Тіл дамыту әдістемесі

  • Жүктеулер: 24
  • Көрсетілім: 482
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 10/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23081


«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту»


Дайындаған :А.Манапова






Көкшетау қаласы -2017жыл




Түсініктеме

«Жас бала жас- шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,
өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»
М.Жұмабаев

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге,адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді.Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.
Балалабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу,жаңа сөздер қамтылатындай түрлі ойындар арқылы тіл ұстарту,көру,есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру,балаларды сөйлесе білуге,сөйлемдерді дұрыс айтуға,тәрбиешінің сұрағын түсініп,дұрыс жауап беруге баулу мақсаттары көзделеді.Ересек балалар тобында бұрынғы топтарда үйренгендерін тереңдете түседі. Ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлінеді . Әр оқу іс-әрекеті сайын тақырыпқа сай түрлі суреттер,кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар бойынша электронды кітаптармен көркемдеп отырса,балалардың сөздік қоры біршама толығады деп санамін.Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып отырады.Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып отырамыз. Соның бірі «Ойын» технологиясы.Балалның танымын алғашқы күннен бастап дамытуда,оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті. Ойын дегеніміз-жас ерекшелігіне қарамайтын,адамның көңіл күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс.Ойын арқылы балалар өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Әр бала ойнау үшін алдымен ойланады,ойлана отырып ойнайды.Кез келген бала еш уақытты жалғыз ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе жүріп,пікірлесіп әсер алысады,ойынның мазмұнын анықтайды.Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Бала жалғыз ойнағанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау қабілеті болып табылады.Түрлі заттарды пайдалана отырып, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасайды,тәжірибе жинақтайды.Ойын баланы ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп дамытады,баланың ойын өрбітіп,тілін дамытып, бойын өсіреді.
Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,қиялын дамытады. Мысалы:«Аз,көп»,«Жақсы жаман»,«Қыс,жаз»,«Жоқ,иә»,Он саусақ»,«Моншақ»,«Мен бастайын,сен аяқта»,«Жалғастыр»,«Не артық?»,«Есіңде сақта» т.б.

Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту үшін негізгі мақсаттары:
• байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
• құрастыра сөйлеуге,
• сөздік қорың молайту
• фонематикалық есту қабілетін дамыту
Міндеттері:
• Ойынға, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру
• Ойын арқылы танымдық іс-әрекеттерін дамыту
• Сөйлеу,ойлау ,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру
Негізгі бөлім. Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық қызметте, шәкірт¬термен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім өз мәдениетін, біліктілігін көтеріп отыру қажет.«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында 2014 ж. маусым айында біліктілікті арттыру курсын бітіріп шықтым:
“Технология развития критического мышления в процессе преподавания предмета (предшкольные классы) ”.
Тілдерің дамыту үшін сөздік жұмыс, карточкамен жұмыс өткізілді.Балаларды топқа бөліп жұмыс өткіздім.Осы сабағымда колданылған ойындар:
Ойын. «Белсенділік жаттыгуы»
Балалар шеңберғе түрып, тәрбиешімен берген тапсырмаларын әр түрлі қимылмен, ыммен көрсетеді.
Тапсырма:
- Үлпілдек мақта.
- Ақша қар.
- Піскен, ыстық картоп.
- Ыстық тәрелкедегі сорпа.
- Кесе толы су.
- Бір уыс тары.
- Сабағы тікен райхан гүлі.
- Домалақ жіп.
- Темір ыдыстағы ыстық кофе.
- Сулы сабын.
Ойын. «Менің досым ...».
Мұғалім бір балаға доп лақтырады да, «Сенің досың қандай?» деп сүрайды, ол мұғалімге допты қайта лақтырып, өз досының қандай екенін айтып береді.
Мысалы: ренжітпейді, алдамайды, бірге ойнайды, т.с.с.
Тәрбиеші жүрекшені әрбір балага кезекпен береді,ойын осылай жалгасады .
«Таным» саласына жататын пән «ҚМТҚ» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойындар: «Жетпей тұрған санды жаз»
«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
«Қатынас» саласына жататын «Сауат ашу және жазу негіздері» пәнінде “Естісен шапалақта” ойыны
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді. «Сөзді аяқтауға көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.
«Қатынас» саласының бір бөлімі «тіл дамыту».
Ойынның тақырыбы: «Қажет суретті тап»
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс — әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш, конфет, нан, бауырсақ, ет, колбаса т.б
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші – мұғалім үлкен суретті балалардың бәрі көретіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынынң соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант, тоқаш т.б)
«Денсаулық» саласы білім беру бөлімі «дене шынықтыру» пәнінде қолданылатын ойындар көп,солардың ішінен алынған:
«Мысықтар мен қаздың балапандары» қимыл-қозғалыс ойы- нын ойнату.
«Ақ серек,көк серек»
«Шығармашылық» саласына жататын «бейнелеу өнері», «мүсіндеу», «жапсыру», «музыка» пәндері бар.
«Қуыршақты киіндіру» қағаздан қиылған киімдерді таңдап алып,қуыршақты киіндіру.
Осы мақсаттарға,міндеттерді шешу үшін мектепте материалдық-техникалық база жақсы қалыптасқан. Әдістемелік,көрнекі құралдар күннен күнге толықтырылып,жаңартылып тұрады.
ҰОІ-Ә барысында көбіне қосымша материалдар, интернет,газет-журналдар, көптеген оқулықтан өзге материалдар қолданылады.Сабаққа дайындалған кезде мәтіндер, сұрақтар,жаңа ойын,кестелер,қима қағаздар,үлестірмелі материалдар, суреттер т.б.сабаққа сай,дәлме-дәл келетіндей етіп алынады.
Ойын барысында оқушылардың тілдерін дамыту , сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті ғажайып ертегілерді,аңыздарды және т.б әдебиеттерді пайдаланамын.
ҰОІ-Ә түрлері:
• Ойын
• Әңгімелесу
• Ертегіні мазмұндау
• Рөлдік ойындар
Қорытынды бөлімінде Ыбырай Алтынсаринның сөздерін еске алайық: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»
Шынымен де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып, оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Осының негізінде мен үздіксіз ізденіс жасаудамын, өз еңбегімді байытып және ынта¬лан¬дырып, біліктіліктілігімді жоғарлатып отырмын.Болашақта барлық ізденістерімді жүзеге асырамын деп ойлаймын. Тәрбие.орг сайтынан Тіл дамыту әдістемесі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Манапова Алтын Оразовна

Ақмола облысы №2 Лицей ОМ педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar