"Тілек кемпірқосағы" ертеңгілігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 551
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20932


"Тілек кемпірқосағы" ертеңгілігі

Бастаушы Мадина: Бүгін Біз қонақтарға балалық шақ әлемінің ғажайыптары туралы сыр шертеміз. Біздің балалар осы ертегілер әлемінде қалай өмір сүргені жайлы паш етеміз. Біздің бүлдіршіндер сурет салуды өте жақсы көрді. Қолдарына бояу мен қарындаштар алса болды, ғажайып бейнелер өрнектеле береді!
Би: «Кемпір қосақтар»
Балалар жолақ маталарға тарай жүгіріп,"Түрлі-түсті кемпірқосақ" биін билейді. (Осы кезде басқа балалар кемпірқосақтың астынан жүгіріп өтеді)
Бастаушы Жұлдыз:
Балалар жазда көгалға кемпірқосақ бейнеледі,
Бейнеледі, бейнеледі. Бір кезде олар таласа бастады, Қандай әдемі түстерден кемпірқосақ тұрады?
Балалар: 1. Сары түс-жылулық төккен. Мейірім шуағы мен нұрын сепкен! Дамир Р 2. Көк және көгілдір-Бейбітшілік пен тыныштық! Марина 3. Күлгін түс-Бұл саулықтың белгісі! Темирхан 4. Жасыл түс-Құлпырған көктем. Тек ұйқымыз тәтті болсын! Айнұр 5. Ең ашық та әрі әсем-Ол әрине қызыл түс! Данияр
6. Қызғылт сары тартымды-Апелсиндей әдемі. Мерей 7. Қатар тұрып жеті түс, кемпірқосақ құрайды. Абилмансур
Бастаушы Абильмансур: Балалар күнді айнала, бейнелейді кемпірқосақты, Бейнелейді әдемілеп, бақыт әнін шырқайды.
Ән: «Қоштасу»
Бастаушы Назгүл: Кемпірқосақта жеті түс, Әуенде бар жеті дыбыс. Біз алты жыл өмір сүрдік, Балалық шақ бізге таныс. Күн шуағын төгеді, Жаңбыр сеуіп өткен соң, Кемпірқосақ шығады, Бұлттар көшіп кеткен соң. Түрлі-түсті доғалға, Қараймыз біз таңдана , Біздің барлық күніміз, Кенелді шаттық, бақытқа!


Абилмансур:
Айтыңызшы, мен қайдан келдім? - Деп сұрап ем, атамнан. - Тырна әкеп берген, сені, - Бізге деді, ардақты атам!
Жансая:
- Қырыққабат арасынан, Таптық деді әжем маған. - Вокзалдағы қорапшадан, Алып келдік дейді,-ағам.
Темирхан:
Ал, мен жақсы білемін, Анам мені туғанын, Түн ұйқысын төрт бөліп, Жаялығымды жуғанын.
Мақта жүрекшелер ұстаған періштелер билейді.
Би: «Періштерлер»
Жаялықтар киген балалар шығады.
Адият:
Телефоныңызды алып ап, Ойнадым да сындырдым. Анашым, сіз кешіріммен, Ұрысып еш сөкпедіңіз.
Анвар:
Тартпаларды ашқанмын, Бәрін жерге шашқанмын, Анашым келе жатқанда, Жинамай, тұра қашқанмын.
Әділ:
Мәз боп күліп,"Ағ-ғ" деппін, Тісім шығып, алақайлаппын, Бүгінгідей сол күнді Ұмытпайсыз Анашым!
Абылай:
Қазір бәрін білемін, Есімде сақтап жүремін. Өскен соң, ата-анамды, Мен бақытқа етемін.
Би: «Жаялықтар»
Бастаушы Абилмансур:
Қызғылт сары қызылдан кейін, Екінші жыл өтті көркем!

Айнұр: Әрбір күн, әр сағат, Бізге думан таусылмас, Күн шуағын төккенде, Күміс күлкі сарқылмас. Құстар әнге салғанда, Гүлдер жайнап өскенде,
Ән: «Түрлі-түсті әлем» (Радуга орысша)
Бастаушы Назгүл:
Қызғылт сары түстен соң, Сары жолақ тұрады.
Ал, балалар үш жаста,
Бойлары өсіп, өздері,
Бәрін істей алады.
Күн жолмен жүгірді, Нұрын шашып көңілді. Нұрға оранған балалар, Бұршақ биін билейді. Бұршақ жинап билеуден, Шаршауды олар білмейді.
Би: «Түрлі-түсті бұршақтар»
Бастаушы Абилмансур:
Бұл жаңа жолақ шалғыннан да жап-жасыл,
Жүз сұрақ қойса да, талай сұрақ алда тұр, Төртке толған, балақайлар, өздерің, "Негештерміз-біз!" деп ылғи атап жүр.
"Негештер"әнін орындайды. «Почемучки»
Бастаушы Назгүл:
Ал, біз кемпірқосаққа саяхат жасаймыз. Орта жолда көгілдір түске келіп тоқтаймыз.
Балалар:
Снежана:
Біз аналарымызды қуантамыз, Өсіп ақыл-ой мен санамыз. Өткен күнмен құсша қанат қағамыз, Жыл артынан жыл өткізіп барамыз.
Марина:
Жайдары жаз ойынменен өтеді, Күз де келіп, мектеп бізді күтеді, Қай мектепке барамыз, әлі біз білмейміз, Оның бәрі ата-ана шешеді.

