«Тамаша сандар»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 233
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21081


«Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Тамаша сандар»

Әдіскер:Қалдымұратова Ақмарал

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика

Мақсаты: «1,2,3,4,5» сандарымен таныстыра отырып,
оларды санауға, ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

1. Білімділік: Балалардың сандар туралы түсініктерін
кеңейту.

2. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау
қабілетін, сабаққа деген
қызығушылығын дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа,
достыққа, мұқияттылыққа, еңбекке
тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру.

Көрнекіліктері: Сандар, кубиктер, үлестірмелі құралдары.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Матевациялық қозғаушы Стол үстіндегі түстерге қарап, балалар қолдарына берілген пішіндердің түстеріне сәйкестендіріп топтастырылған партаға отырғызамын.
І топ – сары
ІІ топ – қызыл
ІІІ топ – жасыл
- Сәлеметсіздер ме, амансыз ба?
Психологиялық тренинг
«Бір – бірімізді сыйлай білейік»

Балалар топтасып отырды

Балалардың қызуғышылығы ойанып, белсенділігі артты

Ұйымдастыру – ізденушілік - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Ай, аптаның нешінші күні?
Өте дұрыс, жарайсыңдар балалар.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде: «Тамаша сандармен» танысамыз. Біздің тамаша сандарымыз «1,2,3,4,5» сандар жиынтығы. А, кәнекей маған қосылып бәріміз санайық. Әр балаға жеке – жеке өздеріне санатам

І. Санға байланысты жаттаулар
(барлық топқа)

Айсәуле «1» санына байланысты

Мейрамхат «2» санына байланысты

Бибінұр «3» санына байланысты

Әділбек «4» санына байланысты

Қалима «5» санына байланысты

ІІ.Балалар айтқан тақпақтарындағы сандарды кубик арқылы көрсетеді. (барлық топ)

ІІІ.Ойын.
«Печеньені пішініне қарай ажырата білейік»
( ІІІ топқа)

«Пішіндерден үйшік құрастырайық»
(І – ІІ топқа)

ІV. «Тамаша сандарға» байланысты жаңылтпаштар
(барлық топқа)

Жарайсыңдар балалар өте жақсы.

V.Енді бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасап жіберейік.

Бұғының үлкен үйі бар
Терезеден қарайды ол,
Қоян жүгіріп келеді,
Бұғының үйін көреді.
Тық – тық,, достым есік аш
Ана орманда аңшы қаш
Қоян, қоян келе ғой
Қолыңды маған бере ғой.

VІ.Дидактикалық ойын.

1. «Қай сан жоғалды?»
(барлық топқа)

2. «Көршілес санды тап»
(барлық топқа)

Іс - әрекетті қорытындылай отырып, балалардың білімдерін тексеру.
Теңестірейік
Дидактикалық үлестірмелі құралы арқылы.
(барлық топқа)

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар барлығы қосылып санады. Әр бала жеке – жеке санады

1.Қыр астында қыр болар, Баурайында гүл болар, Жалғыз терек жайқалды, Жалғыз деген бір болар.

2.Біздің жайлау теңіз жақ,, Ешкім тапты егіз лақ, Екі саны сол болар, Екеуі де семіз лақ.

3.Барсақ малшы қасына,үш аяқ бар мосыда.Ошақтада үш аяқ,Үш дегенім осы ма?

4.Тақта, үстел теп – тегіс, Екеуі де төрт бұрыш.Екіге екі қоссаңыз төрт болады дұп – дұрыс.

5.Алақанға қараңыз саусақтарды санаңыз Саусақ саны бесеу деп, Санап қойдық мана біз.

Балалар ажырата білді

Балалар қызығушылықпен құрастыра білді

1.Сөмкесінде күнделік жүреді, Күнделігінде «үштіктер» күнде өріп жүреді, Арасында «төрттік» те күн көріп жүреді. Сонда «бестікте» көп теріп жүреді.
2.Сабақ үстінде екі қыз бала жүзім жеп отыр, Жүзімді тағы бір ұзын ... жеп отыр. Жүзім жегенді қызым тізімдеп отыр
3.Оралда бар бес ешкі,
Оңалда бар бес ешкі
Бәрін қосса он ешкі
Он ешкіде бес ешкі
4.Ол бір ән айтты.
Мен бір ән айттым
Мен бір ән айттым
Домбырамен айттым
Ол бір ән айтты
Болбыр бір ән айтты

Балалар жасай білді

Балалар жоғалған санды таба білді

Балалар көршілес санды таба білді

Балалар өздерінің білімдерін көрсете білді
Рефлексивті коорекциялау-шы Іс - әрекетке қатысқан балаларды мадақтап,
Іс - әрекетті қорытындылау Балалар бүгінгі іс - әрекетке жақсы араласып қатыса білді.

Күтілетін нәтиже

Білу керек: «Тамаша сандарды» санап, атай білді.

Игеру керек: Жаттау, жаңылтпашты, дидактикалық
ойындарды игере білді.

Үйрену керек: Сандарды ажырата білуге, тура және кері
санауға үйренді. Тәрбие.орг сайтынан «Тамаша сандар» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалдымұратова Ақмарал

Пікірлер: 0

avatar