараша «Табиғат әлемі»
1

«Орманға саяхат» Музыкалық шығармалардың сезімдік мазмұнын,сипатын ажыратуға үйрету: нәзік, сабырлы, көңілді де ойнақы, көңілсіз. Әнді сезіне айтуға үйрету. 2
2
«Құстар» 2
3 «Жануарлар»
Әнді тыңдауға және әуенге жеңіл қозғалуға, шеңбер бойымен тұруға,жүруге дағдыландыру,жануарларға деген қызығушылық,қамқорлық сезімін ояту. 1

4 «Төлдер» Балаларды қуыршақ ойыны арқылы көңіл күйлерін көтеріп,есту, тану сезімдерін қалыптастыру, үйренген әндерін бекіту. 1

Желтоқсан «Менің Қазақстаным»
1
«Қазақстан кең байтақ елім»
Ән тыңдап сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдландыру.Еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2

2 «Менің Отаным» Табиғи дауыспен әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету. Музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу, әнді сезіну арқылы Отанды сүюге,қастерлеуге баулу. 2
3 «Астана отанымның жүрегі» Астана туралы түсінік беру,әнд жаттау, айту. 2

Қаңтар «Қыс қызығы»
1 «Қыс өрнегі» Әнді сезіммен нақышына келтіріп айтуға, әуенді тыңдап,әңгімелей білуге үйретуді жалғастыру.Таныс шығармаларды ажырата білуге, еске сақтауға дағдыландыру.Балаларға арналған аспаптарды игеруге машықтандыру. 2

2 «Қыс қызығы» Музыканы тыңдап ырғақты сезінуге баулу Әнді мәнерлеп айтуға дауыс ырғақтарын жаттығу арқылы дамытуға жетелеу . 2
3
«Ғажайып шырша» Шығарманы аяғына дейін тыңдауға, әуен сипатын анықтай білуге үйрету. Аспаптарда еркін ойнап игеруге үйрету,көтеріңкі көңіл күй сыйлау. 2


Ақпан «Менің отбасым»
1
«Айналайын ақ мамам» Музыканы тыңдауды еске түсіру қабілеттерін дамыту ояту ырғақты сезіну 2
2 «Біздің атай» Күн көзінің жылуындай өз бойларындағы жылуды әнмен отбасы мүшелеріне жеткізе білуге үйрету әнді ынтамен айтуға баулу. 2
3
«Бесік жыры» «Бесік жыры» арқылы балалардың анаға деген сүйіспеншілігін ояту музыкалық қабілеттерін арттыру 1
4
«Менің әжем» музыканы тыңдауды, еске түсіру қабілеттерін дамыту, ояту, ырғақты сезіну.
Балаларға әннің айтылуындағы дауыс ырғағын:созылыңқы, баяу, түсіндіру. 1

Наурыз «Салттар мен фольклор»
1 «Наурыз біздің жаңа жыл» Балаларға Наурыз мерекесі туралы мәлімет беру салт дәстүрмен таныстыру мерекені музыка арқылы байланыстырып таныстыру
2

«Ұлттық аспаптар» Ұлттық әр аспап туралы түсініктер беріп балалардың танымдық қасиеттерін дамыту 2


3 «Киіз үй»
Әуенді соңына дейін тыңдауға,таныс әуендерді ажырата білуге ,әнді жеңіл әндете айтуға үйрету.Тембрлік есту қабілетін дамыту. Киіз үй туралы түсінік беру. 1


4 «Домбырасыз ән қайда» Домбыра туралы әнді жаттату, жеке айтқызып үйрету. Әуенмен бірге бастап, бірге аяқтау. 1
Сәуір «Біз еңбекқор баламыз»
1 «Көрікті көктем» Музыканың сипатын ажырату,салыстыру.Әнді асықпай,сөздерін анық айтуға үйрету.Би қимылдарын музыкаға сәйкес үйлестіре қозғалуға талпындыру 2
2 «Аялайық гүлдерді» Музыка арқылы балалардың көңіл күй сезімдерін ояту әуенге сай би қимылдарын жасау үйрету 2
3 «Әуенді сандықша» Музыкаға қызығушылығын арттыру түрлі сипаттағы әндерді орындауға үйрету әуенге сай би жанрларын ажыратуға баулу.Би қимылдарын ауыстыра білуге аспаптарда ырғақты сезіне ойнауға үйрету
. 2

Мамыр «Әрқашан күн сөнбесін»
1 «Ағайынбыз бәріміз» Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажырата білуге үйрету. 1
2 «Ұланы еркін елімнің» музыканың сипатын ажырату,салыстыру.Әнді асықпай,сөздерін анық айтуға үйрету.Би қимылдарын музыкаға сәйкес үйлестіре қозғалуға талпындыру.
1

3 «Жеңіс күнін тойлаймыз» Ән әуенге әсерлену, қызығушылығын арттыру, көпке ілесе қимылдауға, екеуден айналуға дағдылану, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. 2
4 «Балабақшамен қоштасу» Әнді таза,сөзін анық етіп айтуға үйрету.Музыка ырғағына сәйкес қимыл жасау.
2
Барлығы: 54 сагат Тәрбие.орг сайтынан ТАҚЫРЫПТЫҚ-ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абаева Меруерт

ШҚО Көкпекті ауданы Көкжайық аулы Бөбек лүпілі балабақшасы Саз жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar