"Туған елімді сүйемін!"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 304
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22543


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Жаманкараева Ширин Жанабаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім саласы: Әлеумет
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Туған елімді сүйемін!
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуілсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл - күйлерін көтеру.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша, әңгіме құрастыру, сүрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: Республика, рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс тұлпар, бәйтерек сөздері алынады.
Көрнекілік: Қазақстан Респуликасының мемелекеттік рәміздері.
Қызмет кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең:

Қуанайық, шаттанайық балақай!
Аспанда күн жарқырайды, алақай!
Атқан таңға иіліп, бір сәлем беріп,
Бақыт тілеп бір - бірімізге осындай.
Қайырлы күн қонақтыр!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең:
Қолында қамшысы бар бала атқа мініп сүйінші, сүйінші Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болды, деп жүгіріп кіреді.
Тәрбиеші сүйіншісін береді.
Қазақстан Ресаубликасының мемлекетік Әнұранын орындайды.
Әнұран. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Ресаубликасы.
Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған - туыс, бауырымыз, ауыл - қаламыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Ермек Өтетілеуовтың. Отан.

Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен
Бабамызбен атамыз.

Отанды
Жас, кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені, онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз
Отан деген – Атамекен
Отын деген - туған жер
Отан - Ана
Отан - үлкен
Қазақстан туған ел.
Тәрбиеші: Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада?
Балалар: Астана қаласында.
Тәрбиеші: Астана - қандай қала?
Балалар: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәрбиеші: Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы.
Балалар: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Тәрбиеші: Ал енді, рәміздерді сипаттайық.
Туымызды қалай сипаттайсыңдар?
Балалар: Қазақстан Мемлекетінің Туы көгілдір түсті. Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі. Күн - байлық пен берекені білдіреді.

Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Тәрбиеші: Елтаңбамыз туралы не айтамыз?
- Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат - адамның қанаты. Шаңырақ үлкен ортақ үй деген түсінік береді.

Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елімнің
Елдің тыныш тірегі.
Қазақстан Республикасының мемлекетінің Әнұраны туралы не айтасыңдар?
- Әнұран - салтанатты ән. Мемлекеттік әнұран - егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбаның сазды баламасы.
Тәрбиеші:
Балалар бізге «Білім елінен» хат келді, онда тапсырмалар берілген.
1. Қазақстан Республикасының қандай қалалрын білесіңдер?
2. Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Рефлексивті-түзетуші кезең:
Балалар, біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын! Т. б.
(Балалар алдын ала дайындап қойған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтағы орналастырады. )
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер. Тәрбие.орг сайтынан "Туған елімді сүйемін!" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаманкараева Ширин Жанабаевна

ОҚО Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar