X дыбысы және әрпі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 573
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18946


Тақырыбы: X дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сөз, сөйлем жайында түсінік - терін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Дыбыстардың айтылу артикуляңиясын дұрыс меңгерту. Жазу дағдысын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жүмысы.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
I. Кіріспе әңгіме өткізу.
Педагог алдыңғы сабақтарда өтілген дыбыстар туралы алған білімдерін «Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны арқылы пысықтайды.
Мысалы: а - алма, д - доп, дос, дойбы, дөңгелек, қ - қияр, қарбыз, қала, с - сағат, сағыз, т.б.
II. Негізгі бөлім.
1. Жұмбақтар шешу.
Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Жүрмей тұғын жолы жоқ. (Хат)
Сәлем алып алыстан
Туысынан таныстан,
Келе тұғын хат, хабар
Қай әріптен басталар? (X)
Дәптермен жұмыс.
Хат, дәріхана, шахмат сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы х дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне х дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы. Педагог х әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.
Дәптерге үлгі бойынша х дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
Торкөздегі х дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сөйлем құра тапсырмасын орындайды.
Суреттегі заттардың аттарын атап, сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Хат, хор, шахмат.
Хат деген сөзде үш дыбыс бар. X дыбысы сөздің басында келіп түр.
X -дауыссыз, а - дауысты, т - дауыссыз.
3. Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызу. Мысалы: хор, халат, т.б.
4. «Неше сөз бар?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог немесе балалар құрамында х дыбысы сөзді қатыстырып, бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлем ішінен х дыбысы бар сөзді табады және сөйлемде неше сөз бар екенін анықтайды. Мысалы:
- Мен ағама хат жаздым.
- Бұл сөйлемде төрт сөз бар.
- Ауылдан хабар келді.
- Үш сөз бар.
X дыбысы бар сөз дерге дыбыстық талдау жасау.
5. Жаңылтпаш жаттату.
Хабиба сөмке көтерген, Хат-хабар күнде әкелген. Хатипа мен Қанипаға, Қамарға Харьковтегі Хамит аға Хат жазыпты. Хабарла!
Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.
III. Қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы х дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Алмабекова Роза Тәрбие.орг сайтынан X дыбысы және әрпі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алмабекова Роза

Пікірлер: 0

avatar