Тазалық - таза баланың досы

  • Жүктеулер: 34
  • Көрсетілім: 4035
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18196


Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Тазалық – таза баланың досы»
Мақсаты: Тазалық бұйымдарымен таныстыру. Жұмбақ шешуге үйрету. Балаларды таза жүруге үйрету, тазалыққа баулу. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекі-түсіндіру
Көрнекі-құралдары: Тазалық заттары: сабын,сүлгі, тарақ, айна, су.
Сөздік жұмыс: Сүлгі
Билингвальды компонент: сүлгі - полотенца
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы кезең

Ұйымдастырушы-
лық- ізденістік

Рефлексті түзетушілік Сәлемдесу. Шаттық шеңбері.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Баршаңызға құрметпен –
Бас иеміз біз
- Балалар сендер таңертең ұйқыдан тұрған соң жуынасыңдарма?
Немен жуынасыңдар?
Сосын немен сүртінесіңдер?
Тістеріңді жуасыңдарма?
Шаштарыңды тарап айнаға қарайсыңдарма?
Шаштарыңды немен тарайсыңдар?
Таза болғыларың келеді ме?
Дұрыс таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз.
Ал балалар таза жүрмейтін, тазалықты сүймейтін баланы кім деп атаймыз? Қожалақ, салақ, сатпақ деп атаймыз.

Ой балалар! Қараңдаршы, бізге қарай тазалықты сүймейтін, тазалықты білмейтін кір қожалақ бала келе жатыр.
Күтпеген сәт
Қожалақ:
Саламатсыңдарма балалар!
Ой қандай әдемі, тап-таза ұлдар мен қыздар бар мұнда.
Балалар қалай тап-таза болып отырсыңдар?
Тәрбиеші: Қожалақ- оны сен біздің Аяна мен Қуаныштың айтатын тақпағынан түсінесің.

Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Қожалақ енді түсіндің бе?
Енді біздің балалармен бірге сергіту сәтін жасасаң оданда әрі түсінетін боласың.
Сергіту сәті

Таңертең тұрамын
Бетімді жуамын
Тісімді тазалаймын
Шашымды тараймын
Айнаға қараймын
Көйлегімді киемін
Тап-таза боламын
Бала-бақшаға барамын.
-Қожалақ, балалар енді сендер мені мұқият тыңдаңдар. Мен сендерге әр уақытта таза, жинақы, ұқыпты жүретін баланың достары нелер екенін «Бұл не?» деген жұмбақ өлеңді айтамын.Сендер қолдарыңдағы суреттердің қайсысы неге ұқсаса сол суретті көтересіңдер және сол затты бәріміз қайталаймыз. Бұл ойынның аты «Көрсет және қайтала!» деп аталады.
Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір, ласың
Тап- таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолынан,
Сүртеді жонынан.
Бұл не? (Сүлгі)
Сөздік жұмыс:
Сүлгі - полотенца
Иілесің иіліп,
Түйілесің түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне.
Бұл не?(Айна)
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ,
Бірақ та тісі бар-
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не?(Тарақ)
Жарайсыңдар! Тапқыр балалар екен деп, жұмбақтарым дән риза.
Қожалақ сен тазалыққа керек заттарды танып білдің бе?
Балалар тазалық қандай баланың досы?
Қожалақ сен тазалықпен дос болғың келеді ме?
Ендеше балалар қожалаққа тазалық заттарын сыйлыққа берейік.
Қожалақ:
Рахмет балалар! Мен енді қожалақ бала болмаймын. Тазалық- таза баланың досы екен ғой. Мен енді тазалықпен дос боламын! Мен қайтайын. Тазаланып жуынып келемін.
Сау болыңдар!
Балалар Қожалақ секілді лас, кір болып жүруге бола ма?
Тазалық қандай баланың досы? Тазалық- денсаулық кепілі. Таза жүрсек ауырмаймыз. Тазалықты сүюміз керек. Сырттан келгенде, тамақ ішерде қолдарыңды жууды ұмытпаңдар! Тазалық- таза баланың досы. Шаттық шеңберіне тұрып, иіліп сәлем жасайды.

Жауап береді.




-Ия

-Қожалақ, салақ, сатпақ.

Аяна:
Мен- қызбын, гүлмін
Әдемі боп жүрмін
Айнаға қараймын,
Шашымды тараймын
Көйлегімді киемін
Анама көмектесуге жараймын!

Қуаныш:
Сырттан келіп үнемі
Сабынмен қол жуамын.
Таза болып мұнтаздай
Тағамға қол созамын.

Сергіту сәтін жасайды.

-Қарайды, тыңдайды.

-Сабын

-Сүлгі

-Айна

-Тарақ

-Тазалық- таза баланың досы.

-Сау болыңыз!

-Жоқ
-Тазалық- таза баланың досы.

Күтілетін нәтижелер:
біледі:тазалық заттарының аттарын: сүлгі, сабын, айна, тарақ;
игереді: тазалық туралы түсінікті;
меңгереді: таза жүруді, жұмбақ өлеңнің мазмұнын түсінеді. Тәрбие.орг сайтынан Тазалық - таза баланың досы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байтикова Гулнар

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті «Таукент гүлдері» балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar