Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тазалық-таза баланың досы
  • 23.02.2016
  • 1530 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16612

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (18.3Kb)

Білім беру саласы: «Қатынас»
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Тазалық-таза баланың досы»
Мақсаты: тазалық бұйымдарымен таныстыру.
Сүлгі, сабын сөздерін қатыстырып, 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету. Балаларды таза жүруге үйрету.
Көрнекіліктер: тазалық заттары: Сабын,сүлгі,тарақ,айна.
Сөздік жұмысы: сүлгі.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрсету,ойын.
Оқу іс-әрекеттің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық-
қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-
ізденістік

Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!

Жарайсыңдар, балалар!
С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңінен үзінді оқимын.
-Кім жек көрер мысықты
«Ылғый бетін жуады»
Деп, тәтеміз мысықты
Бізге үлгі қылды.

-Балалар, өлеңде не туралы жазылған.
-Ия,-балалар мысық ылғй бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал,сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?
-Таңертең жуынасыңдар ма?
-Немен жуынасыңдар?
-Сосын немен сүртінесіңдер?
-Тістеріңді жуасыңдар ма?
-Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?
-Таза болып жүргілерің келеді ме?
-Дұрыс, балалар тазалықты сүюіміз керек.Таза жүрсек ауырмаймыз.

Суретпен жұмыс
-Балалар, бізге таза болып жүруіміз үшін мынадай заттар қажет.
-мынау сабын,сүлгі,тарақ,тіс пастасы, тіс шеткасы осы заттарды қолдануға бізге не керек балалар.
-Ия, балалар су керек.Бізге тіс жуу үшін де, қол жууға да,басымызды жусақта,бет жусақта бізге су керек.
-Сүлгімен біз балалар не істейміз?.
-Қолымызды,бетімізді сүртеміз.
-Тіс щеткасымен тіс тазалаймыз.
-Тарақпен шаш тараймыз. -Айнаға қараймыз.

-Сабынмен қол, бет жуамыз.
Түрлі микроптарды кетіру үшін.

Сергіту сәті
Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалаймын,
Шашымды тараймын
Тап-таза боламын.

Ғажайып сәт
Үсті,беті кір қожалақ пен тазалық келеді.
-Саламатсыңдар ма балалар.

Тәрбиеші:
Жалқаубек сен қайдан келе жатырсың.

Жалқаубек:
-Мен тазалықтан қашып келемін. Менің қарным ашып тұр. Менің ас ішкім келеді.
Тәрбиеші:
-Жалқаубек ас ішуден бұрын сен беті қолыңды тазалап сосын ішуің керек.
Тазалық:
Жалқаубек маған қара мен әдемі таза болып жүремін. «Тазалық таза баланың досы»
Жалқаубек:
Жарайды мен жуынайын,сосын тамақ ішем бе?

-Балалар, жалқаубектің беті,қолы таза болу үшін қандай тазалық заттарын пайдаланамыз?
-Кане, балалар онда көмектесейік.
- Балалар, жалқаубек таза болды ма?
Жалқаубек:
-Балалар мен енді ылғый таза жүруге тырысамын енді жалқау болмаймын.
Сау болыңдар!
-Балалар, келіңдер ойын ойнап көңілденіп алайық.
Д.О. «Қайсысы тазалық заты емес?»
Суреттен артық затты табады.


Шеңберге тұрып қимылмен жасайды.

Өлең шумақтарын
тыңдап отырады

-Мысық

-Ия

Сұрақтарға жауап беруге тырысады

-Су

-Бетімізді сүртеміз
Балалар бірге қайталайды

-Тіс тазалаймыз

-Шаш тараймыз
-Айнага қараймыз

-Қолымызды жуамыз

Шеңберге тұрып іс-қимыл арқылы айтады

-Саламатсыз ба.

-Ия

Балалардың жауабы

-Ия

-Сау болыныз
Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
-Тазалық заттарына қандай заттар жатады екен?
Жарайсыңдар; балалар.
-Ия

Тарақ,сабын,сүллгі,тіс щеткасы.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Тазалық заттарын:
Игереді: Тазалық туралы түсінікті:
Меңгереді: Таза жүруді. Тәрбие.орг сайтынан Тазалық-таза баланың досы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жақсыбаева Арай

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті «Таукент гүлдері» балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: bagila_arginbaeva
Көрсетілім: 1530 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar