Қыс мезгілі көңілді!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 224
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22555


Қыс мезгілі көңілді!
Мақсаты: Қыс мезгілі жайында балалардың білімін одан әрі жетілдіру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету сөздік қорын молайтып тілін дамыту.
Сабақтың әдіс тәсілдері:
Жаттау, сұрақ – жауап ойындар ойнау, әңгімелесу, сүретпен жұмыс жасау.
Көрнекіліктер:
Қыс мезгілінде шанамен сырғанып жүрген хоккей ойнап жатқан шанғы, коньки теуіп жүрген балалардың сүреттері.
Екі топтың атаулары жазылып плакат көңілді және көңілсіз күннің бейнесі.
Тәрбиеші:
Балалар « Сәлем сөздің анасы » Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Сондықтан алдымен қонақтар мен амандасып алайық.
Балалар
Қайырлы күн досым
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн міне
Қуанышқа толсын!
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Тәрбиеші:
Балалар мен бүгінгі сабағымды жұмбақ жасырумен бастағым келіп тұр!
Менің жұмбағымды шешуге дайынсыңдар ма ?
Балалар: иә иә.
Тәрбиеші:
Аяз қысып
Өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып
Бет домбығып
Сырғанып балалр ойнады
Кейде ұлып
Кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады
Бөбек терім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде .
Сұрақ – жауап.
Балалар шырша қай жыл мезгіліне байланысты?
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
Осы кезде топқа ақырып аю кіріп келеді.
Аю: Қайсысың мені тәтті ұйқымнан оятқан? Ой мынау балалар ғой, балалар, мен қайда келдім?
Ал енді мені тәтті ұйқымнан оятқан екенсіздер, маған қыс мезгілі қандай болатынын айтып беріңдер.
Балалар ,мені танитын боларсыңдар, мен қандай аңмын?
Ия, мен аюмын, мен орманда өмір сүремін.
Балалар, мен сендер айтқандай, жаз бойы бал жинап жеймінде, қыста тәтті ұйқыға кетемін. Сондықтан да қыс мезгілі қандай болатынын білмеймін.
Балалар, маған қыс мезгілі қандай болатынын білуге көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә-ә-ә.
Тәрбіеші : Жарай сындар балалар, біз әрқашан да бәріне көмектесуге дайынбыз. Біз тату, дос балалармыз. Онда балалар біз бір қызық ойын ойнаймыз.
Ойын : «Қыс мезгілі»
Балалар мынау ненің сүреті?
Көңілді күліп тұрған және көңілсіз тұрған күннің сүреті екен. Артында қорапша бар.
Шарты : Қыс мезгілінің қандай болатынын айтып мына қорапшаға саласыңдар. Егер жақсы жағын айтсаңдар мына көңілді күннің қорапшасына өзіне ұқсайтын күліп тұрған белгісін саласыңдар.
Жақсы жағы, жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, ақша қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз.
Жағымсыз жағы: қатты аяз болады, суық жел турады, аң, құстарға жем табылмайды.
Тәрбиеші: Бүгін біз осы көнілді қыс мезгіліне байланысты әр түрлі тәсілдер арқылы тақпақ жаттайтын боламыз .
Сабаққа тәрбиеші апайларымызда қатысып білімдерін сынағысы келіп отыр екен . Ендіше балалар, екі топқа бөлініп тақпақ жаттап көрейік .
Балалардан құралған «Аққала» тобы , «Аққырау» тобы.
Тәрбиеші :
Жаттайтын тақпағымыздың аты: «Қыс мезгілі көңілді»
Қыс мезгілі көңілді ,
Аспаннан ақ қар төгілді,
Шанамен біз ойнаймыз,
Шаңғы теуіп зырлаймыз!
Тәрбиеші: балалар және қатысып отырған тәрбиеші бірге қайталайды.
Тақпақ 3 тәсілдің комегімен жатталады.
1 –тәсіл : «Сүретке қарап айт»
Тәрбиеші сүретті көрсете отырып, жаттайтын тақпақтың жолдарын табуға болатынын айтып, тұсіндіреді.
1. Қыс мезгілі көңілді ( коңілді қыс мезгілінің сүреті)
Қар жауғанда тап бала
Соқтық келіп аққала
Мұрнына сәбіз, үп- үшкір,
Көзі көмір, қап –қара.
2. Аспаннан ақ қар төгілді ( аспаннан ақ қардың жауып жатқан сүреті)
Далада қар борайды
Ақ мамық орайды,
Мұз болады қатады,
Жып –жылтыр боп жатады.
3. Шанамен біз ойнаймыз ( шанамен ойнап жатқан балалардың сүреті)
Шанамен зырғып желетін,
Шанғы коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қыс мезгілі көңілді
4.Шанғы теуіп зырлаймыз (шаңғы теуіп жүрген балалардың сүреті)
Сырғанаққа мығымыз
Шыныққанбыз шымырмыз,
Таудан төмен сырғанап,
Біз тебеміз сырғанақ

2-тәсіл: «Көңіл күйді айт»
Кол маторикасын дамытуға арналған жұмыс.
Тәрбиеші екі топқа күннің сүретін береді (күннің шуақтары болмайды)
-Балалар күн бізге шуақ шашып тұру керек екен. Ал міне күннің шуақтары жоқ.
Қәне, балалар күннің шуақтарын жабыстырайық.
Балалар көңілді күннің бейнесіне қарап тақпақ айтады.
«Аққала» тобы тақпақты көңілді айтады.
«Аққырау» тобы тақпақты таңдалып айтады.
3-тәсіл: Мимикалық тақпақ.
Тәрбиеші балалара қыс қызықтарына байланысты тақтақ жазылған қағазды береді. Екі топтың балалары мимика арқылы тақпақтарын айтып береді.
Аюда риза болып, орманнан теріп алған ақша қарларды сыйга тартады.
Тәрбиеші :Балалар су қыста қатып қалса неге айналады? – Мүзға айналады
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Даладағы мұзды жеуге болмайды екен, ол мұздай.
Ал мен сендерге. Балалар мұзға ұқсайтын тәттә мұз кәмпиттерді сыйға тартқым келеді
- Мінә, балалар, «Қыс мезгілі көнілді» тақпаған әр тұрлі тәсілдердің көмегімен жаттап алдық.
Екі топтың балаларын сабаққа, белсене қатысқандары үшін мақтап-мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Қыс мезгілі көңілді! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Розбаева Нигора Насруллаевна

Пікірлер: 0

avatar