Ортаға 3ұл бала шығып өзара әңгімелеседі. 1-бала Мансур: Сәлем, достым! Қалың қалай? Қай мектепке барасың? 2-бала Ескендир: Өз ауданымдағы жай мектепке барамын. Ал, сен ше? 1-бала Мансур: Ал мен, достым инновациялық мектепке барамын! 3-бала Мерей: Не дедің? Қайталашы, қандай мектеп, бұрын соңды естімеппін.
1-бала Мансур: Қайтадан?? Айта алмаймын! 2-бала Ескендір: Түсіндірші, ол мектепті? 1-бала Мансур: Ол жай мектеп емес! Онда бар бизнес-класс, компьютер, одан да басқа күлдіргілер! 3-бала Мерей: Масқара...!!! Охо, нағыз мектеп екен, онда. Сонда шіркін оқыр ма еді!?
1-бала Мансур: Байқаудан өтсең болғаны. 2-бала Ескендір: Егер өппей қалсаң ше? Не болады сонда??? 1-бала Мансур: Олай деме, достым! Сен менің ата-анамды білмедің! 3-бала Мерей: Ондайды біз білмеппіз! Ортаға жүгіріп қыз шығады:
Жансая:
- Сендер де ештеңеден құр қалмайсыңдар. Бар мектепте жаңа технологиялар . Біздің бала мінезімізге лайықты, Әр мектепте бар тамаша сыныптар. 2-бала Ескендір: Мүмкін емес, бұл деген-тегін емес?! Қыз Жансая: Барлық жерде өзгеріс, жаңашылдық-төңкеріс, Оқытуға біздерді, арналған ғой, 21 ғасырда. 3-бала Мерей: Сен де соған барасың ба, күшті білім аласың ба?
Қыз Жансая: Егер маған сенбесең, таңданбай, Бәрін-бәрін сұрағайсың, ұстаздан-ай!
Жалпы би:
Бастаушы Абилмансур:
Армандауды әрі қарай жалғастырамыз. Әрқайссымыз кім боламыз-ойланамыз, табамыз.
1-бала Ратмир:
Біз ақылды баламыз, Білім алуға ұмтыламыз, Өте ақылды болу үшін, Шет елге де барамыз. 2-бала Айнұр:
Мен "Топ-модель"болуды армандаймын, Бірақ, әжем айтқандай, ап-арық бола алмаймын.
3-бала Дамир Р:
Цеснабанк басшысы, Болсам деймін мен дәйім, Бар әлемді аралап, Көрсем деймін жер шарын, Барған жерден анама, Күнде хабарласамын, Анама арнап сыйлықтың, Әкелемін талайын. 4-бала Дамир М:
ТЖМ-да еңбек етіп, Құтқарушы боламын. Адамдарды апаттан, Аман алып қаламын.
5-бала Мерей:
Мен өскенде бой жетіп, Бірден тұрмыс құрмаймын. Сол уақытта қалаймын, Бәрінін менде болғанын. Көлігімде жүйткіген, Болатынына мен сенем,
Жанар Дұғаловадай, Әнші болам ел білген.
Би: «Полька»
Жүргізуші: Шаршап тұрған боларсыңдар, кәне ойын ойнап сергіп алайық.
Ойын: «Тихая эстафета» — передать погремушку так, чтобы ее не было слышно» кім ойыннан (ата-аналармен)
6-бала Данияр:
Ал, өскенде мен-мына,
Барамын үлкен фермаға,
Балалар: (таңырқай)-Фермаға!? 6-бала Данияр:
- Ой, шатастым, фирмаға,
Елге қызмет жасауға. 7-бала Ескендір:
Мен-Крутой-Ди-джей боламын, Музыканы таңдап қоямын. "Мұз-арт"-пенен қосылып, Өзім де әнге саламын. Орындалып арманым, Өнердің мінем-тұлпарын.
Барлық жұртты қаратып,
Айдардай әнші боламын! 8-бала Назар:
Мен боламын-Шоумен, Сақал-мұртым өскен. Дөңгелекті айналдырып, Көрерменге сыйлық берем!

