Туған күндер кешінде

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 477
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18516


Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту. Балаларды адамгершілікке,досттыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар, тақпақтар,өлеңдер айтқызу.
Құттықтаушы: Сәлем достар!Мен құттықтаушымын. Біздің сүйікті мерекеміз – бұл...
Балалар : Туған күн.
Құттықтаушы: Сондықтан мен сендермен бірге туған
Күнді тойлаймын.
Туған күн бүл тамаша
Би билейміз жараса
Туған күнде ән салып
Көңілденеміз шаттана
Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз:
1.Жабагина Диана -топтағы ең белсенді баланың бірі.Өзі сондай сыпайы, салмақты, сүйкімді жандарымыздың бірі .Диана 4 жаста.
2.Оспанрва Ырысты- тобымыздың инабатты, ибалы, сыпайы,тартымды кішкентай аруымыз 5 жасқа толып отыр.
Ән:«Туған күн»
Би: Шарлар.
Құтықтаушы:
Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күнін достардың
Бірге қарсы аламыз - Ерасыл.
Туған күнін достардың
Зор қуаныш көреміз.
Ортаға алып би билеп.
Ән де салып береміз.- Әйбат.
Туған күнді тойлаймыз.
Қызықты ойын ойнаймыз.
Қолдан жасап ойыншық
Досымызға сыйлаймыз – Айна.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Бәрімізге мереке –Айдан.
Балалар: Туған күніңмен.
Құтықтаушы: Қанекей балалр қараңдаршы тағыда біздерге қонақтар келген сияқты.
Құтықтаушы: Балалар біздің аспазшы сіздерге дәмді торт дайындап жатыр
Аспазшы: Мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын. Туған күндерің құтты болсын балақайлар.
Ойын: «Кім тез»
Ойын: «Каравай»
Сиқыршы: Сендерге менім көмегім керек болып жатқан сияқты.
Сюрприз: Үлкен кәмпит.
Құтықтаушы: Үлкен сиқырлы кәмпиттің ішінен туған күн иелеріне сиқырлы силықтар шығуда.Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз.
Құтықтаушы: Балалар тағыда не жегілерің келеді?
Балалар: Торт.
Құттықтаушы: Туған күн иелерін ортаға шақырайық.Енді Бәріміз үрлиік.
Құттықтаушы:
Туған күнің құтты болсын балақай,
Қуаныш пен шаттық бағын аралай,
Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,
Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай. –
деп балалар туған күн кешін би мен ойынмен аяқтайды. Тәрбие.орг сайтынан Туған күндер кешінде Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы

"Құлыншақ балалар бақшасы" "Балапан" тобының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar