«Теңіз асты патшалығына саяхат» (ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 627
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 31/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20726


КММ «№25 жалпы орта білім беретін мектеп»
«Бөбек» шағын орталығы
Ольжабаева Айгүл Айтқалиқызы

«Теңіз асты патшалығына саяхат»
(ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)

«Бота» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы

Білім беру саласы:Денсаулық
Бағдарлама тараулары: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Теңіз асты патшалығына саяхат» (бір қатар сапқа тұру, саппен жүру)
Мақсаты:Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде балаларды сапқа тұруды үйрету,менгерту. Бір қатардан, екінші қатарға тұру, шеңбер құруға дағдыландыру..Жаттығулар арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру. Дене дамуын жақсарту.
Құрал-жабдықтар: теңіз жануарларының суреттері
Қостілідк компонент:жұптасып тұру – встать парами - to stand in pairs; сапқа тұру – построение - building

Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы Балаларды сапқа тұрғызу.
Бойларына сәйкес сап құруды қадағалау.
Алғашқы жаттығулар барысында дене мүшелерін ширату жаттығулары жасалады. Саппен жүру арқылы, домаланып жүріп шеңберге тұру.
Аяқтың, табанның сіңір, бұлшық еттерін жаттықтыру
Жалпы дамыту жаттығулары:
Мойын бұлшық еттерін шынықтыру
Қол, иық бұлшық ет - сіңірлерін шынықтыру
Бел және аяқтың бұлшық ет - сіңірлерін шынықтыру
Аяқтың сіңірлерін созу
Жүрек жүйесін және кеңістіктегі координацияны меңгеруге дайындау
Сапқа бойларына қарай тұрады.
Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша шеңбер бойында тұрып басқа, иыққа, белге, аяққа арналған әр түрлі жаттығуларды орындайды.

Іздену - ұйымдастырушылық
Негізгі бөлім:
Балаларды бір сызықтын бойына тұрғызып ,бір екіге санату. Өздері тұрған жерлерін естеріне сақтау керектігін айтып, балаларға «шашырандар,жиналыңдар»
деп бұйрық беру.Үшке дейін санаған кезде,балалар өз орындарына тұра қалады. Балалар толқындардан өтіп, саппен жүру арқылы теіз астына түседі.
«Балалар теңіз астына саяхатқа» аттанады.
Бір қатар саппен тұрып, киттің су шашқанын жаттығуын орындайды.
Бір қатар саптан бөлініп, балалардың жартысы екінші қатар сапқа тұрады.
Балалар бір-біріне қарап жерге отырады. Көздерімен теңіздің астын бағдарлап, түрлі теңіз жануарларын қимыл –қозғалыспен көресетеді.
Балалар не көріп тұрмыз?
Сегізаяқ секілді жаттығу жасау.


Балалар жүгіру түрлерін қайталайды. Өз дене мүшелерін жетілдіреді.

Жұптасып сап құрады.

-Орнында тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, кит секілді су шашу жаттығуын көрсетеді.

-аяқтарын алдыға созып, қолдарын екі жаққа түсіріп отырады.
-сегізаяқ, аяқтарын, қолдарын созып отырып, алдыға,артқа отырып жалжыиды.

Енді не көрдік?
Ұлу тәрізді жаттығу жасау
Енді не көрдік?
Итбалық тәрізді жаттығу жасау
Балалар қараңдаршы тағы не көрдік?
Теңіз жұлдызы жаттығуын жасау.

Балалар енді аяқтарымызды біріктіріп, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстаймыз.
Барлығымз орнымыздан тұрып, екі қатар саптан бір қатар сапқа қайта тұру, саппен жүру арқылы шеңбер құру.
-Ұлу. Аяқтарын бүгіп, қолдарымен құшақтап, жерге домалап жатады.
-итбалық. Жерге жатып итбалық тәрізді шалқақтау.
-теңіз жұлдызы. Екбетінен жатып, бастарын жоғары көтеріп, қолдарымен аяқтың ұшынан ұстап, тартылу.
-аяқтарымен,қолдарын біріктіріп су астында малтиды.
-балалар шеңбер бойымен тұрады.

Рефлексивті
Түзетушілік

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру.
Қ/О: «Балықшылар мен балықтар»
Мақсаты: балаларға балықшы мен балықтың айырмашылығын түсіндіре отырып, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Балалар қане ауамен демалайық. Балаларды дұрыс демалуға үйрету.
Теңіз астын тамашалап саяхаттан қайту.
Релаксация
Ойын: «Балық аулаймыз»
Мақсаты: аулаған балықтарының түстерін ажырата білуге, неше балық аулағандарын санауға үйрету.

Балалр саппен тұрып, топтан шығу

-балалар шеңбер бойымен тұрып, үш бала балықшы болады, қалған балалар балық болады. «Біз балықтар шортаңдап, ұстатпаймыз ешкімге»-деп балықтар жүзе жөнеледі. Балықшылар аулап ұстайды.
-судан бастарын бір шығарып, бір кіргізп терең дем алады.
-саппен жылан тәрізді жүру арқылы, саппен кері қайтады. (аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішімен, аяқтың қырымен) жүру тәсілдерін қолданамыз
-балалар екі топқа бөлініп қармақтарымен балық аулайды.
- әуен тыңдау арқылы балалар өздерін жақсы сезіну.

«Қане кімнің бойы ұзын»
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:бірінің артынан бірі, бой – бойымен сапқа тұруды білу керек. Жүру,сапты бұзып, қайта өз орнын табу, топпен ойнау, бауырмалдыққа үйренеді
Болу керек: Ойындарды тәрбиешінің қойылған талабы .
Істей білу керек:Жаттығулардың дұрыс толық орындай алуы,тыныштық сақтау алуды.

КММ «№25 жалпы орта білім беретін мектеп»
«Бөбек» шағын орталығы
Ольжабаева Айгүл Айтқалиқызы

«Теңіз асты патшалығына саяхат»
(ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) Тәрбие.орг сайтынан «Теңіз асты патшалығына саяхат» (ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ольжабаева Айгүл Айтқалиқызы

Пікірлер: 0

avatar