Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Туған жер !
  • 11.01.2017
  • 94 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20942

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы
«Мөлдір» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
Жубаниязова Гулжайнар Саматовна

Тақырыбы: «Туған жер – алтын бесігім!»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:
-Бөбектердің туған жер, отан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
-Адам өміріндегі ең қымбат құндылықты қастерлеуге, құрметтеуге баулу арқылы атамекеніне деген баланың сезімінің үлкен махаббатқа ұласуына жол ашу.
-Туған жердің табиғатын бейнелеу арқылы табиғат байлықтары туралы түсінікті саналарына сіңіру.
ҰОІӘ кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Кереге болып керіліп,
Дөңгелене тұрайық
Уық болып шаншылып
Ағаш үйді құрайық. (балалар қимылмен орындайды)
Келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар. Күз мезгілі неше айдан тұрады? Атап өтейікші.
Балалар: Үш айдан тұрады, олар: Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? Күз байлықтарын айтайықшы.
Балалар: Күн суытады, жаңбыр көп жауады, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде егін жиналып, көкөністер піседі.
(Осы кезде есік қағылып саяхатшы келеді)
Саяхатшы: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен саяхатшымын. Мен көптеген мемлекеттерді аралап саяхаттап келемін. Мен адасып қалдым. Қолымдағы картам жұмыс жасамай қалды. Маған көмектесеіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар, саяхатшы ағайға көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сендерге сұрақ қояйын.
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының астанысы қай қала?
-Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Біз қай облыста тұрамыз? –Біздің ауданымыз қалай аталады? –Біздің туған ауылымыз қалай аталады?
Балалар:
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Астана.
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылында тұрамыз.
Тәрбиеші: Балалар біздің ауылымызда қандай нысандар бар?
Балалар: Өзіміз тұратын үйлер, мектеп, балабақшамыз және де емхана, мұнай шығаратын заводтар бар, ол жерде әкелеріміз жұмыс жасайды.
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Тәрбиеші: балалар, енді біздің ауылымызға қандай нысандар жетіспейді? Мысалы: (кітапхана, мәдениет үйі, спорттық алаңдар) Ендеше балалар барлығымыз бірігіп ауылымызға кітапхана салайық.
Қимылды ойын: «Құрылысшы»
Тәрбиеші: Саяхатшы сізге біздің балалар көмектескен сияқты. Сіз қай мемлекетте және қай ауылда екеніңізді түсінген боларсыз.
Саяхатшы: Көп-көп рахмет сендерге балалар. Қазақстан Республикасы мемлекеті туралы және сендердің туған ауылдарың жайлы көп мәліметтер жинадым. Сендермен бірге өткізген уақытым қызықты сапар болды мен үшін.
Тәрбиеші: Балалар, ендеше саяхатшы ағаймен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: балалар, ендеше туған жерімізге арнап тақпақ айтайық.
Тақпақтар:
Мұрат Айару.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем?
Еркебай Ақжібек.
Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем?
Жамбыл Мерейлім.
Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін
Хор: Ән «Туған жер!»
Қорытындылау: Сұрақ – жауап.
Келген қонақтармен қоштасу. Тәрбие.орг сайтынан Туған жер ! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жубаниязова Гулжайнар Саматовна

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Саға ауылы "Мөлдір" балабақшасы МКҚК тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 94 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar