Табиғат бұрышындағы тіршілік

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 656
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23523


«Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Мақсаты:
1) үй жануарларымен таныстыру;
2) жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбы¬стайды?» сұрағына жауап беруге үйрету;
3) жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, ат, қой, ботақан), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б.
Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

«Балауса» балабақшасы
«Балапан» тобы
Ашық ұйымдастырылган оқу іс- әрекеті

Тақырыбы:

Табиғат бұрышындағы тіршілік

Тәрбиеші: Жумагалиева А. Ч.

2015-2016 оқу жылы

«Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
Техналогиялық картасы
Білім беру саласы «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:«Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы тіршілік»
Мақсаты: 1. Балаларға табиғат бұрышындағы тіршілік ететін
өсімдіктер мен жануарлар туралы айту.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік
қорын көбейту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.
Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке , отанға
деген сүйіспеншілігін арттырып , еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:табиғат , аквариум .
Әрекеткезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық
қозғаушы
Балаларды шаттық шеңберге шақыру;
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатымтамаша,
Көзтоймайдықараса.
Табиғаттыаялап.
Жүрейікшіжараса

Балалар шеңберге тұрып ,
тақпақтар айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл
сыйлайды. Тақпақты барлығы бірге қуанышты түрде айтып
береді.

Іздену- Ұйымдастырушы


Балалардың назарын слаидқа аудару.
Өткен ұйымдастырылған оқу іс –әректін естеріне түсіру.
-Балалар Вованың қандай құсы бар?
- Вова біздің топқа не іздеп келді?
Дидактикалық ойын: «Кім тез?»
Ойынның шарты: Балалар бір-бірлеп шығып алма ағашынан алманы алып , алманың артындағы сұрақтарға жауап береді.
- Қазіржылдыңқаймезгілі?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар назарын слайдқа аударып, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Күн суық болады.
- Ағаштардың жапырақтары түседі, айнала сары түске енеді.

Рефлексия орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою .
-Табиғат дегеніміз не ?

-Табиғат нешеге бөлінеді ?
- Өлі табиғатқа не жатады?

-Тірі табиғатқа не жатады?

Жұмбақтар әлемі.

1.Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады.

- Қоян біздің топта бар ма?
-Қоян немен қоректенеді?
- Ол қайда тұрады ?
Ол біздің табиғат бұрышымызды мекендейді.

2.Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды .

-Балық қайда тіршілік етеді?

-Балық біздің топта бар ма?
Балалар,балықтардыңдене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Балықтардың мынау несі?
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде
басында желбезегі болады.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады.
-Ал денесінде нелері бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
-Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.
Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады .
- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері өте көп.
- Сондай балықтарды көргілерің келе ме?

- Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші.
(балар көздерін жұмады, сол кезде жасырылған аквариумды ашу)
Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын, ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар бар. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады.
Сергіту сәті:
Ұмытпаймын, күнде,
Су құямын гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
Суретке қарап әңгімеле.
-Балалар, суретте не бейнеленген?
-Тағы нелерді көріп отырмыз?
-Балаларға ат қоялық
-Олар не істеп жүр?
Рефлексиялық түзетушілік:- Балалар, бізге қандай оқу іс - әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар!
-Бүгінгі оқу іс - әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп - көп рахмет!


Табиғат- дегеніміз ауа,
жануарлар,өсімдіктер,су
құстар.
Табиғат екіге бөлінеді.
Өлі табиғат, тірі табиғат болып.
Тірі табиғат жануарлар,
адам, өсімдіктер жатады.Өлі табиғат күн, су ауа жатады.

Қоян.

Ия бар.
Ол торда тұрады.
Қоян сәбізбен қоректенеді.
Ол торда тұрады.

Балық .

Балық судың астында тіршілік етеді.
Ия бар.
- Сопақша.

- Басы

- Қабыршақтары.

- Құйрығы.

- Көргіміз келеді.

Балар көздерін жұмады

- Балықтарды.

- Шыны ыдыста.

- Әр түрлі.

- Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар.

- Әдемілікке.

Балалар тәрбиешімен бірге қолдарын қимылдатып жаттығулар жасайды.

- Балалар, аквариумдағы балықтар,тордағы қоян, тасбақа .
Айгүл, Айдана, Марат, Мақсат.
Олар табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасап жүр.

Күтілетін нәтижесі:
Білуі керек: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі.
Меңгеруі керек: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.
Жасай алуы керек: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап,
өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы. Тәрбие.орг сайтынан Табиғат бұрышындағы тіршілік Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұмағалиева Айсұлу Чаудирбайқызы

Маңғыстау облысы Қарқия ауданы Мұнайшы ауылы " Балауса" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar