Туған елдің Қыраны

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 430
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22527


Куспанова Назымгул Кобландиевна Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы,
Сырым ауданы Қосарал ауылы
Сырым орта мектеп-балабақша кешені интернат тәрбиешісі

Туған елдің Қыраны
Мақсаты:Қазақ елінің танымал жазушысы,ақыны,аудармашы,жерлес ағамыз Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев шығармаларын насихаттау,кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасын жеткізу.
Көрнекілігі: Қадыр ақынның өмірі мен шығармалары туралы суреттер,кітаптар,ақын туралы өзге ақындардың,жазушылардың жазған пікірлері.
Тәрбиеші: Біздің мақтанышымыз,айтулы ақын,жазушы,аудармашы жерлес ағамыздың шығармашылығына арнап өткізіліп отырған «Туған елдің Қыраны» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміз аудармашы,публицист,қазақтың дарабозы туған елге деген сүйіспеншілігін,сөз бостандығын,үлкенді құрметтеу,кішіщге қамқор болуды өмірінің соңына дейін жырлап өткен.»Қазақтың Қадыры» атанған ағамызға арналып отыр.
Ақын қаламынан төгілген кестелі жырлар кейінгі ұрпаққа өнегелі де,өміршеңдігімен жалғасып келеді.Бір өлеңі екіншісін қайталамайтын ерекшелігімен қазақ поэзиясында алдыңғы қатардан көріне білді.
2-жүргізуші:Қадыр Мырза Әлі 5 қаңтар 1935 жылы Орал қаласы,Жымпиты ауылында дүниеге келген.1958 ж Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген.Еңбек жолын «Балдырғаннан»бастап, «Жұлдыз» журналы редакциясында поәзия және сын бөлімінің меңгерушісі,жауапты хатшы,бас редактордың орынбасары,1968-73 ж.ж «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі,«Балауса» баспасының редакторы,,Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1-жүргізуші:Ақынның тұңғыш жинағы «Көктем»1959 жылы жарық көрді.1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілсе,1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан»сыйлығын алған.
Жерлес аға өлең жазумен қатар ,орыс ақындарының шығармаларын аударып әлемге танылған.1993 жылы әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін монғолияның халықаралық «АВЬЯС»сыйлығын алды.
Қадыр Мырзалиев туралы слайд көрсетіледі.
2-жүргізуші: Болмасам да елге мәлім зиялы,
Бауырыңмын ешкімге жоқ зияным,
Жан емеспін бөрліктірер жиынды,
Жарты адамның орынына сыямын.-деп жырлаған ақынның кеңпейіл,билікке ұмтылмайтын,кемеңгер кемел жан екенін көреміз.Ақын жырларына кезек берейік.
«Мен ақынмын», «Ақылды адам тоқтар сөзге аталы», «Бұл сөзімді жай сөз деме..», «Жетіп жатыр лебізің» өлеңдері оқылады.
1-жүргізуші: Кіндік қаны тамған,балалық шағы өткен туған жер ақындар үшін әр кезде де жыр тақырыбына негіз болары анық.Сонымен қатар,Қадыр ақын нағыз қазақтың жомарт,ақкөңіл,қонақжай екенін бүкіл әлемге паш етті.
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы», «Сен далада жаяу жүріп көрдің бе?», «Дала қайда?», «Қастерлесең дала деген ұлы үйді»(т.б бір топ өлеңдері) оқылады
«Тамаша»әні орындалады.
2-жүргізуші. Адамдықты,адамдық қадір-қасиетті,намысшылдықты,достықты өлеңдерінде өзекті тақырып етіп жырлаған.
«Бүкпейтін менің бар сырым..», «О,өмір!», «Ар-ұяты қалмаған..», «Досым болсаң қасіретімді,дертімді ұқ!.(мәнерлеп оқылады)
Жерлес ақын туралыестеліктерден ол кісінің ойшылдығымен қатар,әзілге де жақын жан екенін білеміз.Бір туған елге сапарында мәдениет үйі алдында жазылған «Қадыр Мырза Әлі 70 те» деген сөзді оқыған ақын:
- Қадыр Мырза әлі 70 те ме?-деп айналасындағыларды ду күлдірген екен.
1-жүргізуші: Қасым Аманжолов өзі туралы «Өзге емес,өзім айтам өз жайымда» десе,ақын өзі туралы:
Парасатқа бас игеннің досымын,
Панасыздың бас сауғалар досымын.
Ал біреулер тыжырынып мен десе,
Дейді ыза боп:
«Несі мықты осының?!»-дей келе,
Мықтылығым емес менің-
Мені оқу
Оқырманның осалдығы демексің!-деп жауап қайтарған.
2-жүргізуші: Шын мәнісінде ақын өлеңдерін оқи отырып,сиқырлы өлең жолдарының арбауына еріксіз түскендейсің.Ақын өлеңін оқып,өз өмірің туралы тебіренбеу,ойға қалмау жырсүйер қауымға жат қылық дер едік.
Қорытынды: Қадыр ақын соңында қалған ұрпағына мол мұра қалдырып кетті.
Жырсүйер ұрпағы бар да,қадірлеп қастерлейтін елі бар да Қадыр аға ешқашан да ұмытылмақ емес.
Өшпес мұра қалдырдың,
Қадыр ақын!
Кеңпейілді жомарт жан,
Дара ақын!
Өлеңіңді жүрекпен жеткізетін,
Көбейсін тек,жырсүйер ұрпақтарың!-дей келе, жас буынның,біздер мен сіздердің ақын мұрасын сүйіп оқып,келер ұрпаққа жеткізетінімізге сенімдіміз!
«Қазақ осы» әні орындалады. Тәрбие.орг сайтынан Туған елдің Қыраны Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куспанова Назымгул Кобландиевна

Пікірлер: 0

avatar