9-бала Әділ:
Мен де "Жұлдыз"боламын, Әсем әнге саламын. Бәрі мені біледі, Концертке шақырып жүреді. Сахнада ән салып, Мың бұрала билеймін, Анама әкеп беремін, Көрерменнің берген гүлдерін.
10-бала Снежана:
Сендер достар шетіңнен. Әнші болып кетсеңдер. Мына біздей балаға, Тәрбиені кім берер? Сондықтан, мен боламын, Тәрбиеші апайдай. Көп нәрсені үйреткен, Шаршамастан балаға.
11-бала Темирхан:
Жарайды сен де,..... айтасың-ау, Мына біздей баламен , Жұмыс жасау оңайға, Түспейтінін неліктен, Сен әлі ұқпапсың- ау? 12-бала Абилмансур:
Мен елбасы боламын, Ең негізгі-арманым. Балабақшалардың бәріне, Ұшақтар әкеп қоямын. 13-бала Адият:
Біз сіздерге арнаймыз, Өлеңді де, әнді де, Қол соғып, қуаныңыздар, Көңілімізді көтере.
Бәрі бірге:
Сіздер бізге тәрбие берген, Қорықпаймыз ештеңеден.
Ән: «Тәрбиеші»
Бастаушы Назгүл:
Міне осындай-біздің балалар,
Бәрін танып білуге тұрар даяр. Тек тілейміз енді біз,
Нұрлы жол мен сәтті сапар!
Бастаушы Жұлдыз: Ал, қазір біз, ойын ойнаймыз. Өскенде кім болатындарыңызды анықтаймыз. Ойын: «Надуть самый большой шарик» балалармен
Бастаушы Жұлдыз:
Кемпірқосақтың бес жолағынан өттік,
Міне, енді көк жолағына жеттік.
Бала Анвар:
Мен көк жолақтан әуен-сазымен, жүгіріп өтемін, Естігім келеді, дыбыстың аспанға қалықтап кеткенін. Ешқашан ұмытылмас, балабақшада өткен, Қызыққа толы қыс, жаз, күз, көктемім.
Бастаушы Абилмансур:
Алты жолақ жүріп өтіп, күлгін түске біз келдік. Көп нәрсені танып-біліп, өзге тілді үйрендік .
Уақыт келді, сіздер көрер, өткен жылдар, Не үйретті, нені игердік, не білдік?
Ағылшын тілінде өтеді. (Айым )
Ағылшынша ән:
Бала Ратмир:
Мы по радуге прошли, все цвета ее нашли.
За семь лет и семь дорожек поумнели, подросли.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші Мадина:
Ойын: «Қай топ тез сөз құрайды» мектеп, тәрбиеші, мұғалім. (ата-аналармен)
Бастаушы Мадина:
Біз балалық шақпен қоштасамыз ба?
Балалар: Иә! Бастаушы Жұлдыз:
Біз мұңайып қалмаймыз ба?
Балалар: Жоқ!
Бастаушы Жұлдыз:
Жазды жақсы өткіземіз бе? Балалар: Иә, тамаша! Бастаушы Мадина:
Ал, күзде мектепке барамыз ба?
Балалар: Иә! Барамыз!
Олай болса барлығымыз ата-аналарымызбен бірге би билейік.
Би: «Флешмоб»
Жүргізушілер:
Мадина: Құрметті ата-аналар!!! Осымен қоштасу сәт келіп қалыпты.
Жұлдыз: Сары үлпек балапандай есік ашқан балаларымыз міне мектеп табалдырығын атталағалы отыр, жолдары ақ болсын!
Мадина: Еліміздің білімді азаматтары болып, сіздерді қуанта берсін.

Бастаушы Назгүл:
Қоштасу сәті таянғанда,
Қарап тұрар уақыт бар ма? Тосын сыйды қабылдап, Жетістікке жетелер, Шыңдарға да көтерер, Бақыт шарын алыңдар,
Шарларыңмен қалықтап, Биіктерге самғап, ұшыңдар!
Балалар:
Бір,екі,үш!
Балалық шақтың шарлары,
Қалықта, қалықта, қалықта!
(Балалар шарларды алып, ұшыруға далаға шығады) (Шарларды жібереді)
Соңы. Тәрбие.орг сайтынан "Тілек кемпірқосағы" ертеңгілігі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касенбекова Жулдыз Сериковна

Пікірлер: 0

avatar