«Тазалық-саулық кепілі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 269
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22518


Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Тілеусай ауылы
Озерный орта мектебінің
жанындағы «Балапан» шағын
орталығының тәрбиешісі
Шартаева Зейнеш Сеилбековна

Ашық түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
«Тазалық-саулық кепілі»
Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет. Коммуникация.
Бөлімі: Дене шынықтыру. Қоршаған ортамен танысу. Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: мәдени-гигиеналық дағдылардың маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Өз-өзіне қызмет көрсете алу және салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуы туралы білім беру. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекі құралдар: тазалыққа керекті заттардың суреттері ( сабын, сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, тіс пастасы) үн таспа, колбамен су, бояу.
Билингвальді компонент: тазалық- чистота, сабын-мыло, сүлгі-полотенце, тіс пастасы-зубная паста, тіс щеткасы-зубная щетка, табиғат-природа.
Сөздік жұмыс: Дені саудың- жаны сау. Салауатты өмір салты.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Біз нәзік қыздармыз,
Біз ержүрек ұлдармыз.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Қыз қолында гүл тұрсын,
Ер қолында ту тұрсын.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң әпкелер. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен сәлемдеседі
Ұйымдастырушы ізденушілік Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тазалық-саулық кепілі».
Біз бүгін тазалық дегеніміз не? Не таза болу керек?Дені сау адам қандай болады? деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Тазалық ең алдымен адамның жеке басының тазалығы жатады. Оған күнделікті әрекеттерге күн тәртібін белгілеп сол бойынша жұмыс жасасақ біз таза да үлгілі бала бола аламыз. Ол үшін таңертең ұйқымыздан оянғаннан кейін беті қолымызды тазалап жуып, тісімізді арнайы тіс пастасымен тіс щеткасымен жуып, ұйқыашар жаттығуын жасау керек және осы әрекеттерді күнделікті әдетке айналдыратын болсақ, біздің деніміз сау болып өседі.
- Балалар, біреу есік қағып тұр ау деймін?
- А-а-а бізге қонақ келді, жоғары шығыңыз. Балалар кірқоймасты таныдыңдар ма?
-Амансыңдарма балалар? Сендер менімен дос боласыңдар ма? Онда маған тазалық жайлы мақал-мәтелдер айтып беріңдерші
(1 слайд көрсетіледі)
Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін табуға тырысыңдар.
Кетіп кір ласың, тап-таза боласың
Бұл не?
Шомылған баланы аймалап алады,
Сүртеді қолыңды, сүртеді денеңді.
Бұл не?
-Кәне балалар, біз кірқоймаспен келген қонақтарымызға тазалық жайлы өлең жолдарын айтып берейікші.

Сергіту сәті:
Кірқоймас ойын ойнатады: Ұлдар түйме салады, қыздар шаш өреді.

-Балалар, адамның бойында дене тазалығымен қатар ой тазалығы болуы керек. Ой тазалығы дегеніміз- адам тек өзіне жақсылық жасап қана қоймай, өзгеге де жақсылық жасай білуі керек. Ешкімді ренжітпей, кішіге қамқор бола білу керек. Нәзік жанды қыздарды қорғап жүруіміз керек. Ойымыз таза болса айналаны қоршаған орта табиғатты да ластамаймыз. Балалар қараңдаршы менің қолымда колбада таза су бар, оған мен көк бояуды қосайын су көк түске боялды, бұл біздің мөлдір суымыз, енді осы мөлдір суға қара бояуды қоссам, су лайланып нашар түске енді. Міне балалар табиғатқа да қамқор керек екен. Біздің мөлдір, таза суымызға қоқыс, қалдық суларды төгетін болсақ таза суымыз лас суға айналады екен. Сондықтан біз өз бойымызды ғана емес, сонымен қатар табиғат тазалығында сақтай білуіміз керек. Біз табиғатқа қоқыс, жеген тәттілеріміздің қабығын тастаймыз ба? Оны қайда салуымыз керек?

2 слайд
Гигиена дегеніміз не?



Мақал-мәтелдерді айтып береді
(сабын)
(сүлгі, орамал)

(өлеңдерін оқиды)

Қызығып ойнайды.

Балалар өз ойларын айтады, табиғатты таза ұстап, қорғау керек тб.
Жоқ. Тастамаймыз. Арнайы шелекке саламыз

Балалар мұқият тыңдайды, слайдта көргендерін айтады
Рефлексиялық түзетушілік Дидактикалық ойын: «Кім кіммен дос» (тірек сызба арқылы)
Балаларды мақтап, мадақтау. Ойын ойнап өздерінің және өзгелердің жауаптарын тындайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күн тәртібін сақтау денсаулыққа пайдалы.
Игереді: Адамның тек қана тәні таза болмауы керек , оның ойы да, жаны да таза болуы керек.
Меңгереді: Тазалық болған жерде денсаулық болады. Таза жүруге әдеттен. Тәрбие.орг сайтынан «Тазалық-саулық кепілі» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шартаева Зейнеш Сеилбековна

Пікірлер: 0

avatar