Табиғаттын ерекшелігі қандай?

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 752
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 12/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21680


жаратылыстану сабағына арналған сабақ жоспары .Тақырыбы : Табиғаттын ерекшілігі қандай ? балаларға арналған жаттығулар,сергіту жаттығулар жазылған.

Тақырыбы: Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Білім беру саласы : «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Сабақтың оқытылу мақсаты : Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.) бақылауға қатыса алады; • табиғат құбылыстарын атай алады; • табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады; • жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін көрсете алады.тілдік мақсат дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.
Билингвальды компонент : табиғат құбылысы – природное явление – a natural phenomenon негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Табиғат, құбылыс, мезгіл, табиғат құбылысы және т.б.

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс –әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.
(Ұ) «Нөсер» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау. Найзағайлар атылды, Жерге бұршақ шашылды. Нөсер жауып бір кезде, Жұртты әуреге салдырды.

Қозы-лақтар маңырап, Бұзаулар да аңырап. Айналаға қарасаң, Көрінбейді атырап. Нөсер жаңбыр жауады, Сай-саладан ағады. Жердің бәрі балшық боп, Бассаң, балқып барады. (Ұ) Балалар, табиғат дегеніміз не? Есімізге түсірейікші. табиғат – жанды және жансыз денелерден тұратын бізді қоршаған әлем. Бүгін біз сендермен табиғат құбылыстары туралы айтатын боламыз. Табиғат құбылыстары дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. (Ұ) Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады)
Табиғаттағы құбылыстар бейне- ленген суреттер.
Амандасу.
Ойын ойнау.

Суреттерді тамашалайды.

Ұйымдастыру -іздестіру Өзекті мәселелер. Жұмбақтарды шешу арқылы табиғат құбылыстары туралы түсінік беру. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді. Аузы жоқ, ұлиды (Боран). Арыстан арқырады, Орман жарқырады (Найзағай). Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел). Қыста ғана болады, Ұстасаң, қолың тоңады (Қар).
Жұмбақтардың жа- уабына байланысты суреттер.
202
Сырылдатады шәйнегін, Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, Бірақ сүртпейді (Жаңбыр). Балалар, қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер? Табиғат құбылыстарына анықтама беріп көрейікші. табиғат құбылыстары – әр маусымда болатын табиғи өзгерістер (жаңбыр, қар, жел, боран, найзағай т.б.). (Ұ) «табиғат құбылыстары» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу – Балалар, суреттен нені байқадыңдар? – Қандай табиғат құбылыстарын атай аласыңдар? – Бірінші суретте қай мезгіл бейнеленген? – Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? – Екінші суретте не бейнеленген? – Көктем мезгілі бейнеленген. – Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылысы болады? – Күн күркіреп, жаңбыр жауады. – Ал, қыста қандай құбылыс болады? – Қар жауады. (Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс. Табиғаттағы табиғат құбылыстарын бақылату. Серуенде аулаға шығып табиғат құбылыстарына бақылау жасау. (Пт) Суреттер арқылы табиғат құбылыстары туралы мағлұмат беру. – Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Олар: жел, боран, кемпірқосақ, қар, жаңбыр, бұршақ жауу т.б. (Ұ) Аспандағы бұлтты бақылаған кездегі әсерлерін айтады. (Пт) 1-сурет: «Бұлт». Бұлт та табиғат құбылысы екенін түсіндіру. – Бұлт – ұсақ су тамшылары. Биік аспанда қалықтап жүреді. Ауа райы жылы мезгілдерде жаңбыр болып жауады. Ал суық кезде бұршақ және қар болып жерге түседі.
Жыл мезгілдерінің суреті.
Сурет.
203
2-сурет: «тұман». – Тұман – табиғат құбылысы. Ол да ұсақ су тамшылары. Ол жерге таяу жиналады. Қатты тұман көлік қатынастарына бөгет жасайды. Мысалы: ұшақтар ұша алмайды т.б. 3-сурет: «Жаңбыр». Жаңбыр – бұлттан бөлініп жерге түсетін су. Байқағыш адамның қасиеттері қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді: • нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі; • елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі; • сұрақтарды қоя білуі; • бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі; • бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі. (Ұ) Өзекті мәселелер. Жаңбыр қайдан пайда болады? Неге қыста қар жауады деп ойлайсыңдар? Күн қай кезде ыстық болады? Найзағай қай мезгілде жарқылдайды? Күзде неге көп жаңбыр жауады? ҚОрытынДы: Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне қарай өзіндік табиғат құбылыстары болады. Ауа райына байланысты олар өзгеріп, құбылып отырады. Мысалы, күзде жауын-шашын көп болады. Ал, қыста күн суық болғандықтан қар жауады. Қар аспан әлемінен қар түйіршіктері болып жерге түседі. Көктемде күн жыли бастайды, бірақ күн күркіреп, найзағай жиі жарқылдайды. Ал, жаз мезгілінде күн өте ыстық болады. (Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы. Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: Табиғат құбылыстары – жыл мезгілдеріндегі маусымдық өзгерістерге байланысты ауысып отырады. (Ұ) Өзекті мәселе. «Табиғат құбылысы» дегенді ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіресіңдер? (Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.
Сурет.
Сурет.
Жыл мезгіліне қарай бақылау түрін таңдау.


Сергіту сәтін жасайды.

Жұмбақтарды шешеді.

Суреттерге қарап әңгімелеу.

Тақырыпқа сай сурет салу;бояу
Рефлексифті -түзетушілік Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек :Берілген сұрақтарға жауап беруді
Нені игереді : өз ойларын анық,жүйелі айтуға.
Нені біліеді : жаңа сөздердің мағынасын.

. Тәрбие.орг сайтынан Табиғаттын ерекшелігі қандай? Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кокумбаева Айжан Есенгельдиевна

ВКО Знаменка ауылы "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі"КММ шағынорталық топ тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar