Қуыршақтар әлемі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 281
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21663


Ортаңғы топта өткен ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

[b]Білім беру саласы:[/b] Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қуыршақ»
Мақсаты: Балаларға өлеңді оқып беру арқылы кейіпкер әрекеттері мен мінез құлықтарын талдауға, оларды іс - әрекеттеріне сәйкес бағалауға үйрету. Сыпайылықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырып бойынша суреттер
Әдіс - тәсілі: Мәнерлеп оқып беру, сұрақ - жауап, ойын.

Оқу қыметі кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Топтық жиын:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шыққай бүгін күн!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимыл - қозғалыспен көрсетеді, сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық - ізденімпаздық

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балаларға жұмбақ жасыру:
Бөбектердей бүлдіршін,
Киініп тұр бір мүсін.
Ол қаз басып жүрмейді,
Сөйлемейді, күлмейді. (қуыршақ)
Осы кезде есік қағылады.
- Сәлеметсіздер ме! Бұл «Айгөлек» тобы ма? Мен «Ойыншықтар әлемінен» тапсырыстарыңызды алып келдім.
Қораптағы сыйлықты тапсыру арқылы тосын сәт ұйымдастырылады.
- Балалар, тобымыздағы Ағжанның келе жатқан туылған күніне сыйлыққа тапсырыс берген болатынмын.
- Қандай ғажап! Қандай сыйлық беріп жіберді екен, ашып көрейік.
Сыйлықты ашу.
- Балалар, қандай сыйлық екен?
- Дұрыс айтасыңдар, қуыршақ қандай әдемі.
Оның қолындағы не нәрсе екен?
Сиқырлы таяқшаға ұқсайды екен, қуыршақты түртіп көрсек қайтеді.
Қуыршаққа жан бітіп, балаларға билеп береді.
- Балалар бүгін көркем әдебиет оқу қызметінде «Қуыршақ» өлеңін мәнерлеп оқимыз.
«Қуыршақ»
Апам маған дүкеннен,
Бір қуыршақ әкелді.
Ерегіспес үлкенмен,
Мазақтамас бөпемді.
Ойнатамын оны мен,
Жылатпаймын түртіп те.
Ең жақсысы менімен
Таласпайды кәмпитке.
Балаларға өлеңді оқып беру, мазмұнын түсіндіру.
Көрнекілікпен жұмыс.
Сурет бойынша қуыршақтың әрекеттері мен мінез құлықтарын талдау, оларды қарым - қатынас ережелеріне сәйкес бағалау. Өзін - өзі мәдениетті ұстаудың қарапайым дағдыларын әңгімелету.
Балалар қуыршақтың іс - әрекетін әңгімелейді.
Балаларға өлеңді жеке - жеке қайталатып айтқызу.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қане қанат жаяйық,
Қарлығашқа ұқсайық,
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық
- Балалар, енді қуыршақпен бірге ойын ойнап көңілімізді көтерейік.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақпен туған күн тойлаймыз».
Ойын шарты: Қуыршақпен туған күн тортын бөліп жеу, жақсы тілектер айтқызу, бір - біріне сыйластық, қайырымдылық дағдыларын қалыптастыру.
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтуы.
Жұмбақты шешуі.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Балардың қимылы.
Рефлексивті-түзетуші кезең
Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: кейіпкердің әрекеті мен мінез-құлқын талдай біледі.
Меңгереді: Өлеңді қайталап айтуды меңгереді. Тәрбие.орг сайтынан Қуыршақтар әлемі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенбай Айнур Сапабековна

ОҚО Шымкент қаласы №60 "Тараз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar