Тауық пен балапандары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 963
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 14/Фев/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23656


Білім беру саласы: таным, қатынас.

Бөлімі: сенсорика.

Тақырыбы: «Тауық және оның балапандары»

Мақсаты: Түсі әртүрлі заттардың белгісі болып табылатынына және олардың сипатын білдіру үшін қолданылуы мүмкін екендігіне балалардың назарын аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Қолданытын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: мозаика немесе ақ және сары түсті қатты қағаздан дөңгелектер, балапандар мен тауықтар туралы слайд, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: мозаика

Билингвалды компонент: тауық-курица-hen, балапандар-цыплята-chickens, әтеш-петух-cock

Мотивациялық-қозғаушы қызмет:
Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төммен қараймыз,

Топылдатып басамыз.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Топтың ішіне көз салыңдаршы, біздің топ бүгін ерекше. Өйткені, бүгін біз сендермен ашық ҰОІӘ өткелі тұрмыз. Олай болса, қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де «Сіз»,

Күшіге де «Сіз».

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз!

Көркем сөз.

Ертіп сары балапандарын,

Айдалы әсем шықты тауық.

«Кетпеңдер ұзап, балапандарым»,

Қыт-қыт,- дейді ауық-ауық.

Билингвалды компонент: тауық-курица-hen, балапандар-цыплята-chickens,әтеш-петух-cock
Ұйымдастырушы-ізденуші қызмет:

- Балалар, біз сендермен енді тауық және оның балапандары туралы слайд көреміз.

- Міне, мынау тауық. Оның түсі ақ. Ол үй құсына жатады, өйткені оның еті, қауырсыны, жұмыртқасы адамға пайдалы.

Ал, мынау оның балапандары. Олардың түсі сары, олар жұмыртқалардан шығады.

- Енді олардың даусын үнтаспадан тыңдайық.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс

- Балалар, біздің тауығымыз мынандай ақ түсті болады.

Педагог ақ дөңгелекті немесе мозаиканы көрсетеді.

Сөздік жұмыс: мозаика

- Ал, мынандай басқа түстен біздің балапандарымыз болады, олар - сары. Педагог ақ дөңгелектің артынан сары дөңгелекті немесе мозаиканы қояды. Педагог тағы бір рет тауықтың ақ түстен болатынын,ал басқа сары түстен балапандары болатынын түсіндіреді.

- Балалар, енді сендер қораптан тағы бір балапанды табыңдар және оны тауықтың соңына қойыңдар.

Балапандар тауықтың артында тізіліп тұрады.

«Әтештер» дидактикалық ойыны

Педагог балаларға әтешті бейнелеп көрсетулерін және дауысын салуды сұрайды

Жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексиялық-түзетуші қызмет:
- Міне, біз тауықпен және балапандарымен қалай жақсы ойнадық.

- Тауық балапандарын қалай шақырады?

- Балапандар қалай шиқылдайды?

- «Ку-ка-ре-ку»деп не ән салады?

Жарайсыңдар, балалар. Енді біз қонақтарға «Шөжелер» биін тарту етейік. Осымен АҰОІӘ аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Күтілетін нәтижелер:

жасайды: сары дөңгелекті табу және оны тауықтың артынан ретімен қоюды;

түсінеді: мозаикамен жұмыс істеу дағдысын;

қолданады: түстің әр түрлі заттар сипатын білдіру үшін қолданылатынын. Тәрбие.орг сайтынан Тауық пен балапандары Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пернебаева Мадина Кунанбаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №3 "Динара" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar